Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдері

09 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдері

Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Қоғамдық қарым - қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беру ісіне де ықпал етуде.
Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында білім негізін алуға, өзін - өзі дамытуға және адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, еркін бағдарлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық салада қызмет жасайтын барлық ұстаздарға, әсіресе тарихшыларға зор міндет деп санаймын.

Бүгінгі таңда оқу үрдісін ұйымдастыру білім берумен ғана шектелмейді, ол оқушының жеке дамуына арналған. Ол үшін, ең алдымен, танымдық іс - әрекеттің маңызды жақтарына көңіл аударуымыз керек. Өйткені сезімдік таным (қызығу, құштарлық, ынта - ықылас) негізінде қабылданған білім, іскерлік дағды, әрекеттер оқушының даралық психологиялық қасиеттері мен ақыл - ойының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына жетелейді.

Уақыт талабына сай білім мен тәжірибе, іскерлікті игере отырып, мектептегі өзекті мәселелердің бірі - өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдарын айқындап, бір жүйеге келтіру де тарихшы ұстаздардың үлесіне тиіп отыр. Өйткені тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық тарихымызды оқытуға баса назар аударылды. Әрбір саналы азамат төл тарихын жете біліп, қадір - қасиетін ұққанда, өткен жолын, тар жол тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, елдің басын біріктірген тарихи тұлғалардың жат жұрттан жерін, суын, даласын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін қастерлей білгенде ғана Отанға, халқына деген мақтаныш сезімі оянады.

Мақсатты, жүйелі ұйымдастыра білсе өлкетану жұмысының білімдік, танымдық, дамытушылық, тәрбиелік маңызы зор. Мысалы, сабақ үрдісіндегі жергілікті жерге байланысты деректерді тиімді пайдалану оқушылардың тарихи құбылыс заңдылықтарын толық түсініп, адамзаттың материалдық және рухани байлықты жасаушы ретіндегі рөлін ғылыми жолмен түсіне білуіне мүмкіндік береді. Өлке тарихын оқытудың күнделікті өтілетін сабақтардан өзгешелігі бар. Өзіне жақын да таныс жерлер мен адамдар туралы айтылатын оқиғалар мен деректер әр нәрсеге қызыққыш, эмоционалды болып келетін балалардың жан - қуаттарының оянуына түрткі болып, мұндай сабақтарға қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады. Өлкетану жұмыстарына балалардың ерте кезден араласуы олардың ой - өрісін дамытады, еліміздің тыныс - тіршілігімен, шаруашылық өмірімен таныса отырып, қоғамға қажетті білімге құштарлық, байқағыштық, тапқырлық, ізденімпаздық қасиетке өз бетімен шығармашылық іске ұмтылуына, болашақ мамандық таңдауына да игі әсер етері сөзсіз.

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылы
Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Алмурзина Гулмира Жолдибаевна

Толық нұсқасын жүктеу
7 014
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мдт сыныбының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың циклограммасы
Мдт сыныбының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың циклограммасы
Мдт сыныбының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың циклограммасы
Қазіргі білім беру саласындағы заманауи бағыттар
Қазіргі білім беру саласындағы заманауи бағыттар
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы – білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен оқушылардың бейімдік қабілетін анықтаудағы
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмет Нұрхат Бижанұлы
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі география пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×