Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар

12 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ
биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна

Қазіргі заманда білім беруде мақсатқа жетудегі педагогикалық және ақпараттық коммуникациялық технологиялар.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдері, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғылы жол салуға икемді, шығармашылық педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Оқу тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу 4 кезеңнен тұрады:
1. Жаңа идеяны іздеу
Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру
2. Жаңалықтарды ұйымдастыру
3. Жаңалықтарды енгізу
Оқу тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді пайдалану
4. Жаңалықтарды бекіту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Инновациялық технологиялар:
- Жобалау технологиясы;
- Саралап даралап оқыту;
- Дамыта оқыту технологиясы;
- Модульдік оқыту технологиясы;
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
- Сатылай комплексті талдау;
- VST бағдарламасы;
- деңгейлеп оқыту технологиясы;

Инновациялық технология нәтижелері;
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласын.
5. Оқушылардың ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретесің.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыдауда, өзінде деген кәсіби сенімін қалыптастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Менің инновациялық сабағым
Менің инновациялық сабағым
Қостанай қаласы, №11 орта мектебі Есингожина Зибагүл Пішенбайқызы
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс баты ауылы, Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бағдарламашысы Култанова Куншара Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×