Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік тіл - менің тілім

12 тамыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Сағыз селосы, «Ақбота» шипажай типті бақшасы тәрбиешісі
Жұбатова Күміскүл

Мемлекеттік тіл - менің тілім
Тіл мәселесі - мәңгілік тақырып. Қазақ зиялылары ұлттық тілдің, ой мен сөздің құдіретін, мүмкіндігін терең танып, оған зор мән берген. Айталық, Ахмет Байтұрсынов:
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса, шығады.

Жоспары:
I Кіріспе.
1. Ана тілі – жүрегім.
II Негізгі бөлім.
1. Ана тілі және қазынам.
2. Тіл мәртебесі - елдік мәселе.
3. Ұлттық тілді қорғау.
III Қортынды.

Мемлекеттік тіл - менің тілім
Тіл мәселесі - мәңгілік тақырып. Қазақ зиялылары ұлттық тілдің, ой мен сөздің құдіретін, мүмкіндігін терең танып, оған зор мән берген. Айталық, Ахмет Байтұрсынов:
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса, шығады - десе, Абай: «Тіл - өнері дертпен тең» деген. Тіл табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың, әр ұлттың өз тілі болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса соншама тіл бар. Тіл тағдыры - ел тағдыры. Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қасиетті, құрметті. Өйткені, тілсіз ел, қоғам болмайды. Тіл - халықтың байлығы, қазынасы, жүрегі.
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын аянбаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім, - деп М. Мақатаев айтқандай Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Адам өз ана тілімен бақытты болады. Өз халқының өткенін, тарихын, салт - дәстүрін білу үшін ана тілін білу керек. Өзінің ана тілін сүйген адам өзінің халқын да сүйеді.
Тіл тағдыры - ел тағдыры екендігін біздің бабаларымыз ежелден ұққан. Тарих керуендерінің ұлы жолының бойын жайлаған оларға сыртқы ықпал мен өзіндік даралықтың ұтымды ара салмағын ұстана білу қай кезде де тағдырлық мәселе болғаны белгілі. Ежелгі аңыздағы Қорқытты да, ел қамын құрсақта жатып ойлаған Асан Қайғыны да желмаяға мінгізіп, "Жер - ұйықты" іздетіп жүрген тірі қалудың емес, елдікті жоғалтпаудың, қара жердің бетінде өз сипаты, өз қасиеті, өз тарихы бар халық болып қалудың қамы еді.
Тіл мен халық бірінің - бірінсіз күні жоқ егіз дүние дейміз. Халық деген ұғымға бүгінгі өмір сүріп отырған өзіміз ғана емес, біздерден бұрынғы ата - бабаларымызда, бізден кейін жасайтын мұрагер ұрпақтар да жатады.
Бұл жалғастық пен тұтастық сақталғанда ғана бүгінгі ұрпаққа аманат ана тілімізді болашақ ұрпаққа бар сәнімен, бар мәнімен табыс ете аламыз. Сонда ғана өткен әулет пен болашақ алдында жүзіміз жарқын болмақ. Осының негізінде ойшыл ақынымыз Мұзафар Әлімбаев өз сөзінде: "Әр ұрпақ, әр адам алдыңғы буынмен өзіңнен кейінгі буынның екі арасындағы рухани көпір болуға тиіс" деп, қоғам алдындағы азаматтық парызын тағы бір анықтай түсті.
Ұлттың ұлы байлығы, басты тұғыры - тіл.
Шындығында осылай десек те, тіл төңірегінде алуан көзқарас, керағар пікірлер де кездесіп қалады. Ұлттық ұғым - түсінікке тоқталсақ, әрбір ұлттың, ұлтты құрайтын халықтың болашаққа басты қалдыратын қазына – байлығы - тіл емес пе?
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның айбынын асырып, беделін арттырып, мерейін асқақтату мәселесін тек оқыту, білім берумен шектелмейтіні белгілі. Ұлттың өзін - өзі сақтауымен болмысын биіктеу - өзінің тіліне деген ықыласына, сүйіспеншілігіне тікелей байланысты болмақ. Өйткені тіл – ұлттың сақтаушысы, өзгеге де өзіне де ұлтты танытушы.
Аса көрнекті жазушы М. Әуезов ана тілінің болашағына көз жүргізіп келешекте ел басқаратын азаматтарға былай деп айтып кеткен: « Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жандүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүректе соғуын тоқтатпай ма? Менің күдігім - ұлтым көп кешікпей өз тілінен айырылып қалуы мүмкін». Ұлтымыздың асыл ұлының тіл тағдыры жөніндегі бұл қауіпі - барлық қазақты қатты ойландыруы тиіс, қазақты сергек болуға, ана тіліне адал болуға шақырады.
Елінің, халқының адал ұл - қызы болам деген адам имандылыққа толы игі қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілікпен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тебірентер құдіретін ең алдымен ана тілінде ұғып, үйренеді. Яғни ғасырлар бойы жинақтаған саф күмістей тіл қазынасын, оның сөз байлығын баланың жадына мысқылдап енгізу алдымен анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасы бар байлығымен ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші - халық. Сондықтан халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – жаны, жүрегі. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Еліміз Қазақстан егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. «Тіл туралы» заң қабылданды.
«анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамыздың тарихын ұмыту» деген Б. Момышұлы. Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік.
Бүгінгі таңда тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндерімізді ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті, өз тілін сүйетін ұрпақ етіп тәрбиелейік.
11 282
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Ата - бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт - дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру.
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
Жырлайды жан жүрегім жақсылықты
Жырлайды жан жүрегім жақсылықты
ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, М.Ломоносов атындағы мектеп - гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жорабекова Сабира
Экономика көшбасшысы
Экономика көшбасшысы
№112 орта мектебінің мұғалімі: Рашидова Аманкул
Халық достығы – тіл достығы
Халық достығы – тіл достығы
Семей қаласы, «№8 отбасылық үлгідегі балалар үйі» КММ тәрбиеші: Ермұхамбетова Алтынай Серикбековна
Ата мұрасы – балаға үлгі
Ата мұрасы – балаға үлгі
Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Ата мұрасы – балаға үлгі» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×