Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болашақ мамандардың құзырлығына қойылатын талаптар

29 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Болашақ мамандардың құзырлығына қойылатын талаптар
«Егер мұғалім он бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз»
(Л.Толстой)
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.

Білім – адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда, ол – педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз «адамды» оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Көне грек философы Платон өз кезінде танымды, білім алуды еске түсіру деп түсінген екен: білім әр адамның бойында, ол туа біткен қасиет, таным мақсаты тек сол білімді еске түсіруде.Бұл ұстаным ұстаздан шәкіртке білімді тасымалдаудың мүмкін еместігін аңғартады: әрбір адам өздігімен білімді игермесе, яғни есіне түсірмесе , ол ешнәрсеге де үйрене алмайды. Шындығында да өзінде бар білімді ұстаз шәкірттеріне дайын күйде беретін болса, оның бұл ісінен мардымды нәрсе шығар ма екен? Халқымыздың «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген аталы ұғымы осындай жайтты меңземей ме?

Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдармалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т.б. технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды талап етеді. Ақпараттық, оқытудың инновациялық технологиялары арқылы барлық балалар мен жастарға бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді.
Білім беру сапасының критерийлері:
1. мұғалімнің кәсіби шеберлігі
2. мұғалімнің білімділігі
3. мұғалімнің тәжірбиесі
4. мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі
5. білім беру сапалылығы
6. еңбектің тиімділігі
7. әдістемелік жұмыстағы шеберлігі
Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет.

Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:
• мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі
• білім беру жүйесінің сапалылығы
• мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.
Оның құрамына:
- мұғалімнің мәдениет адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;
- кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;
- педагогикалық ықпал етудің және қазіргі оқытудың технологияларын білуі;
- өзін-өзі шығармашылықпен дамыта, іске қоса алуы;
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:
1.Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші
2.Субъективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес
3.Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады.
4.Шығармашылықтың критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады.
Біліктілікті арттыру - өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеруі болып табылады.
Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш – оның кәсіби құзырлылығы. «Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлға субьектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. «Құзырлылық» - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алу дегенді білдіреді.
Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.
М.А. Чошанов құзырлылықты маманның төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:
• тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті
• қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі
• қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы
• практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
• нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі
• тиімді шешім кабылдау қабілеті
Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырмасы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық тұлғалық сапасы, теориялық, білімдік және профессионалдық дайындығының бірлігі,жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған.

Құзырлылықты, Джон Равен, танымдық, пәндік, практикалық, тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы, синтезі деп пайымдайды.
Танымдық
пәндік → практикалық → тұлғалық →
тәжірибенің күрделі пайымдамасы, синтезі.

Соңғы жылдары ғылыми–педагогикалық еңбектерде кәсіби құзырлылық дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы ретінде қарастырылады. Біздің ойымызша, құзырлықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез–құлқын, ең бастысы - тұлға мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша бастады. Олай болса, құзырлылық – нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын құндылықтарды есепке алуы қажет.
Құзырлылық тәсілдері :
 нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі
 танып білудегі, жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі
 адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалау
 өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам мүшесі
 құқықтық нормадағы және әкімшілік құрылымдағы жағдаяттарды шешудегі біліктілік
Құзырлықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы тәжірбиесі, интеллектісі,тектілігі
Құзырлықтың сапа белгілері:
дүниетанымы, адамгершілігі, еңбекқорлығы, көлемі, жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы, дарыны.
Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А. Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына білім мекемелері мынадай құзырлықты қалыптастыруы тиіс деп есептейді:
1.Саяси және әлеуметтік құзырлықтар. Олар адамның өзіне жауапкершілік ала алуында.
2.Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар. Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, дін өкілдерін құрметтеу.
3.Жазбаша және ауызша қарым – қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де жатқызылады
4.Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар. Бұл жаңа технологияларды білу, ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған сыни баға беру білу деген мағынаны береді.
5.Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір бойы білім алуға қабілеттілік.
Болашақ мұғалім:
- ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеу.
- оқушылардың негізгі құзырлылығын қалыптастыруға дайындығы: құндылық-бағдар, жалпы мәдениет,оқу-танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық,.
- білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру
XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы оқытушы – тәрбиеші мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Мұғалім – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар студенттерді – ертеңгі мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ мұғалімдерді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.
43 607
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс
XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті
Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті
Мемлекет мәдениетінің айнасы - мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай - күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс - әрекетінен анық аңғарылады.
Ұстаздық – борышым
Ұстаздық – борышым
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, А. Байтұрсынов атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Мамандығым – мақтанышым
Мамандығым – мақтанышым
[right]Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы
Өз кәсібіңнің шебері бол!
Өз кәсібіңнің шебері бол!
ОҚО, Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің педагог-психолог және бастауыш сынып мұғалімі: Еркебаева Гүльнара
Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы
Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалантөс ауылы, Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Тажибаева Шолпанай Бибитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×