Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сындарлы оқыту – білім көкжиегінде

27 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Құттықожа ауылы №164 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Курбаназарова Дариха Налибаевна

Сындарлы оқыту – білім көкжиегінде
Педагог кадрлар біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалар аясындағы үшінші негізгі деңгейлі курсты аяқтап мектепке үлкен жоспармен, ерекше күш - жігермен аяқ басқалы отырмыз. Алда кездесер барлық кедергілерге аса сабырлылықпен, өте үлкен төзімділікпен жауап беріп іске кірісу ғана қалды. Оқу біршама күрделі болғанымен соншама мазмұнды, қызық болды. Кей кездері кешке дейін отырғанда да шаршамадық. Себебі, бізді күтетін үлкен істер, сол жолда бізге артылар сан салалы шығармашылық жұмыстар, үлкен жауапкершілік, барлығы санамызда қайта жаңғырып сала беретін-ді. Курстан өту барысында білікті жетекшілеріміз бізге бағдарламаның мазмұны мен мұғалім қызметіндегі маңызды дүние, яғни жаңа формадағы сабақ түрлерін құрылымдау және жоспарлау үлгілерін, деңгейлік тапсырмалар беру жолдарын және оқушыларды жігерлендіре отырып орындатуды жай ғана айтып өткен жоқ, іс жүзінде біраз нәрсені көрсетті де. Қиналған сәттерде бағдаршамдай жол көрсетіп, біз үшін өте маңызды жағдайларды айқындап, тіпті өзімізді өзіміз реттеуге дейін алып келді.

Бұрын да талай білім саласының майталмандарымен кездесіп, талай оқығанбыз. Бірақ дәл осындай шапшаңдықпен аз уақытта үлкен жұмыс атқармаппыз. Айтқым келгені бағдарлама негізінде үш айдың аясында теориялық білім алып, оны тәжірибемізге енгізіп, кеңесу арқылы әріптестеріміздің жанама тәжірибелерімен кері байланыстар арқылы нәтижелерінің көз алдымызда тұратынын көрген емеспін. Бұл бағдарламаның ең қызығы да осы ма деп ойлаймын. Себебі, өздігіңнен біліміңді жетілдіруге, яғни қателескен сайын өршелене түсіп, келесіде жөндеп аласың, өзіңе өзің баға беріп, білік, дағдыңды арттыра түсесің. Әдебиет алыптарының бірі Шәкәрімнің сөзімен айтсақ: «Бұл ән басқа әннен өзгерек...»

Бұрын дәстүрлі сабақ беру кезеңінде ертеңгі сабаққа дайындалатынбыз. Қазір байқасам, ол дайындық атүсті, тек шолу сияқты болып көрінеді екен. Ойлап отырсам осыған ұқсас бағытты кезінде өзіміз сабақ барысында қолданғанбыз, бірақ әрине толық мән беріп, басқаша айтқанда жіліктеп, мүшелеп талдамаған екенбіз. Себебі, қалай талдау керек екендігін білмегенбіз. Осы курс барысында әр сабағымызды жан - жақты талдауға, оқушыларға тапсырма беруде және орындалған тапсырманы алуда, оны бағалауда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын байқадым. Қызығы сол бағалаудың критерийлерін ұжым болып белгілеп алсақ ешкім де ренжімейді екен.

Заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытуың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», деп атап көрсеткен. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер етуге болады. (МАН, 87 - бет )

Сындарлы оқыту теориясын меңгеру барысында барлық ұстаздар қауымы үшін үлкен жаңалық, әрі қуаныш, қиындығы бірге жүретін бағдарлама екендігін түсіндім. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанымда осы оқу кез келген әрекеттен нәтиже күтіп, болжау керек екендігін түсініп, сабақтарымда тиімді қолдана білдім. Ең бастысы, оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуі мен үшін маңызды. Оқушыларым өз уәждерін нанымды жеткізіп, өз көзқарастарын нақты дәлелдеуге әкелгім келді. Бұл курстың басқа курстардан айырмашылығын, бағдарламаның ерекшеліктерін естігенімде бізге үлкен сенім артылып жатқанын, сол сенімді ақтап шығуым керек екендігін түсініп, алдыма мақсат қойып отырмын. «Мен мектепке жаңа бағдарламаны тиімді етіп енгізуім үшін, әріптестерімді қызықтырып, сабағыма қатыстыра білуім керек, оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасауым керек», - деп ой түйдім.

Оқудың өзіндік ерекшелігі сонда топта әр түрлі пәннің мұғалімдері жиналды. Әріптестерімнің тиянақты айтылған пікірлері мен ұсыныстары менің көңілімнен шығып отырды. Сондықтан да қиындықтан шығу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардан жол табуға тырысып, ұтқырлыққа қарай жұмыс жасай отырып, өз пікірімізді жан - жақты талқылап, ой қозғадық. Осындай тапсырмалар орындау арқылы тренер бізді сыни тұрғыдан ойландыруға жұмыс жасағанын кейін түсіндік. Мектептегі тәжірибе кезінде бұл біз үшін үлкен көмек болатын болды. Өзімді оқушыларымның орнына қоя отырып түсіндім.

