Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мал шаруашылығы өнімдерін пайдалану

02 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда қаласы,
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі, оқытушы
Сералиева Бану

Тақырыбы: Мал шаруашылығы өнімдерін пайдалану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мал шаруашылығы өнімдері, мал шаруашылығы өнімдерінің қаржылық есепте бейнеленуін оқушыларға үйрету, білімін тексеру, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды дұрыс шешім табуға үйрету, дербестік пен жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім алушыларды ұжымдық жұмыс жасай білуге баулу, тұжырымдау, логикалық сұрақтар арқылы ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық жағдайларда шешім қабылдауға көмек көрсету, оқушыларды өздігінен білім алу дағдыларын, аналитикалық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың типі: теориялық
Сабақ түрі: құрамдас сабақ
Сабақ әдісі: интербелсенді әдіс, бинарлы әдіс, түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау, рөлдік ойын, лекция элементтері
Бинарлы сабақ – пән аралық байланыс пен пәндерді біріктіруді жүзеге асырудың бір түрі.
Бинарлы сабақ бір мәселені шешу үшін түрлі салалардан білімдерді біріктіріп, тәжірибеде алған білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Пәнаралық байланыс: Ветеринария негіздері, экономика негіздері, информатика негіздері, ветеринариялық - санитариялық сараптау, қазақ әдебиеті.
Көрнекі құрал: Интерактивтік тақта, кеспе қағаздары, бейне, бағалау парағы, материалдар, сызбалар, бейне ролик.

Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Дәрісхананың тазалығына назар аудару..
Оқушылар үш топқа бөлініп, сарапшы сайланады
1. Сөйлеуші
2. Қорғаушы
3. Талдаушы
Сыншы - оқытушы
“Келісім ережесі” бойынша оқушылардың келісімін алу.
1. Бәріміз де оқуымызға жауаптымыз;
2. Бір - бірімізді тыңдаймыз, сөз бөлмейміз;
3. “Көтерілген қол" ережесімен біреу ғана сөйлейді;
4. Тек істің мәні бойынша айтамыз.
5. Өз пікірімізді бөлмейміз.
6. Мағынасыз сұрақтар қоймаймыз.
7. Басқалардың сөзін бағалаймыз.
8. Уақыт шектеуін сақтаймыз.

2. Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау арқылы оқушылардың білімін тексеру.
1. “Жұмбақтас” ойыны - тақтаға өткен тақырып бойынша суреттер арқылы сұрақтар көрсетіледі, жауаптары тақтадан көрсетіліп тұрады.
________________________________________________________________
2. “Сен - маған, мен - саған” ойыны - командалар бір - біріне 2 сұрақтан қояды. Оқытушы жауаптарын толықтырып отырады.
__________________________________________________________________
3. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, сабақтың міндеті мен мақсатын қою.
Тақырыбы: Мал шаруашылығы өнімдерін пайдалану.
Мақсаты: Мал шаруашылығы өнімдері, мал шаруашылығы өнімдерінің қаржылық есепте бейнеленуін оқушыларға үйрету, мал шаруашылығы өнімдерін шет елдерге желі арқылы тарату туралы білім беру, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.
Жоспары:
1. Мал шаруашылығы өнімдерін тұтыну
2. Мал шаруашылығы өнімдерінің бухгалтерлік есепте бейнеленуі
3. Мал шаруашылығы өнімдерінің халықаралық деңгейі

4. “Білім - бүкіл өміріңе”.
Үш топқа мәтін бөлініп беріледі. Әр топ алдарына берілген мәтінге қатысты презентация жасайды. Әр топтың сарапшысы бағалау парағына алған бағаларын жазып отырады.
Мал шаруашылығы өнімдерін тұтыну
Малшаруашылығы өнімдерінің қаржылық есепте бейнеленуі
(Биологиялық активтер есебі)
Қаржылық есепте мал шаруашылығы және өнім беретін малдар есебі 2524 «Биологиялық активтер»шотында есепке алынады. Ал олардан алынған өнімдер мысалы: ет, сүт, тері 1320 «Дайын өнім» активті шотта есепке алынады. Қаржылық есепте өнім беретін малдарды кіріске алған кезде 6270 «Биологиялық активтерді ң құнын өзгертуден түскен кірістер». Шоты қолданылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 558
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.
Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару
Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі. Математика пәні оқытушысы Амантайқызы Айгерім
Экономикалық көшбасшы олимпиадасы
Экономикалық көшбасшы олимпиадасы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Сералиева Бану
Негізгі қорлардың экономикалық мәні. Негізгі құралдар есебі
Негізгі қорлардың экономикалық мәні. Негізгі құралдар есебі
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі, оқытушы Сералиева Бану
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×