Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының халықаралық саудаға қатысуы

04 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
БҚО, Ақжайық ауданы,
Алмалы ауылы, Алмалы ОЖББМ
Сызу және экономика негіздерімен қаржылық сауаттылық пәнінің мұғалімі:
Қаныбет Мазета

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының халықаралық саудаға қатысуы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: жаңа түсініктер мен әрекеттердің амалдарын, ғылыми білімнің жүйесін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Сабақта оқушылардың психологиялық ой-өрісін, білім сапасын тереңдету, өз еріктерімен жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Ойлауды дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтау, ой қозғау, мәтінмен жұмыс, шешім қабылдау.
Көрнекілігі: плакат, мәтіндер.
Пәнаралық байланыс: География.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру
IІ. Негізгі ұғымдар:
а) халықаралық сауда
ә) Экспорт
б) Импорт
ІIІ. Халықаралық сауданың пайда болу себептері:
а)Табиғи қорлардың тең бөлінбеуі
ә) Өндірістегі абсолютті артықшылық
б) Өндірістегі тәуелді артықшылық
ІV. Экономикалық мағыналы сөзді табу.
V. Мемлекет сауда жасайды (мәтіндер)
а) Неге мемлекеттер сауда жасайды?
ә) Адам Смит (1723-1790).
б) Гүлден де баюға болады.
VI. Қорытынды.

II. Негізгі ұғымдар:
1. Халықаралық сауда.
Халықаралық сауда деп мемлекеттер мен ұлттық шаруашылықтардың арасындағы тауармен қызмет көрсету өзара айырбастарын айтымыз. Дүние жүзілік сауданың субъектілері: Жеке тұлғалар, жеке меншік, акционерлік кооперативтік кәсіп орындар, мемлекеттік мекемелер. Халықаралық тауарлар мен қызмет көрсету нарықтарының түрлері: Жұмыс күші нарығы, капитал нарығы, техника және ғылым жетістіктері нарығы. Әлемдік сауданың аймақтық ерекшеліктерге байланысты жіктелуі: Азиялық, европалық, латын америкалық және т. б. Халықаралық сауданы іске асыратын инфрақұрылымдар: транспорт құралдары, қойма мекемелері, байланыс құралдары және т. б.

2. Экспорт
Экспорт дегеніміз басқа ел тұрғындарының ұлттық экономика салалары өндірген тауарларды сатып алуы. Мысалы: Қазақстанда өндіріліп басқа елге сатылған тауар-Қазақстан үшін экспорт болып саналады. Қазақстан шет елге үш жүзден жоғары өнім түрін шығарады. Бірақ Қазақстан экспортының төрттен үш бөлігін бес-ақ тауар түрі құрайды: 1-мұнай, 2-қара металдар пракаты, 3-тазартылған мыс, 4-бидай, 5-ферро қорытпалар. Негізгі экспорттық тауар-шикі мұнай барлық экспорттың бестен үш бөлігін құрайды. Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар: Ресей, Швейцария, Қытай, Италия мемлекеттері.

3. Импорт.
Импорт дегеніміз - бір ел тұрғындарының басқа елде жасалынған тауарларды сатып алуы. Мысалы: басқа елде өндіріліп Қазақстан сатып алған тауар - Қазақстан үшін импорт болып саналады. Қазақстан импортының құрамы әр алуан. Ең көп сатып алынатын тауарлардың алғашқы бестігі мыналар: 1-машиналар мен құрал-жабдықтар, 2-жеңіл автокөліктер, 3-құрыш құбырлары, 4-мұнай өнімдері, 5-табиғи газ. Машиналармен құрал-жабдықтар барлық импорттың төрттен бір бөлігін құрайды. Қазақстанға импорт тауарлар негізінен Ресейден, Германиядан, Қытайдан, АҚШ-тан, Украйнадан келеді.

