Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Иманды ұрпақ тәрбиелеп жүрміз бе...

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
И.Әбдікәрімов атындағы
аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы
Нугманова Мақпал Зейнуллақызы

Иманды ұрпақ тәрбиелеп жүрміз бе...
Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Ал, адамзат баласы үшін перзент өсіріп, оны тәрбиелеуден асқан бақыт жоқ шығар, сірә. Өйткені, әрбір өнегелі отбасының асыл арманы мен мақсаты – ұрпақ жалғастырып, жақсы тәрбие беру. Перзент – Аллаһ тарапынан әке – шешеге берілген бір аманат әрі сый болып табылады. Сол Аллаһ берген аманатты қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, сәбиді азамат етіп тәрбиелеп, ел қатарына қосу – әрбір ата – ананың мойнындағы жүк. Сондықтан болар, аманатқа қиянат жасамау – дініміздің басты әмірі. Осы жүктің жауапкершілігін сезініп, балаларына жақсы тәлім – тәрбие берген ата - ана Аллаһ разылығына бөленсе, керісінше, бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, немқұрйлы қараған ата – ана жауапқа тартылып, азапқа душар болады. Сөзімізді бір сәтке тоқтатып, өзге жаратылыстарға да ғибрат көзімен қарайықшы. Қандай да бір жануар болмасын, бауыр еті баласын түрлі апаттан қорғаштап, өзгеге қызғаныш мінезін көрсетіп, оған деген мейір – сезімін ұялатып жатады. Иә, бұл да Аллаһ тарапынан жан – жануарларға берілген мейірім – шапағат емес пе? Аллаһ Тағала Құранда: «Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық», - деп жаратылысымызды сұлулықпен ерекшелей түскен. Мұнымен қоса, адам баласына Аллаһ өзге жаратылыстан ерекшелеп тұратын ақыл, өзара қарым – қатынас жасау үшін тіл және жақсы жаманды ажыратып, әрекет ете білу үшін қалау еркіндігін берген. Демек, осы нығметтер арқылы адам өзі және отбасы үшін ақыретте жауапқа тартылады. Аллаһ Құранда: « Әй, мүміндер! Өздеріңді әрі үй – іштеріңді оттан қорғаңдар», - деп арнайы бұйырған.
Бала тәрбиесі қоғамның басты мәселесі болып табылса, қоғам отбасы мүшелерінен құралады екен. Олай болса, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеу, алдымен ата – ананың өзіне, сонан соң қоғамға кесірін тигізеді.

Иә, көркем етіп жаратылған балдай тәтті сәбиге көркем мінез – құлық беріп, әдепті етіп тәрбиелеу ата – ананың еншісіндегі іс емес пе?! Алайда, бүгінгі ата – аналар бала тәрбиесіне салғырт қарап, перзент алдындағы міндетін орындай алмауда. Қоғам болғасын түрлі ата – ана және әр деңгейдегі тәрбие болары анық. Дей тұрғанмен, тәрбие өзегі бір жерден шықпаған соң өзара қайшылықтар кезігіп жатады. Мәселен, кейбір ата – аналар балаларына жегенін жегізіп, ішкенін үлгертуден аспай жатса, енді бір тәрбие иелері балаға берілер тәлім жолын көше еншісіне тапсырып жатқандай. Осылай жастық шағында көше кезіп, орман заңын көрген ұрпақ сабақтастығынан болашақта не күтуге болады? Болашаққа болжам жасаған кей ата – ана баланы тек материалдық тұрғыдан тәрбиелеп бағумен шектелуде. Ең қауіптісі – өсиет естіп, өнеге алатын балаға қалта телефонын алып беріп, әдептілік үйрететін жастық шағында компьютер орталықтарындағы ойындарға қадағалаусыз жіберуі. Осылайша, ата – ана әу бастан - ақ ұрпақ санасына қатыгездік, мейірімсіздік секілді өшпестей теріс тәлімді өзі беруде. Осыдан барып өз ата – анасын сыйламай, қарсы сөз сөйлеп өскен жастарды көргенде кімді кінәламақпыз?!

