Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Серуен және оны ұйымдастыру жолдары (семинар - практикум)

07 тамыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Атырау облысы, Атырау қаласы
Атырау облыстық ақыл - ойы кем дамыған балаларға арналған
интернат үйі медициналық - әлеуметтік мемлекеттік мекемесінің
лекотека маманы: Каликова Айгерім

Мақсаты:
1. Табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау.
2. Серуен кезінде ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы еңбексүйгіштікке баулу.
3. Ойындар арқылы қимыл - қозғалысын, танымдық процестерін дамыту.
4. Балалардың серуен кезіндегі уақыттарын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру.

Интернат үйіндегі серуен күн тәртібінің бір бөлігі болып табылады. Ол негізгі бес бөлімнен тұрады: бақылау, жеке жұмыс, қимылды ойын, табиғаттағы еңбек және дербес (еркін) ойындар. Бес бөлім бірін - бірі толықтырады.
Серуен арқылы балаға айналаны қоршаған орта туралы толық мағлұмат беруге болады. Бала ауа - райын, табиғатты, күнді, желді, топырақты, ағаштар мен жануарларды, құстарды бақылай отырып, білімін жетілдіреді. Серуен дайындықсыз өткізілмеуі тиіс. Олар танымдық мақсатқа құрылып, қызықты өткізілуі керек. Тәрбиеші жоспарлау барысында ақпараттық материалды кеңінен қолданғаны жөн. Олар төмендегі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс:
- Балалардың ой - өрісін кеңейту.
- Үйренгендерін ойын және ауа - райын дербес бақылау уақытында қолдана білуге үйрету.
- Табиғатқа деген қызығушылықтарын қолдау.
Серуенде балалар айналаны қоршаған әлемге таңдана қарайды, алайда көп нәрсені байқамайды, кейде тіпті ең басты нәрсені де көрмеуі, байқамауы мүмкін.
Егер тәрбиеші балаға көрсетіп, қызыққан затын түсіндіріп таныстырар болса, бала көп нәрсені білер еді. Мұндай мүмкіндікті ұйымдастырылған серуен ғана береді. Әр серуен кезінде бала жаңа нәрсемен танысады, бұрынғыларын меңгереді. Балаларды табиғатпен таныстыруда: өлі табиғат, тірі табиғат, өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі және табиғаттағы еңбекке мән берген жөн. Серуен барысындағы қимылды ойындар мен қимыл - қозғалыстар, балалардың денсаулығы мен өзін сезінуіне үлкен әсерін тигізеді. Ережеге бағынатын ойындарды қажетті атрибуттарды қолдана отырып ойнату, мінез - құлықтары әртүрлі болып келетін балаларды біріктіруге, ұжым болып достасып ойнауға мүмкіндік береді.

Серуенді ұйымдастыруда төмендегі жағдайларға көңіл аудару керек:
1. Жер учаскесінде ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау.
2. Серуенді балалардың денсаулығын нығайтудың ең маңызды құралы ретінде кеңінен қолдану.
3. Балалардың киімі мен аяқ киімнің ауа - райына сай болуы.
4. Балаларға жекелей ықпал ету (әлсіз, шапшаң, қозғалысқа өзі түсетін)
5. Балалардың қимыл - қозғалысы әрекетін тыныш әрекетпен іскер реттеуге алу.
6. Балалар өмірін денсаулығын қорғау техникалық қауіпсіздіктің талаптарын сақтау.
7. Серуенді өткізу деңгейін көтеруде:
а) Серуенге бөлінетін уақытты азайтуды болдырмау.
б) Серуеннің құрылысын сақтау.
в) баланың үнемі бос болмауын ұйымдастыру қажет.
Серуен – әр күн тәртібіндегі орны ерекше шара. Табиғат бала санасында терең із қалдыра отырып, оның сезімінің көптүрлі, ашық болуын қамтамасыз етеді. Табиғатпен таныса отырып, бала байқампаз, сақ аңғарымпаз болуға үйренеді. Бала қоршаған ортаны танып білуі үшін, уақытты кеңінен қолдана білуіміз қажет, әсіресе серуен барысында балалар түрлі қызықты мәліметтер ала алады.
Табиғат бала санасында терең із қалдыра отырып, қоршаған ортаны тануына көмегін тигізеді. Ол шегірткенің, торғайдың шырылын естіп, қардың ұсақ ұлпалардан, таңғажайып суреттен тұратындығын біледі.

Серуен және оны ұйымдастыру жолдары (семинар - практикум)

Серуен және оны ұйымдастыру жолдары (семинар - практикум)

Серуен және оны ұйымдастыру жолдары (семинар - практикум)

Серуен және оны ұйымдастыру жолдары (семинар - практикум)


Тренинг “Затты сипатта”
Педагогтар шеңбер бойынша жиналады. Кез - келген затты (жапырақ, қарындаш, қалам, ақ қағаз беті, алма т. б.) қасындағы әріптесіне ұсынады. Ұсынардан бұрын сол заттың қасиетін қысқаша айтып өтеді. Мысалы: жапырақ - жасыл немесе сары, беті жылтыр, көлемі сопақша т. б.

Қорытынды: Кез келген затты түрліше сипаттауға болады.
13 870
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз - табиғат қорғаны (топ - серуен сабақ)
Біз - табиғат қорғаны (топ - серуен сабақ)
Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Таза ауамен демалу.
Серуен картотекасы - Жаз
Серуен картотекасы - Жаз
Балалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқай білу және оны анықтап айта білу дағдыларын дамыту. (күннің ұзаруы, өсімдіктер дүниесінің әсемдігі, ауа - райының өзгешелігі т. б.).
Жаз мезгілінің картотекасы
Жаз мезгілінің картотекасы
Ойға батып мысық Отыр көзін қысып Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу. Мысық сүтке тойды Көзін қысып қойды Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу.
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы Картотека № 1 Бақылау: Жаңбырды бақылау. Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып, оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.
Серуен. Бұлттарды бақылау
Серуен. Бұлттарды бақылау
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Қысқы ағаш
Қысқы ағаш
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×