III. Халықаралық сауданың пайда болу себебі.
1. Табиғи қорлардың (игіліктердің) тең бөлінбеуі.
Халықаралық сауданың пайда болуына әсер еткендердің бірі–табиғаттың өзі. Себебі; табиғи қорлар (игіліктер) әртүрлі елдер арасында табиғатында тең бөлінбеген. Мысылы: Бір елде мұнай көзі болса, екінші бір елде хром көзі бар. Осы екі елге автомобиль тетіктерін жасау үшін хромдалған болат және бензин болу үшін жанармай құятын станция керек. Бұл елдер мұнайды хромға айырбастап бірімен бірі сауда жасасуға тиісті. Тура осындай жағдайдан Қазақстан шет елге мұнай, газ, алюминий тағы басқа шикізаттар шығарып, басқа елден өндіріс құрал-жабдықтармен бірге, ананас тағы басқа қажеттіліктерді алып келеді.

2. Өндірістегі абсолютті артықшылық.
Абсолютті артықшылық - тарихи жағдайлар күшінде елдің қол астындағы аса тиімді табиғи-климаттық, шикізаттық және еңбек ресурстарының бірлесуі. Мысалы: Грузия Қазақстан алдында лимон өндіру өндірісі бойынша абсолюттік артықшылығы бар, яғни Қазақстан үшін лимонды өздері өсіргеннен гөрі грузиндерден сатып алған пайдалы. Ал егерде бидайдың қатты сорты туралы өндірісті айтатын болсақ, онда бұл жерде аталған мемлекеттер орын алмастырады да абсолюттік артықшылық астық өндіруде үлкен табиғи – климаттық жағдайы қалыптасқан Қазақстанда болады. Осыған байланысты, Грузияға астық өндірумен шұғылданғаннан гөрі, оның орнына оған Қазақстаннан алған пайдалы болады. Абсолюттік артықшылыққа белгілі бір немесе басқа да тауарларды өндіруші елдер, мысалы, көкөніс, жемісті экспортқа шығарушы ыстық елдер, асыл тастар мен асыл тасқа бай елдер, өнеркәсіп заттары мен өндірісі дамыған елдер ие болады.

3. Өндірістегі тәуелді артықшылық.
Тәуелді артықшылық - бұл түрлі елдерде өндірілетін біркелкі өндіріс затының балама бағытын қатар қою принципіне негізделген артықшылық. Қазіргі заман жағдайында тәуелді артықшылықтар балама өндірістер арқылы белгіленеді, яғни белгілі бір тауар өндірудің шығыны басқа бір тауар өндіру шығыны арқылы анықталады. Мысалы: Қазақстан тек екі тауар-мұнай мен астық қана өндіреді. егер де сыртқы сауда жоқ болса, онда екі тауарды да тек өзі өндіруге мәжбүр болады. Егерде сыртқы сауда болатын болса, жағдай өзгереді. Айталық, Қазақстан соңғы жылдары Республиканың оңтүстік аудандарындағы үнемі байқалатын су тапшылығына байланысты мақта өндірісінен бастартуы мүмкін. Жалпы, осы және басқада себептер мақта тоннасы бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Сондықтанда Қазақстан мұнайға айырбас ретінде мақтаны импортпен ала алады.

IV. Экономикалық мағыналы сөзді табу
УТАБЫСУШЫҒЫНМ
СЖЗИМПОРТЛҚЖ
ЖМҚЭКСПОРТБН
ТЕҢБЕКТЖСАЛЫҚТ
ҚСАУДАЙҚАРЫЗ С
ТТАУАРАКӘСІПКЕР
СНАРЫҚМФИРМАЕ
АЛАҚШАНҚОРЛАРТ

V. Мемлекет сауда жасайды (мәтіндер)
1. Неге мемлекеттер сауда жасайды
Шотландиялық экономист Адам Смит 200 жыл бұрын бұл сұраққа жауап берді.

