Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру

23 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
«Асылай» бөбекжай балабақшасы әдіскері
Минажева Айман Сейтжановна

Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру

Баяндамада балалардың ерте жастан психофизикалық мүмкіндіктерін жағымды дамытуға мүмкіндік беретін дамытушылық орталықтарының мектепке дейінгі ұйымдарда жеткілікті болуы «Тәй - тәй» технологиясын негізгі міндеттерінің бірі болып табылатыны айқындалған.

Тақырыбы:
Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі балалардың құзыреттілігін дамытудағы заттық - дамытушылық ортаның рөлі
2. Балабақшада пәндік - дамыту ортасының қызмет жағдайы
3. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде дамытушы орта кеңістігін ұйымдастыру
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Қазіргі таңда жан - жақты жетілген, білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан - жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу - біздің басты мақсатымыз. Осы мақсатты іске асыру барысында біздің балабақшамызда «Тәй - тәй» технологиясын пайдаланып жұмыстанудамыз. «Тәй - тәй» технологиясының негізін салған Джорж Сорос. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі – орталықтарға бөлініп, шағын топпен жұмыс атқару. Яғни балаларды бірін - бірі сыйлауға, бір - бірінің сөзін тыңдауға, ынтымақтастықта болуға дағдыландырады.

«Тәй - тәй» инновациялық технологиясы
Мақсаты: балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту болып саналады.
Талабы: балаға білім беруде мақсатқа жету, іс - әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын арттыра отырып, баланың жан - жақты дамуына, жаңалықты тез қабылдауына әсер ету.

«Тәй - тәй» технологиясы бойынша балалар үшін әр жұмыс күні таңғы жиыннан басталады. Таңғы жиын балалардың ертеңгілік жаттығу жасау, бір - біріне тілек айту, жағымды әуен тыңдау түрінде өтеді. Таңғы жиыннан кейін негізгі орталықтардағы жұмыстар басталады. Орталықтардағы жұмыстар тәрбиешілерден үлкен жауапкершілікті және шығармашылықты қажет етеді. Әр түрлі орталықта жұмыс жасау кезінде балалардың өздерін әр қырынан көрсете отырып жұмыстануы, олардың танымдық қабілеттерін дамытуы арқылы білімдерін шыңдай түседі. Біздің балабақшада әр топтың ішінде ғажайыптар, өнер, саяхат, көркем әдебиет, тіл дамыту, қызықты математика, құрылыс және ғылыми орталықтары жұмыс істейді. Әр орталықта 6 - 8 баламен жұмыс жүргізіледі. Мысалы, көркем әдебиет орталығында балалар ертегілер тыңдаса, өнер орталығында тыңдаған ертегісінің ішінен өздеріне ұнаған кейіпкердің бейнесін салады. Сонымен қатар математика, құрылыс орталықтарында балалардың логикалық ойлау қабілетін, ой - өрісін дамыту үшін белгілі бір нәрсені құрастыру, ойындар, қызықты тапсырмалар беріледі. Орталықтарда белгілі бір уақыт мөлшеріндегі жұмыстан кейін балалар алмасып, басқа орталықтарға барады. Балаларға ауысатын уақыт жақындағанын, олардың жұмыстарын аяқтап, ауысуға дайындалу қажеттігін естеріне салынады. Ауысудың уақыты жеткен мезгілде сылдырмақ дыбысымен немесе қол шапалақтау сияқты белгілер беріледі.
Орталықтағы көрнекі құралдарды мазмұнды, суреттердің ертегі кейіпкерлерінің, қуыршақ театры, түрлі ойыншықтардың, үйлестірмелі құралдардың жеткілікті болуы ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерін өткізуде тиімді нәтиже береді.
Қазіргі заман философтары «орта» деген сөздің мағынасын жеке мінез құлық пен қоршаған ортаның тығыз байланысының системасы деген тұрғыда қалыптастыруда. Дамытушы, тәрбиелеуші ортада сәби жеке тұлға ретінде қалыптасады және бұл қалыптасу социумның модулі болып табылады.
Дамытушы орта кеңістіктерінің мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейіне әсер беру мақсаттары:
 Балаларды дамытушы орта арқылы өмірдің қыр - сырын таныту және біліктілігін жан - жақты дамыту;
 Тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыру барысында күнделікті өмірдегі дағдыларының құзыреттілігін байыту, жетілдіру;
 Дербес қимыл әрекеттерін қолдау, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің қалыптасуына жан дүниесінің тазалығына, ұқыптылығына тәрбиелеу;
 Тәрбие жұмысының тақырыптары бойынша білім - білік дағдыларын түсіндіру;
 Баланың меңгерген білімін бақылау, бағалау;
 Үйренгендерін күнделікті өмірде қолдануы;

1. Мектепке дейінгі балалардың құзыреттілігін дамытудағы заттық – дамытушылық ортаның рөлі
Заттық – дамытушылық баланың әрекетін ынталандырушы, бағыттаушы, дамытушы фактор есебінде қарастырылады. Ол белсенділік, бақылаушылық сапалардың және кең мағынада жеке тұлғаның дамуына әсер етеді.

Заттық – дамытушылық орта балалардың жасы мен даму деңгейіне және олардың әрекетіне тікелей тәуелділіктен табылады. Топтағы дамытушылық ортаның мақсаты ақпараттандырылуы, сол немесе басқа үдерістің бейнесін жасайды, қоршаған орта мен баланың арасындағы үйлесімді қарым - қатынасты қамтамасыз етеді. Заттық – дамытушылық ортаның барлық компоненттері мазмұы, көлемі, көркемдік шешімі бойынша өзара байланысты. Балабақшаның әртүрлі жас топтарындағы заттық - дамытушылық ортаны ұйымдастыра отырып педагогтар балалардың ойын әрекетін дамытудың кезеңдік ерекшелігін, тәрбиенің жеке тұлғалық – бағытталған моделі қағидасын есте ұстаулары керек.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық – дамытушылық орта белгілі талаптарға жауап береді: бұл бәрінен бұрын баламен тақырыпқа, ойын желісіне, сол немесе басқа ойыншықтарға, ойынның орны мен мерзіміне еркін жету. Балабақша топтарында заттық – дамытушылық ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы және жоғары шығармашылық әрекет қажет. Заттық – дамытушы ортаны құру кезінде келесідей қағидаттарды басшылыққа алу қажет:
• Ортаның жартылай функционалдығы: заттық - дамытушы орта көптеген мүмкіндіктерді ашып, тәрбиелеу - білім беру үдерісінің барлық құраушыларын қамтамасыз етуі тиіс, осы мағынада көпфункционалды болуы тиіс;
• Ортаның жартылай функционалдығымен байланысты оның түрленуі бұл жағдай бойынша бірінші орынға кеңістіктің қандай да бір функциясын шығаруға мүмкіндік беретін өзгеру мүмкіндігі;
• Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс.
• Топтың заттық – дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.
Балалардың өз бетімен іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын дамытушы - заттық ортаны құру қажет.

Толық нұсқасын жүктеу
19 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді.
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Келісім шарт
Келісім шарт
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №5 "Ақбота"МДҰ әдіскері Есжанова Света Ташкенбаевна
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×