Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны

24 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны.

Оқушыларға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар, оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін қалыптастыру, еңбек етуге баулумен қатар ұжымдық татулыққа тәрбиелеу қазіргі өмір талабы.

Оқушылардың өз бетімен ойлауы, өз бетімен ізденуі, өздігінен тұжырым, қорытынды жасай алуы, алған білімін өмірде қолдана білуі пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады. Бұл ретте шәкірттерге білім беруде жаңа технология элементтерін қолданып сабақ өту, олардың ізденімпаздық қабілеттерін аша түсері сөзсіз. Физика пәні бойынша сыныптан тыс өткізілген топ аралық пікір сайыс сабағы туралы ой бөлісуді жөн көрдім.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жарықтың табиғаты мен таралуы туралы екі түрлі көзқараспен, жарықтың сыну, шағылу құбылыстарымен танысу; Гюйгенс принципі негізінде сыну заңын қорыту; оқушылардың табиғат құбылыстарына деген материалдық көзқарастарын қалыптастыру, ғылыми білімдер мен заңдар негізінде құбылыстарды түсіндіру.
Дамытушылық: дидактикалық әдіс - тәсілдер мен көрнекіліктер, түрлі танымдық ойындар арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымы мен талғамын өсіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, жылдам ой қорыта білуге дағдыландыру, топпен жұмыс істей білуге баулу.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Екі топтан топ басышыларын сайлап, сабақ соңында бағалату.

Сайыс барысында «жарықтың табиғаты» туралы екі түрлі көзқарасты жақтаған 2 топ құрылды.
1 - топ «Ньютон», 2 - топ «Гюйгенс»
1 - гейм. Жарық табиғаты туралы көзқарастарға шолу. Әр топ өздері ұсынған гипотезаны дәлелдеуі керек.
1 - оқушы:«Ньютон» тобының пікірі бойынша: Жарық - бөлшектер ағыны
2 - оқушы: «Гюйгенс» тобының пікірі бойынша: Жарық - электромагниттік толқын.

2 - гейм. «Тәжірибелер алаңында»
1 - оқушы: «электромагниттік толқындардың» жұтылуы, сынуы, шағылуы, интерференция және дифракция құбылыстарын эксперимент жүзінде көрсетеді. Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтайды.
2 - оқушы: Фотоэффект құбылысына негізделген қондырғының құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіре отырып, мырыш пластинкасын зарядтап, электр доғасымен жарықтандырып, сыртқы фотоэффект құбылысын бақылайды.

3 - гейм. «Көңілді смайликтер» сайысында тақтада ілініп тұрған смайликтерді әр топтан бір - бір оқушыдан шығып таңдайды да, оның артында жасырынған жұмбақтарды шешіп, мағынасын тақырыппен байланыстыра отырып, түсіндіреді.

1. Хабар алған алыстан
Екі өріс табысқан. (электромагниттік толқын)
2. Алпыс кісі аяқтасты
Ерте тұрып таяқтасты. (кірпік)
3. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жақұт шашылды. (жарық сәулесі)
4. Қасыңнан күндіз қалмайды
Қараңғы жерге бармайды. (көлеңке)

4 - гейм. «Сен маған, мен саған». Екі топ тақырыптың мазмұнын аша түсу үшін бір - біріне сұрақтар қояды.
Сабақты қорытындылау барысында интерактивті тақтадағы кесте толтырылады.
Онда оқушылар жарық табиғаты туралы көзқарастарды:
1. Толқындық көзқарасты жарықтың интерференция, дифракция және Максвелдің "Электромагниттік толқын" теориясы арқылы,
2. Корпускулалық көзқарасты жарықтың шағылу және сыну заңы, жарықтың кванттық теориясы арқылы түсіндіріп шығады.

Қорытындылау барысында екі топтың пікірлерін тыңдай отырып, екі топтың да көзқарастарының дұрыстығын, бұл сайысқа олардың үлкен шығармашылық дайындықпен келгендігі айтылып, сайысқа жақсы қатысқан оқушылар марапатталды.
1 716
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Жарық толқындары
Жарық толқындары
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің математика және физика пәні мұғалімі Сатбергенова Сара Батырбекқызы
Жарықтың шағылу және сыну заңы
Жарықтың шағылу және сыну заңы
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінінің физика пәнінің оқытушысы Куздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М. Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×