Кез келген саналы отбасы иесінің негізгі қағидасы сатып алғаннан гөрі қымбатырақ түсетін заттарды үйде дайындамау еді. Тігінші өзіне етік тігуге тырыспайды, оны етікшіден сатып алады. Етікшіде өзіне киім тігіп алуға тырыспайды, оны тігіншіден сатып алады. Фермер екеуінде өзі жасауға тырыспайды, екі кәсіпші көрсететін қызметті пайдаланады. Бәрі өз еңбегін көршілері алдында басымдылығы бар салада аяқтауды тиімді деп табады да, керек заттарды өнім бөлігіне айырбастап немесе сол нәрсені өз еңбегі өнімі бөлігінің бағасына сатып алады.
Әрине кез келген жеке отбасы әрекетінде дұрыс болып саналған нәрсе бүкіл корольдыққа жарамауы мүмкін. Егер қандайда бір бөтен ел тауарды өзіңіз дайындай алатын бағадан арзанырақ бағаға берсе, әрине оны одан өзіміз басым болатын салада ұсынылатын өнеркәсіптік еңбегіміздің кейбір бөлігі ретінде сатып алған дұрыс.

2. Адам Смит (1723-1790)
Адам Смит дәулеті шағын шотландық отбасыдағы жалғыз бала еді. Ол әкесінен ерте айырылды. Адам Смит 14 жасында Глаз университетіне түсіп, дүние тану жолын бастады. Біртіндеп өз заманының ең білімді адамдарының бірі болды. Оның Глаз университетінің ректоры болып тағайындалуы осыны мойындау еді.
Ол барлық адамдарда өз жағдайын жақсартуға деген талпыныс бар деп есептеді. Дүние жүзінің кез келген халқының әл-ауқатының өсу кезі еңбекті бөлуде деп білді.
Ұлы шотландық тауарларды айырбастау, осы айырбас екі жаққа да тиімді болғанда ғана жүреді деп көрсетті. Смит тауар айырбасын қатысатындардың барлығы үшін әмбебап пайда болатынын дәлелдеді. Бұл пайда – оған қатысушылардың өз еңбегін үнемдеуі.
Егер өкімет адамдарға еңбек ету, жинақ жасауға және оны коммерциялық қызметке салуға кедергі жасамаса, онда ел гүлденеді. Экономикалық жаңалықтары үшін Адам Смитті «экономика әкесі» деп атады.

3. Гүлден де баюға болады
Экспорттан үлкен табыстарды тек мұнай немесе газ ғана әкелмейді. Мысалы, кәзір дүние жүзінде пайдалы сала болып алған гүл өсіру шаруашылығы қызу дамып келеді. Өнеркәсіптің қуатты салаларын дамытуға күші жетпейтін, бірақ жақсы климаты бар немесе ауыл шаруашылығы өндірісі жоғары дамыған кішкентай елдер гүлдін әлемдік нарығына қатысудан зор табыстар алып отыр.
Мысалы, Колумбияның гүл өсірумен айналысқанына 20 жылдай ғана болды, ал қазір жыл сайын сату үшін 130 мың тонна гүл кесіледі, бүл АҚШ гүл импортының 90%-і. Дүние жүзіндегі жетекші гүл өсіруші ел Нидерланды жыл сайын тек Германияға 200 мың тонна гүл сатса, ал кіп-кішкентай Израиль дүние жүзінде гүл өсіру бойынша 3 орын алып, Европада гүл шоқтарын сатудан 150 миллион доллар табады.
18 965
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы белсенді стратегиялар
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы белсенді стратегиялар
TIMSS халықаралық зерттеулерінің концептуалды негіздері (мақсат, міндеттері, тапсырмалар форматы). PISA бағдарламасының мақсат, міндет, құрылымымен таныстыру.
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп - гимназияның география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна
8-наурыз — Халықаралық Әйелдер Күні
8-наурыз — Халықаралық Әйелдер Күні
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі: Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы
Табиғи қорлар
Табиғи қорлар
Табиғи қорлар тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін тереңдету, нақтылау және толықтыру. Оқушыларды іскерлікке, ізденушілікке үйрету.
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Қазақстанның әлеуметтік саясатында білімді дамыту мәселесі ерекше орын алып отыр. Білім берудегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында айқындалған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×