Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы

20 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Б. Әбдіразақов атындағы №88 орта мектеп мұғалімі
Батырхан Нұрымбет

Тұңғыш президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған Б. Әбдіразақов атындағы №88 мектептің «Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы» атты әдеби - музыкалық салтанатының бағдарламасы.
Жігерлі, көңілді музыка ойналады:
Ортаға әскери шеру кіреді: (Алмас) Туды алып айналып шығып бір шетке орналасады.
«Қазақстан республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!»

Музыка фонында екі жүргізуші шығады:

Береке мен бірліктің қалқаны нық,
Киелі елдің әрдайым әр таңы құт.
Қасиетім әрқашан бас иетін,
Армысыздар, ағайын, алқалы жұрт.

Өнерсіздің оты жанып, сөнер демде,
Өнерпаздың нұр жүзі көнерген бе?
Әз халқым, ардақтайтын арым менің,
Сәлем бердім көзайым көрерменге.

Әр тасың, әр белесің жылы маған,
Туған жердің тоя ма жырына адам.
Тұлпарлар дүбірлеткен ұлы далам,
Қазақстан - менің елім!

Қойнауынан қазына сарқылмаған
Әр сүйемі киелі алтын далам
Күн сайын, сағат сайын қарқындаған
Қазақстан - менің елім!

Жарқыраған биікте жұлдыздары
Асқақтаған Алатау - шың құздары
Өркендеген өрелі ұл - қыздары
Қазақстан - менің елім!

Ұлдары ғарыш көкте шарықтаған
Еңбегімен дән теріп жалықпаған
Әнұраны аспанда қалықтаған
Қазақстан - менің елім!

Береке мен басынан бақ таймаған
Ұландары жүректен от қайраған
Биікте желбіреген көк байрақ - ән
Қазақстан – менің елім!

Шайқалмаған тарихтың дауылына
Мүше болған әлемнің бар қауымына
Көп ұлтты басқан ұя - бауырына
Қазақстан – менің елім!

Салт - дәстүрі бай халқым - жойылмаған
Қойнауы құт - береке сайын далам
Елбасымды бүкіл әлем мойындаған
Қазақстан - менің елім!

Сызат түспей бар ұлтпен бірлігіме
Қуат берген Ақ орда тірлігіме
Жасампаз, бар аймаққа үлгі міне
Қазақстан – менің елім!

1 - ж. Тағыда армысыздар ардақтыда, құрметті салтанат қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Биыл міне бірінші рет аталып өтіп жатырған тұңғыш президент күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!....... Йя, Елбасы - бұл біздің демократиялық мемлекеттің негізгі толағай тұлғасы, тәуелсіздіктің тұғыр тірегі, жариялылықпен жарқын істердің жүрегі, еңбек пен бостандықтың берік босағасы, тіл мен ділдің дәуірлік діңгегі.

2 - ж. Біздің Елбасы - бұл біздің әрбір мемлекет азаматының ары мен абыройы, мақтанышы мен мерейі, қасиеті мен құрметі,. Оның еркіндігі мен еңбегінің ең сенімді символы. Біздің Елбасы - бұл елдің өсуінің, өркендеуінің, өресінің өзегі, күш - қуатының, беделінің бесігі, әл - ауқатымен мәдениетінің мәйегі!

1 - ж. Ендеше бүгінгі салтанатымызда салиқалы сөз айтып, мерекелік лебіз білдіру үшін ортаға ауылымыздың әкімі Төлемісов Абдулла аға мен Б. Әбдіразақов атындағы №88 мектептің директоры Қожа Лепесов Қуандық ағайды шақырайық!............. Рахмет!

2 - ж. Жаса, Қазақ! Жаса елі қазақтың
Артта қалды барлығы да азаптың
Елбасының абыройы беделі
Алып берген сөнбек емес азат күн!
- Келесі құттықтау сөз кезегін Ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан көкеге, Ауыл ймамы Ғабдулла ағаға және №20 - шы «Жайна» балабақшасының меңгерушісі Тілеубергенова Гүлмира апайға береміз................................................. Рахмет, жақсы лебіздеріңізге!
-
- Жерің ғажап, жерің байтақ, алыпта,
- Елім менің қай кезде де тарықпа!
- Елбасымен ғасырлардың төріне
- Туыңдағы қыран құс боп қалықта..
-
Енді сіздердің назарларыңызға Тұңғыш президент күні мерекесіне арналған танымдық - музыкалық концертімізді ұсынамыз:

1. Хор. «Қазақстан - Отаным» Орындайтын мектеп балалар хор ұжымы.
2. Қымбат
3. Ән. «Қазақстаным» орын: Айдәулет Райхан
4. Жанерке
5. Ән. «Туған ел» орын: Гүлфайрус Ермақанова
6. Ән. «Кішкентай баламыз» орын: Ақбота мен Гүлзат
7. Гүлденген
8. Би. Орыс биі орындайтындар: Бишілер тобы
9. Ән. «Домбыра» орын: Гүлфайрус Ермақан.
10. Нұрсұлтан
11. Ән. «Сәлем саған, туған ел!» орын - н: Әсима Оспан
12. би. «Ата толғауы» Орын: Бишілер тобы
13. Ақнұр
14. Ән. «Қазақтай ел қайда?» Орын: Әсима Оспан
15 Гүлфайрус
16.. Ән. «Қазақтың елі» орын: Айдәулет Райхан
17. Хор. «Ақ күріш - әнім» Орындайтын мектеп балалар хор ұжымы

1 - ж Қазыналы кенге бай әр төбесі
Өндірісі нарықтың нар кемесі
Қазақстан киелі ұлы мекен
Елбасының биікте тұр мәртебесі

2 - ж. Ту тігіліп төріне тақ орнаған
Нұр тарайды Астана - Ақордадан
Елбасы бар ел сенген, мәртебелі
Қазағымның басына бақ орнаған!

1 - ж. Жаратылған ар - намыс барыс тектен
Елбасымның атағы алыс кеткен
Қазақстан Отаны ұландардың
Шырқап ұшып, сәлем берген ғарыш көктен

2 - ж. Кір жұқпай ұлылықтың ұғымына
Таусылмасын Тәуелсіздік жыры мына
Қазақстан өрлей бер жоғарыға
Тік тұрып Тәуелсіздік тұғырына!

1 - ж Құрметті қонақтар, Көрермендер! Осымен тұңғыш президент күні мерекесіне арналған музыкалық салтанат аяқталды! Көңіл қойып, назар аударғандарыңызға рахмет!

2 - ж. Әрқашан еліміздің еңсесі биік, мәртебесі жоғары болып, елбасымыздың ел сүйсінген ерен істері көп болғай! Еліміздің басынан ынтымақ пен ырыс, береке мен бақ кетпесін! Заманымыз тыныш, таңымыз нұрлы болсын!
2 662
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмір жолы, ерекше қадір қасиеті, ерен еңбегі туралы түсінік беру. Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұтуға, отан сүйгіштікке баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін ұлттық сана сезімі жоғары қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Елін сүйген – Елбасы
Елін сүйген – Елбасы
Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту. Еліміздің Тұңғыш Президентін жас ұрпаққа таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!
Мақсаты: Балаларға еліміздің тұңғыш президенті туралы түсінік қалыптастыру. Өз ұлтын, елін қадірлейтін елжанды азамат болуға баулу. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, рәміздерді құрметтеуге, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылшеева М. Қ.
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×