Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электронды оқулықтарды сабақта қолданудың тиімділігі

20 ақпан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Электронды оқулықтарды сабақта қолданудың тиімділігі
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы.
“Инновация” сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н. Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді.

Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. Электрондық оқулықтарды, жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты -
оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.

К. Д. Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.
ХХІ ғасырдың жан - жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1 - орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын - ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін - бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның жан - жақты дамуына байланысты, оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолдануда. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық. Бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс.

Электронды оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Оқу үрдісін дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу, оқушының пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, оқыту сапасын жетілдіруге, белсенділіктері, ынталары артуына көмектеседі, білім сапалары тереңдейді. Электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп өз бетімен практикалық тапсырмалар орындай отырып, мәселені түсінеді. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұрын мұғалім тақтаға бормен жазып түсіндірсе, қазір электрондық оқулық арқылы оқушыларға әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды электронды оқулықтың көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймыз. Оқушы бұрын алған білімдерін қолданады, түрлі білім көздерінен жаңа білім алады, тұлға баға жетпес тәжірибе жинайды, «мәселелерді шешу» құзыреттілік деңгейі жетіледі.

Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдалану оқушыға:
• Уақытты үнемдеуге, оқулық материалын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге;
• Оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды қысқа уақытта табуға;
• Түсінбеген материалды шексіз қайталауға;
• өз бетінше оқу қызметін жүзеге асырып, жұмыстың барлық кезеңінде өзін - өзі тексеруге;
• өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға көмектеседі.
Электронды оқулықты пайдаланудың мақсаты: білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

 Оқушы мақсатын нақты анықтай білу керек;
 Ақпаратты жинақтап, жүйелеу қабілетін қалыптастыру;
 Шығармашылық ғылыми ізденіске;
 Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Осы мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда оқу – тәрбие үрдісі жүзеге асырылады. Мақсатты айқындауда оқушы жаңа ақпаратпен таңысады.

Электронды оқулықты қолдана отырып, оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады.
* өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
* оқушының өздігінен дайындап, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;
* жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
* өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
* қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға;
* фонохрестоматияларды да кіріктіре отырып, сабақ үрдісінде қолдануға;
* мультимедиалық бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға.
Мұның өзі ізденімпаздыққа, дербес ойлауға, өзіндік қорытынды жасауға жетелейді.

Электронды оқулықты музыка сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер.
 Үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
 Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады;
 Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
 Оқушылардың шығармашылықтарын арттырады;
 Оқушыны жеке жұмыс істеуге үйретеді;
 Оқушының есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
 Пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.
Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың, сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа оқушы деңгейіне сәйкестендіріп, берілуін ескеру керек.

Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану жолдары:
• Мұғалімнің ақпараттық - коммуникациялық технологияны меңгеруі;
• Алынған білім дағды деңгейі жоғарылады;
• Білімдері тереңдеді;
• Тексеру түрлері бағаланды;
• Практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артты.

Қорыта айтарымыз меңгерілуі қиын тақырыптарды электронды оқулықтың көмегімен түсіндірсе, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады, одан әрі артады. Еліміздің әр аймағындағы мектептерде электронды оқулық үнемі қолданыста болса, оқу сапасы әрі қарай алға жылжи отырып артады, толыққанды жеке тұлға қалыптасады деп ойлаймыз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Н. Ә. Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел президентінің халыққа жолдауы) Астана - 2007 ж.
2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Ел президентінің халыққа жолдауы, Астана – 2006 ж.
3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы
Хан Орда ауылы, Жәңгір хан атындағы ЖББОМ - нің
музыка пәні мұғалімі Алмурзина Рита Жоламанқызы

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы аудандық балалар саз мектебінің
«Теория және сольфеджио» пәнінің мұғалім
Ихсанова Гульфия Жоламановна
10 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи технологияларды білім беруде пайдалану
Заманауи технологияларды білім беруде пайдалану
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Инновациялық – педагогикалық идеялар
Инновациялық – педагогикалық идеялар
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы
Білім берудегі құзырлылық
Білім берудегі құзырлылық
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский. Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 8 - бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану арқылы шәкірттердің ойлана білу, шығармашылық қабілеттері артады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдалану
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдалану
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы гуманитарлық - техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ақниязова Ботагөз «Үздік баяндама» номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×