Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экономикалық көшбасшы олимпиадасы

11 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің
оқытушысы Сералиева Бану

«Экономикалық көшбасшы» олимпиадасының сценарийі

Олимпиада шарты:
1. Олимпиадаға өз еркімен қатысамын дегендер қабылданады.
2. Олимпиаданы көремін дегендерге жол ашық
3. Жауаптар 1 ұпайлық жүйемен бағаланады.

Әділ қазы алқасының мүшелері:
----------------------------
Тақырыбы: «Экономикалық көшбасшы»
Оқу топтары:
Мақсаты:
Білімділік: Жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнес пен экономикаға үйрету, жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру және нарықты зерттеуге баулу.
Тәрбиелік: Білім алушыларды дұрыс шешім табуға үйрету, дербестікпен жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Балалардың лидерлік қабілетін дамытуға іскерлікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім алушыларды ұжымдық жұмыс жасай білуге баулу, тұжырымдау, логикалық сұрақтар арқылы ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық жағдайларда шешім қабылдауға көмек көрсету, оқушыларды өздігінен білім алу дағдыларын, аналитикалық қасиеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Экономикалық талдау. Математика. Қаржы. Қазақ әдебиеті. Менеджмент.
Көрнекі құрал: Интерактивті тақта, кеспе қағаздары, бейне, ұпай жинау парағы, материалдар сызбалар.

Олимпиада барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі кештің қонақтары. «Экономикалық пәндер» циклының оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж оқушылары арасындағы «Экономикалық көшбасшы» сайысына қош келдіңіздер. Бұл олимпиаданың негізгі алға қойған мақсаты колледж оқушыларына білім бұлағына сусындата, тереңдете дайындау. Сонымен қатар экономикалық сауаттылыққа, лидерлік қабілеттерін дамыту.
Сәлеметсіздер ме қонақтар, армысыздар құрметті қонақтар, білім сайысына қатысушы оқушылар!
«Асыл тастан, өнер жастан шығады» деп ата - бабамыз айтқандай алдарыңызда алған білімдерін сараптау мақсатымен оқушыларымыз келіп отыр.
Ендеше, осы сайысқа қатысатын оқушылармен таныстырып өтейін.
Оқушылармен танысу:
----------------------------
Олимпиада төмендегі кезеңдерден тұрады.
1 - тур «Білім - бүкіл өміріңе» оқушылардың теориялық білімін анықтау.
1 - кезең «Анықтамамен жұмыс»
2 - кезең Тест тапсырмаларын орындау
Сергіту сәті «Мақал сөздің мәйегі»
2 - тур Интеллектуалдық - танымдық кезең.
1 - кезең «Бинго» ойыны
2 - кезең «Егер де мен...»
Сергіту Сәті «Қас қағым сәт»
3 - тур. «Мықты болсаң, шешіп көр» Есептер шығару
Жүргізуші: Экономика сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді

1 - тур «Білім - бүкіл өміріңе» оқушылардың теориялық білімін анықтау.
1 - кезең «Анықтамамен жұмыс»
1. Ақша
2. Банк
3. Тауар
4. Нарық
5. Экономика
6. Макроэкономика
7. Микроэкономика
8. Жалақы
9. Инфляция
10. Субсидия
11. Баға
12. Кәсіпорын
13. Өнім
14. Өндіріс
15. Пайда
16. Табыс
17. Шығын
18. Бәсеке
19. Биржа
20. Меншік

2 - кезең Тест тапсырмаларын орындау
1. Нарықтық экономика теориясының негізін қалаушы кім?
А. Аристотель
В. Томас Мен
С. Карл Маркс
Д. Адам Смит
2. Қай мемлекет нарықтық экономикаға тез өтті?
А. Қытай
В. Шығыс германия
С. Польша
Д. Ақш
3. Нарықтың үш элементі.
А. Баға, сұраныс, ұсыныс.
В. Баға, сапа, бәсеке.
С. Сапа, пайдалылық, қажеттілік.
Д. Сапа, ұсыныс, сұраныс.
4. Ақша - несие саясатын кім жүргізеді?
А. Елдің үкіметі
В. Мемлекеттің орталық банк
С. Қаржы - несие мекемелері
Д. Мемлекеттік табыс министрлігі.
5. Экономикалық теорияға «Саяси экономика» деген терминді кім енгізді?
А. Аристотель
В. Смит
С. Монкретьен
Д. Ленин.
6. Мигранттар қай жұмыссыздық түріне жатады.
А. Фрикциондық
В. Бөлшектік
С. Циклдық
Д. Жасырын
7. Қазақстанда қай жылы ұлттық валюта енгізілді?
А. 1990
В. 1992
С. 1993
Д. 1995
8. Несиелік ақша қай функцияны құрайды?
А. Назар аудару құралы
В. Төлем құралы
С. Жиынтық құралы
Д. Дүниежүзілік құрал.
9. Салық өндірістік шығынға жатама?
А. Ия
В. Жоқ
С. Кәсіпорын өнім өндірсе
Д. Кәсіпорын саудамен айналысса.
10. Банк ай сайын 4 % алады. Сонда бір жылда банкке қанша пайыз түседі?
А. 48
В. 64
С. 10
Д. 50

Сергіту сәті «Мақал – сөздің мәйегі» Экономикалық мақал мәтелдердің жалғасын тап.
1) Ажалдан ақша беріп құтылмас
2) Ақша тиыннан құралады
3) Ақша ашпайтын құлып жоқ
4) Жүз сомың болғанша жүз досың болсын
5) Ақша уақыт тынысы
6) Саудада достық жүрмейді
7) Судың да сұрауы бар
8) Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер
9) Алтын тапсан санап ал
10) Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады

2 - тур Интеллуактуалдық - танымдық кезең.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 124
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық сөзінің негізгі мағынасы мен ролін түсіне отырып, мұғалім - көшбасшы, көшбасшы - оқушы қарым-қатынас тәжірибесін арттыру.
Көшбасшылық - кәсіби дамудың қуатты көзі
Көшбасшылық - кәсіби дамудың қуатты көзі
Сыни тұрғысынан ойлау арқылы қатысушылардың қарым - қатынастарын реттеу, топтық жұмыстарда жан - жақты талдаулар жүргізу арқылы көшбасшылық қызметін анықтап, шешім қабылдауға баулу.
Мал шаруашылығы өнімдерін пайдалану
Мал шаруашылығы өнімдерін пайдалану
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Сералиева Бану
Негізгі қорлардың экономикалық мәні. Негізгі құралдар есебі
Негізгі қорлардың экономикалық мәні. Негізгі құралдар есебі
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі, оқытушы Сералиева Бану
Экономикалық білім беру - бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі
Экономикалық білім беру - бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы гуманитарлық - техникалық колледжінің арнаулы пән мұғалімі Алтруева Айдана «Үздік баяндама» номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×