Осы курстағы болып жатқан үлкен өзгерістердің барлығын да айта кеткім келеді, себебі өзім ғана емес, қасымдағы әріптестерімнің де бойынан өзгерістер айқын байқалып тұрды. Осы курсқа келмей тұрғанымда, компьютерді жетік білмейтін едім, ал тапсырмалар барысында компьютердің көмегіне көп жүгіндім. Ал, қазір өзім компьютермен жұмысты еркін жүргіземін, бұл да курстың берген көмегі деп ойлаймын.

Күн сайын түрлі тапсырмаларды орындау барысында қашықтықтан оқыту кезеңіне іштей дайындық жүргізіп жүрдім. Алғашқы өзгерісімді орта мерзімді жоспарлау және қысқа мерзімді жоспарды өзгертуден бастадым. Орта мерзімді жоспар құрудың өзіндік қиыншылықтары болды. Сабаққа бағдарламаның модульдерін енгізу, қысқа мерзімді жоспармен байланыстыру басында қиын болғанымен, тез үйреніп, тек іздену жолында, барлық жоспарымды тиімді, жаңа формада жасауға күшімді салдым. Оқушылар ойын жеткізу үшін қандай дәрежедегі сұрақтар пайдалансам болады, олар жауаптарын нақты жеткізе алады ма екен? деген сияқты сауалдарды өзіме қоя отырып, сабақ құрылымын жасауда мән беру керек екенін түсіндім.

«Білімге жетелейтін жалғыз ғана жол бар - ол іс – әрекеттілік» - деп данышпандарымыз айтқан қағиданы ұстана отырып, теориялық білімімді іс - тәжірибе жүзінде көрсету үшін мектебіме келдім. Алдымен мектеп басшысына кіріп, курстан алған әсерлерім, курстың тиімділігі, алға қойған мақсаттарым жайлы сөз қозғадым. Ол кісі ықыласымен тыңдап, сенім артатынын, алдағы істеріме бағыт - бағдар бере отырып, жұмысыма сәттілік тіледі. Әріптестермен кездесу өткізіп, курстың мақсаты, идеясы, басқа курстардан айырмашылығы жайлы ой бөлістік. Өз қалауларынша топқа бөлініп отырды. Бұл курстың мақсаты – новатор (жаңашыл) мұғалімді тәрбиелеп шығару екендігіне тоқталдым.

Балаларды оқу үшін емес, оқыту үшін бағалау керек екенін айтқанымда, әріптестеріміз ол қандай іс - әрекеттер арқылы жүзеге асатынын сұрап, қызыға бастады. Курстағы қызықтар мен қиыншылықтар туралы дайындалған деректі фильмді көрсеттім. Бұдан кейін курс мазмұнымен іштей келіспей отырған екі әріптесіміз де қызығушылық танытып, түсінбей отырған тұстарын сұрай бастады. Бағдарламаның модульдерін, әдіс - тәсілдерін өз сабақтарымда пайдаланатынымды, әріптестеріміздің сабағымызға еніп, тәжірибе алмасуларын сұрадым. Әріптестеріміз бұл ұсынысты қуана қабылдап, сабағымызға сәттілік тіледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 921
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Портфолио
Портфолио
Портфолионың мақсаты: Мұғалімнің шығармашылық, зерттеу жұмыстарындағы іс - тәжірибені жинақтап көрсету. Оқу мен тәрбие үрдісіндегі нәтижелер мен қорытындылар есебі.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Теңсіздіктер тақырыбындағы оқушы танымын кеңейту, есеп шығару барысында ережелерді дұрыс қолдана білу, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру.
Рефлексивті есеп /соңғы 2 жыл бойынша/
Рефлексивті есеп /соңғы 2 жыл бойынша/
2013 жылы тамыз айында Орджоникидзе ОМГ - да деңгейлік курсты бітірген мұғалімдерге сертификаттар табыс етілді. Біз мектепте 3 мұғалім үшінші деңгей бойынша сертификаттарымызды алып, алға атқару үшін мақсаттар мен міндеттер қойдық.
Ұстаз мұраты – шығармашылық ізденіс және кәсіби даму
Ұстаз мұраты – шығармашылық ізденіс және кәсіби даму
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №5 ЖОББМ физика, информатика пәнінің мұғалімі Акашаева Л. С
E-learning
E-learning
Нұрмұрат Әл – Фараби
Оқыту үрдісіндегі жаңа иновациялық технологиялар
Оқыту үрдісіндегі жаңа иновациялық технологиялар
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Абай атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Садвакасова Бақытгул Қабиқызы Кембридж бағдарламасының екінші деңгейлі мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×