Білімділер поралы
загрузка...
загрузка...

Ұстаздық еткен жалықпас Эссе

Ұстаздық еткен жалықпас Эссе

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам ба ласы құрметпен бас иеді.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасы на білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата - анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.

Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім - тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім.

Мен бүгінгі таңда Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданы КММ «Үштөбе орта мектебінде» бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет істеймін.
Менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары. Ұстаздардың ғылымның соңғы жаңалықтарын күнделікті сабақтарында пайдалануда білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың орны ерекше.

Жаңа педогогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілікке қалыптасады.

Қорыта келгенде мен өзімнің таңдаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды...» деген сөзі босқа айтылмағаны белгілі. Себебі, мен әр сабағымда оқушымен қарым - қатынасты, олармен сөйлеу мәнерін, сабақты ашып түсіндіру, оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан - жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қараймын. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін, қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөлемін. Кәсіби міндетім - бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балалардың ақыл - ой ынтасын көтеріп, білімді игеруге ынтасы мен дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін шыңдау, сөйтіп жан - жақты дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп санаймын.

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы,
КММ «Үштөбе орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі:
Омирбаева Майгуль Рымбековна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
  • 8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?

    8 наурыз әйелдер мерекесінде гүл шоқтары әдемі сыйлық екені бәріне мәлім, алайда гүл шоқтарын ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады, өйткені әйел қауымы сізден әдемі гүлмен қоса ерекше сыйлық ...
  • Сакен Майғазиев пен Асет Есжан - Жыламасын сәбилер

    Сакен Майғазиев пен Асет Есжанның - Жыламасын сәбилер атты өте әсерлі ән мен бейнебаяны
  • Нұржан Керменбаев - Қара бала

    Нұржан Керменбаев - Қара бала жаңа ән
  • Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс

    Ендеше, келе жатқан 2017 тауық жылында қандай сыйлық тарту еткен жөн, осы туралы айтамыз.
  • Бәйшешек тағдыр жайлы

    Жайт көрдім жүрегімді дүрсілдеткен, Бетпе-бет келіп қалдым бір шындықпен. Тұрсыңдар бой көтеріп қар астынан, Өр - қайсар бәйшешектер, гүлсің неткен?!
  • Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны

    Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны, Ақ ұлпалар – көңілімнің маржандары. Қандай мұңды – қар жауған құтты күні Жанымда жоқ жалғызым жалғандағы.
  • Ана туралы өлеңдер

    Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
  • Біздің көктем

    Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Үздік жаңалықтар
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 328
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 325
Роботтар: 3
aluash966 bibigul20172017 Aigerim87
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика