Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп жасына дейінгі зейін жетіспеушілігі мен гипреактивтілік синдромы бар (гипер белсенді) балалардың ата - аналарына арналған кеңес

25 мам 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
БҚО, Орал қаласы,
№30 «Гүлдер» бөбекжайының
ІІ санатты педагог – психологы
Бақтыгереева Жансая Самиғоллақызы

Мектеп жасына дейінгі зейін жетіспеушілігі мен гипреактивтілік синдромы бар (гипер белсенді) балалардың ата - аналарына арналған кеңес.

Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көп көне бермейтін, басқа балалардан мінез – құлқы мен қимылы ерекше бала. Бұндай балалар балабақшада тәрбиешілерді ғана емес, отбасында ата – аналарын да шаршатары сөзсіз. Белсенді балалармен жұмыс жасау, дене күшін және жан күшін көп қажет етеді, бірақ қандай жұмыс болмасын баланың белсенділігі болу керек емес, керсінше тәртіп, білім ережелерін меңгеруге көмек көрсету керек. Біз барлық гипербелсенді балалармен жұмыстануда мынадай жағдайларды есте ұстауымыз қажет. Біріншіден - олардың «дегенімен» жүруге болмайды, еркін жіберетін болсақ - аласапыранның күшеюіне апарады. Екіншіден - баланың қолынан келмейтін күші жетпейтін нәрселерді талап етуге болмайды, ол қарсылыққа апарады. Ал ең ұнамсыз - ол өз өзіне жаман тәртіпсіз деген қарым қатынас.
Егер де бала барлық ашуымен балаларға жүгірсе, біз оны құшақтап «қане екеуіміз дұрыс тыныс алып демімізді шығарайық» немесе 1 - ден 10 – ға дейін бірге санайық десеңіз, бала ашу - ызасын ұмытып тынышталады. Сонымен қатар гипер белсенді балалар бимен, ән шырқаумен айналысқан жөн.. Ата - аналарға ондай балаларды жүзуге жіберуге кеңес береміз. Егерде серуендеп жүргенде бала қозып кететін болма біз оны жеңіл жүгіріспен алдаймыз, «қане біз алаң ішінде жүгірейік»деп жүгіріс кезінде жүгіру түрлерін ауыстыруға болады. Жүгірістен кейін баланың шиеленіскен жүйкесі басылып тынышталады. Гипербелсенді балалар дизритммен қиналады, оларда тәулік биоритм әрең деген де анықталады. Олар нашар ұйықтап әрең оянады, оларды жанында отырып қолдарын ұстап иығынан сипап ұйықтату тиімді.

