Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын анықтау

02 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Пәні: Қаржылық есеп және ұйым экономикасы

Сабақтың тақырыбы: Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын анықтау. Өзіндік құн бойынша шоттар корреспонденциясын құру.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік.
Сабақтың мақсаты:
а) білім беру – Өнімнің өзіндік құнын анықтау және оның корреспонденциясын
бухгалтерлік жазбада көрсету. Тақырып бойынша алған білімдерін,
тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған
мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік - жауапкершілікке, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, тиянақтылыққа баулу
в) дамытушылық – оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін
жан - жақты дамыту, білім жинақтау, шығармашылыққа баулу, өз
ойын еркін жеткізуге дағдыландыру, ой - өрісі мен танымдық
қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, репродуктивті, сұрақ - жауап, талдау, аукцион
сабақ, және рөлдік ойын.
Сабақтың типі: іскерлік, білік дағдыларын қалыптастыру және есептер шығару.
Сабақта қолданатын стратегиялар; топтастыру, ой - толғаныс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, деңгейлік тапсырмалар, тірек схемалар.
Сабақтың технологиясы: деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Экономикалық талдау. Математика. Экономика негіздері. Менеджмент.

САБАҚТЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі.
ә) оқытушының оқушылармен сәлемдесу
а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
б) дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару.
2. Кіріспелік нұсқау.
Оқушыларды тәжірибелік сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Алдын ала топты үшке бөліп алып, топ өздеріне ат таңдады. Топ басшысы және банкир - сарапшы сайланды.
Оқушыларды сабақтың барысымен таныстыру.
Келісім ережесімен таныстыру:
Бәріміз де оқуымызға жауаптымыз;
Бір - бірімізді тыңдаймыз, сөз бөлмейміз;
"Көтерілген қол" ережесімен біреу ғана сөйлейді;
Тек істің мәні бойынша айтамыз.
Өз пікірімізді бөлмейміз.
Басқалардың сөзін бағалаймыз.
Уақыт шектеуін сақтаймыз.
Шарты:
3 топ банктен өздерінің білімдерін, белсенділігін, қабілетін кепілге қойып 100 000 теңгеден несие алып, оны сабақтың соңына дейін 30 пайыз үстемесімен қайтару қажет.
1 - кезең «Аукцион» рөлдік ойыны.
Аукционға 300 000 теңгенің сұрақтары қатысады. Аукцион голландық тәсіл бойынша өткізіледі. Қай топ сұраққа жоғарғы баға береді сол топ сұраққа ие болады. Дұрыс жауапқа үстіне сыйақы беріледі.
1. Өнімнің өзіндік құнына анықтама беріңіз. 5000теңге.
Бір өнімді өндіруге кеткен ақшалай шығынның көрінісі.
2. Жұмсалған шығындардың жиынтығы қай ж/о жүргізіледі. 5000 теңге №10
3. Өнімнің өзіндік құнын есептеу әдісі. 5000 теңге. Калькуляция.
4. Өзіндік құнды қалай ажыратады. 5000теңге. Жоспарлы және нақты.
5. Өнімге жұмсалған шығындардың қалыптасу кезеңдеріне байланысты өзіндік құн қалай бөлінеді. 5000 теңге.
Технологиялық, өндірістік, коммерциялық.
6. Технологиялық өзіндік құнға қандай шығындар кіреді. 5000
Өнімнің технологиялық процесінде пайда болған шығындар, сонымен бірге оның құрамына өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға кеткен шығындар.
7. Өндірістік өзіндік құн қандай шығындардан құралады. 5000 теңге.
Өнім өндіруге байланысты жұмсалған барлық шығын және өнімді цехтар арасында тасымалдауға жұмсалған шығындар.
8. Коммерциялық өзіндік құнды құрайтын шығындар. 5000теңге.
Өндірістік өзіндік құн, оған қосымша транспорт шығындары және өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар кіреді.

9. Мына операцияға сипаттама беріңіз. ДТ - 7010 КТ - 1320 5000 теңге.
Өткізілген өнімнің өзіндік құн бойынша дайын өнім босатылды.
10. 7010 шотына сипаттама беріңіз. 5000теңге. Өткізілген өнімнің өзіндік құны.
11. Өндірістік шоттарды атаңыз. 5000теңге. 8110, 8210, 8310, 5, 8410.
12. Өткізілген материалдың өзіндік құны есептен шығарылды. 5000 теңге
ДТ 7010 Кт 1310
13. Калькуляциялау әдістерін атаңыз. 5000теңге.
Процесстік, тапсырыстық, бөлістік, нормативтік.
14. Аяқталмаған өндіріс қай шотта жүргізіледі. 5000 теңге 1340
15. Қандай шығын түрлерін білесіз. 5000теңге.
Тұрақты, жанама, өзгермелі, тікелей, қосымша, шартты - тұрақты, әкімшілік, қаржылық.
16. Калькуляция объектісі дегеніміз не? 5000 теңге.
Ұйымның өзінде, оның негізгі және көмекші өндірістерінің бөлімшелерінде орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтер, өндіріс бөлімінің әр түрлі дәрежедегі дайындығы жатады.
17. Тікелей шығындар деп нені атайды. 10000 теңге.
Өндірістік өзіндік құнына тура және тікелей өз бетімен кіре алатын, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты шығындарды айтамыз.(шикізат, нег мат, сатып алатын бұйымдар)
18. Жанама шығындарды атаңыз. 10000 т
Өнімдік өзіндік құнына бөлінген соң кіретін, өнімнің бірнеше түрлерінің өндірісімен байланысты шығындар.(жабдықтарды дайындау, пайдалану шығындары)
19. Кәсіпорын шығындары өнімді дайындау үдерісінде қатысу сипатына байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді. Осы шығындарға анықтама беріңіз. 10000теңге.
Негізгі шығындар - өнімді дайындаудың технологиялық үдерісінің жүруімен тікелей байланысты. Оларға өнім дайындайтын шикізатпен материал шығындары, технологиялық үдерісте қолданылатын отын және энергия (ғимараттарды жылыту, жарықтандыру шығындары емес) шығындары, негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы, жабдықтарды күту, ұстау, пайдалану шығындары.
Қосымша шығындар - өнім өндірумен емес, өндірісті ұйымдастыру, басқару және пайдаланумен тікелей байланысты
20. Үстеме шығындарға сипаттама беріңіз. 5000 теңге.
Үстеме шығындар 8410 активті шотта есепке алынады. Ол шот біршама сипатқа ие болады.
- кешендік сипаты - шығыстар құрамына барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады.
- екі және оданда көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі демек олар өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске жатқызылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 046
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын
3 санының және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару.
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы. Оқушылардың игерген білім деңгейін анықтау. Білім, білік, дағдыларын тексеру. Есеп шығаруға деген қызығушылықтарын арттыру.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Оқушылар бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа берілген есептерді шығаруы, қозғалыстағы денелердің жылдамдығын, уақытын, қашықтығын табуы тиіс, өзіндік іс - әрекеттер қалыптастыру арқылы білімдерін дамытуы тиіс.
Сандық есептер. Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу
Сандық есептер. Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу
Реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі
Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару
Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі. Математика пәні оқытушысы Амантайқызы Айгерім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×