Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе. Мұғалім – болашақтың білім нәрін себуші

18 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Эссе. Мұғалім – болашақтың білім нәрін себуші

Мектепке алғаш қадам басқан сәтімде қолымнан жетектеп, алғашқы партаға отырғызған ұстазым мәңгі көз алдымда күні кеше болған сияқты қалып қойды. Ол кезде ұстаз мен үшін аспандағы ай мен күн, ештеңе тең келмес өзінен білім нәрін шуақ қып шашатын мектептің кішкентай күні секілді. Оның ақ жүрегінен шыққан әр бір сөзі мен үшін заң болатын. Ұстазымның әрбір сөзін, әрбір қолпаштаған, мадақтаған сәттерінде төбем көкке екі елі жетпей іштей қатты қуанатынмын. Оның жүріс - тұрысы, көзәйнекті мұрнының ұшына киіп алып, көзінің үстінен бізге қарап сабақ түсіндіргені бәрі - бәрі әлі күнге дейін көз алдымда. Үйге келген соң ұстазыма еліктеп, көзәйнекті мұрнымның ұшына киіп алып, үйдегі інімді, сіңлімді отырғызып қойып сабақ өтетінмін, кейде теледидардағы диктор болып кітапты оқып беретінмін. Мұғалім атаулының барлығын өте таза жүретін, үйінде де, басқа жерлерде де костюм - юбкада жүруші деп ойлайтынмын, оларға қарап қызығатынмын. Мектептегі ұстазыма деген еліктеушілігім мені ұстаздық жолын таңдауыма алып келді. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл кәсіптің маманы болғаныма он сегіз жыл болыпты. Осы жылдар ішінде әріптестеріммен бірге қаншама түлектердің қанатын қатайтып, олардың өмірге қарай басқан қадамына жол көрсетіп, білім нәрімен сусындаттық.

Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп отырған уақыт өткен буын заманына мүлдем ұқсамайды. Бұл ерекшелік бала болашағының, оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, бүкіл ғұмыр бойында өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты. Соңғы кездері әріптестеріме мына уәжді көп айтатынмын. Не мен сабақ түсіндіре алмаймын, не біздің қолданып жүрген әдіс тәсіліміз ескірді ме? Оқушы неге сабақ оқымайды? Бұрынғы оқытқан сыныптарымыз біздің ымымызды түсіне қоятын еді ғой. Оқушы партада да отырғысы келмей жыбырлай беретін болған. Бұл сөздерімді әріптестерім де қолдайтын. Өзімнің оқытқан сабағыма өзімнің көңілім толмайтын. Балаға тәрбие мен білімді дұрыс жеткізе алдым ба? – деген ой мені көп мазалайтын. Осы ой жетегінде жүргенде аяқ астынан үш айлық курсқа оқуға бардым. Курсқа барғанша бізді неге сонша үш айлап оқытпақ, ол жерде не үйретеді екен деген қызығушылық болды. Ол жерде Кембридж университетінің қолданған жаңаша оқыту әдіс - тәсілдерін үйрендік. Cабақ жоспарлары біздікінен өзгеше, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспар жазуды үйрендік. Сабақ өту әдіс - тәсілдері де өзгеше. Ең бірінші орында тәрбие, әдептілік сабақ басында көрсетіледі.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір - біріне жақсы тілек тілеп, соң топқа бөлінеді. Сабақтың жүрісі де, өзгеше, мұғалім сабақ түсіндірмейді, оқушы сол күнгі тақырыпты сыныпта өз бетінше үйреніп, тобымен ақылдасып, ұйымшылдықпен білгенін бір - біріне үйретіп, содан нәтиже шығарып, постер қорғайды. Бұл жерде білім беру мен қатар тәрбие жүреді. Баланы сабақ кезеңінде ұйымшылдыққа, бір - бірінің айтқанын тыңдауға, әдептілікке, көпшілдікке баулимыз. Бала өз ойын еркін жеткізіп, партада қадалып отырмай, қайта - қайта топқа бөлініп барлық уақытта қозғалыста болады, ойын ойнайды, бірін - бірі бағалайды, сабақтан алған әсерін стикерге жазып кері байланыс жасайды, мұғалім сол кері байланыстан нәтиже шығарып отырады. Бұл жаңаша әдіс тәсілмен сабақ өтуді ата - аналарыммен де бірге өткізіп көрдім. Оларға бұл тәсілдің ұнағандығын кері байланыс жасау арқылы білдім.

Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды шығармашыл тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын, оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін сабақта кең қолдану бүгінгі күннің талабы болып отыр. Ол үшін мұғалімде педагогикалық ұстаным мықты болу керек.
Мен өзімнің педагогикалық еңбегімнің әр күнін, әр сағатын сапалы білім беруді, саналы тәрбиеге баулуды мақсат етіп қойдым.

Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болу, қайырымдылық, мейірімділік, рақымшыл болу, ата - ана қартайса оны бағып қағу тәрбие негізі. Қазақ халқының қанына сіңген әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру ұстаздар қауымы мен ата - ананың міндеті. Соған байланысты тәрбие сағаттарының тақырыбы өмірдің өзекті мәселелерін қозғайтын тақырыптарға негіз болады. Ұстаздық еткен өмірімде ұлттық сана сезімді қалыптастыруда «Ардақтайық қазақтың ата салтын!», «Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл көсір» атты ашық тәрбие сағаты, баланы мамандық таңдауда жол жоба көрсетуде «Кім болам?» атты ашық тәрбие сағатын, «Бесікке салу рәсімі» және «Жігіт сұлтаны» сынды сыныптан тыс шараларын, отбасылық «Толағай» сайыстарын, мектеп психологы Бисалиева Әйгеріммен «Эмоция», «Түстер әлемі»тақырыптарында тренинг сабақтарын және «Бақытты балалық шақ» сурет көрмесін, полиция қызметкері Мұқанғалиев Ержанмен тағылымды кездесулер өткіздім.

Сынып жетекшісі тәрбие арқылы баланың түрлі іс - әрекеттерін тиімді етіп, оның дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой - өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы артады.

Мұғалім – болашақтың білім нәрін себушісі. Бүгінгі қоғамда мұғалім беделін көтеру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Қазіргі кейбір ата - ана көзқарасымен қарасақ, мұғалім ақша жинаушы, сабағын дұрыс оқытпайтын, баласы тентек болып бір нәрсе бүлдірсе де соған мұғалімді кіналайтын болып алдық. Осындай жат қылықтарды мектеп өмірінен аластау үшін мұғалімнің ерен еңбегі мен төзімділігі, сауаттылығы, еңбексүйгіштігі, мықты ұстанымы керек. Сонда ғана біз мұғалім беделін көтере аламыз деп ойлаймын.
72 919
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандығым мақтанышым
Мамандығым мақтанышым
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек.
Эссе Мұғалім – болашақтың білім нәрін себушісі
Эссе Мұғалім – болашақтың білім нәрін себушісі
Ұстаз – оқушы алдында мәртебесі қашан да биік жан. Тәрбиенің қайнар көзі әрине білімде.
Кітап - біздің досымыз
Кітап - біздің досымыз
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім Тұлымшаққызы
Туған жер!
Туған жер!
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің 2 сынып оқушысы Сансызбай Аяулым
Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!
Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінің мұғалімі Шепенова Ләззат
Өлеңдер (оқушы шығармашылығы)
Өлеңдер (оқушы шығармашылығы)
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Құмсай ауылы Құмсай бастауыш мектебінің 4 - сынып оқушысы Жайшылық Гүлден Жәнібекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×