1. Ең алдымен ата - аналар мен педагог бірлесе отырып, балаға қатысты бірыңғай талаптар жүйесін жасақтап алғаны жөн.
2. Бұндай балалармен жұмсақ, сабырлы түрде сөйлесу керек. Тым белсенді бала жағымды да, жағымсыз да әсерге тез берілгіш. Сондықтан сіздің көңіл - күйіңізді тез қабылдап, тоқмейілсініп кетуі мүмкін.
3. Бұл балалардың іс - әрекетін өз бетімен жіберуге болмайды, өйткені тым белсенді балалар қалыптасқан жағдайды тез түсініп, үлкендерді өз айдауымен жүргізгісі келеді.
4. Ол балаларға үлкендердің мадақтауы мен ыстық ықыласы ауадай қажет. Алайда не нәрсені де тым әсерге берілмей сабырмен орындаңыз.
5. Тым белсенді балаларға нұсқау беріп тұруды әдетке айналдыру маңызды. Нұсқауларыңыз көп сөзден тұрмасын, әрі кеткенде 10 сөздің айналасында болсын. Балаға бірнеше нұсқауды бір уақытта бермеңіз: «бөлмеңе бар, ойыншықтарыңды жина, қолыңды жу да ас бөлмеге кел деу» дұрыс емес. Әр нұсқауды алдыңғы нұсқау орындалып болғаннан кейін берген жөн. Нұсқаулардың міндетті түрде орындалуын қадағалау қажет.
6. Басқа балалармен қарым - қатынас жасағандағы сияқты тым белсенді баланы тәрбиелеуде бірізділікті ұстану қажет. Тыйым сала бермеңіз, оларды мұқият ойластырып, балаға түсінікті түрде жеткізіңіз. Бала салынған тыйымды бұзса, оны қандай жаза күтіп тұратынын түсінуі тиіс.
7. Үлкендер баланың бұрыс әрекеттерін дұрыс жолға біртіндеп қайта қоя білуі тиіс. Мысалы, егер бала айқайлап жатса, жанына барып оның сүйікті әнін бастаңыз, ол қосылған кезде даусыңызды біртіндеп бәсеңдетіңіз. Балаға әрқашанда таңдауға бірнеше әрекет түрін ұсыныңыз.
8. Тым белсенді балаға бір нәрседен екінші нәрсеге көшу қиын. Сондықтан балаға басқа іспен айналысу қажеттігін алды - ала ескертіп қойған дұрыс. Егер бұл жағдайда сағаттың қоңырауын немесе ас үй таймерін қолдансаңыз, тіпті жақсы. Егер бала ата - анасының өтінішін орындаса, оны міндетті түрде ынталандыру қажет (міндетті түрде материалдық тұрғыдан емес).
9. Бұл балалардың шаршағаны тым көп қозғалып кеткенінен байқалады, оны біреулер баланың белсенділігіне балайды. Шаршап - шалдығу өзін - өзі бақылаудың төмендеуіне соқтырады. Сондықтан тым белсенді балалардың адамдар көп жүретін жерлерде болу уақытын шектеген абзал.
10. Тым белсенді баламен табысты әрекет ету үшін қажетті шарттардың бірі – күн тәртібін сақтау. Бүгін немен айналысатынын бала алдын - ала білгені жөн.
11. Баланы ынталандыру жүйесін жасақтап алған дұрыс. Мысалы, әрбір дұрыс әрі дер кезінде орындаған әрекеті үшін оған жетон ұсыныңыз, соңынан ол жетондар сый - сияпаттарға алмастырылады: серуенге бірінші жұппен шығу құқығы, түскі аз кезіндегі кезекшілік, бірге кітап оқу, осылайша баланың қызығушылығына қарай.
12. Міндетті түрде есте ұстайтын жайт, тым белсенді баламен сөйлескенде сабыр сақтау керек, өйткені ол балалар көңіл - күйдің өзгергенін бірден сезіп, үлкендерді өз дегеніне қарай ыңғайлауға бейім тұрады.
13. Ойындарды таңдағанда тым белсенді балалардың мына ерекшеліктерін есте ұстау қажет: топтағы ережелерге ұзақ уақыт бойы бағына алмайды, тез шаршайды, сөзді аяғына дейін тыңдай алмайды, нұсқауларды аяғына жеткізе алмайды. Ойын кезінде ол балалар өз кезегін күтуден бас тартып, басқалардың қызығушылықтарымен мүлдем санаспайды. Сондықтан алдымен баламен жеке жұмыс жүргізіп алып, сосын барып 2 - 3 баламен ойынға қосу керек, содан кейін одан үлкендеу топтарға қосып ойнатуға болады.
14. Тым белсенді баланың жаны тез жаралатындықтан, өзіне деген ерекше қамқорлықты қажет етеді. Оның мазасыздығын басуға жеңіл массаж, жұмсақ алақанмен сылап - сипалау, психогимнастикалық ойындар көмектеседі.
15. Баланың асып - тасып жатқан қуатын жағымды бағытқа аударатын ойындарға үйреткен пайдалы. Мысалы, ата - аналар балалармен саусақ ойындарын ойнай алады. Бұл ойындардың тікелей мақсатынан басқа баламен жайлы қарым - қатынас орнатуға септігін тигізетіні белгілі.
16. Тым белсенді балаларды сауықтыруға әсер ететін жайттардың бірі – оған деген мейірімді, байсалды, тұрақты көзқарас.
17. Бұл балаларды тәрбиелеуде жағымсыз әдістердің ол балаларға әсер етпейтінін есте ұстаңыз. Олардың нерв жүйесінің ерекшелігі сол – теріс құбылыстарды қабылдау сезімталдығы өте төмен, сондықтан олар ескертпелер мен жазаға сел етпейді, алайда құйттай мақтау естісе бірден жауап береді.
26 493
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Даун синдромы бар баламен жұмыс жасау
Даун синдромы бар баламен жұмыс жасау
Даун синдромы ауруын ағылшын дәрігері Джон Даун зерттеген болатын. Осыған байланысты гендік ауру ұлы дәрігердің есімімен аталып кеткен. Даун синдромы радиацияның әсерінен, экологияның бұзылуынан, адам ағзасындағы иммунитеттің нашарлауынан пайда
Ата – аналармен жұмыс: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Ата – аналармен жұмыс: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі шақ – адам өмірінің ең қысқа уақыт аралығы, алғашқы 7 жасқа дейінгі аралықты алады. Алайда осы кезеңде баланың ересектерден алшақтауы, кішкене әлсіз сәбидің өзбетті, белсенді тұлғаға айналуы басталады.
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Ұсынылып отырған нұсқауда мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ән ырғағымен саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және
Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес
Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес
Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Дайындаған: Абдинова Үміт Даутқызы
Тәрбиешілерге кеңес
Тәрбиешілерге кеңес
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері Қалжанова Рахима Сыдыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×