Аллаһ Тағала және оның елшісі Мұхаммед (с. а. у.) бақытты ғұмыр кешудің жөн – жоралғысын көрсетіп бергені айдан анық. Асығы бүк түсіп, бүгінгі батыстың лас мәдениетіне басы айналған кей ата – аналардың рухани жұтаңдыққа жол беріп, имандылықты ескінің жолы деген тар түсінігіне қарап қатты қынжыласың.
Әдептіліктің айнасына айналған хазіреті пайғамбарымыз (с. а. у.) бала тәрбиесі жайында: «Балаларыңызды тілі шығып сөйлей бастаса, ең алғаш үйретер сөздерің – «Лә иләһә иллаллаһ» болсын», - деп тәрбиені неден бастау керектігін көрсеткен. Шынында, « Лә иләһә иллаллаһ» сөзі – күллі имандылық қағидаларының қайнар бұлағы.

Бүгінгі тәрбие мүлдем керісінше. Бір ауыз қасиетті кәлима сөзін балаға үйретудің орнына тілін қызық көріп, «қане, айта қойшы» деп барлық жаман сөзді үйретіп, ақырында қойдыра алмай жүргенді де көрдік.
Баланың жүрегі ақ парақ секілді тап – таза. Оның пәк жүрегі не берсең талғамастан қабылдап алады және сол қалпында мәңгі көңілінде сақтап қала бермек. Бір сөзбен айтқанда, не үйретсең соны қағып алады. Әдептілікке кішкентайынан дағдыландырып үйретсең, ол бала тәрбиелі, өнегелі болып өседі. Сол берген тәрбиесі үшін ата – анасына сауап жазылады. Егер бала тәрбиесіз, әдепсіз болса, дұрыс тәрбиелемегені үшін ата – анасына күнә жазылады. Сондықтан, балаға алдымен имандылықты, әдептілікті, жақсы істерді үйретіп, барлық жаман қылықтан сақтандыра білуіміз керек. Өйткені, Ислам бала тәрбиесін ата – анаға парыз еткен. Мұнымен қатар, бала тәрбиесіне қоғам да жауапты.
Сол секілді ата – ананың бала алдындағы басты міндеті – жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру. Бұл жайында Аллаһ Елшісі (с. а. у.) былай деген: « Әкенің бала алдындағы міндеті – жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру».
Жақсы ат қойғаннан кейін сәбиге ислами тәрбие беру ата – ана үшін маңызды міндет.
Ата – ана имандылық тәрбие беру арқылы өзін және бала – шағасын екі дүние қиыншылығынан құтқарып, бақытқа жетеді.
Өкінішке орай, ата – аналардың ең үлкен кемшілігі Жаратушысы бар екенін балаларына кішкентайынан айтып ұғындырмайды. Аллаһ деген атты білмей, санасына сіңірмей өскен сәби иманы әлсіз болып өсіп, бұзықтыққа әрдайым біртабан жақын тұрады. Осының салдарынан бала ер жете келе имандылыққа бет бұрмай кетуі ықтимал. Дінсіз тәрбиеленген сәби ақыретте ата – анасының жағасына жабысып: «Дінімді, Жаратушымды, пайғамбарымды, халал мен харамды неге үйретпедің?» - деп сан – сауалдың астына алғанда перзентіне не деп жауап береді?
Олай болса, ата – аналар қауымы бауыр еті баласының тәрбиесіне немқұрайды қарамай, дінді үйретіп, имандылыққа тәрбиелеуді басты назарда ұстағандары абзал.
1 839
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ана тіршіліктің гүлі
Ана тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана.
Басты ұстаным - «Мәңгілік ел» эссе
Басты ұстаным - «Мәңгілік ел» эссе
Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті...
Ана – тіршіліктің гүлі
Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Ана
Ана
Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы №55С. Қожанов атындағы орта мектебінің 7 - сынып оқушысы Шертай Ақнұр Жетекшісі: Г. Кембілбекова
Тәрбие отбасынан басталады (баяндама)
Тәрбие отбасынан басталады (баяндама)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Діни білім – тәрбие бастауы
Діни білім – тәрбие бастауы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×