Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі

03 қыркүйек 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі

«Мен ерекше ойлаймын, яғни өмір сүремін деген сөз» Клэр Симмонс

Кейде мұғалім өз тәжірибесі жөнінде айтпаса, қаншалықты пайдалы нәрсе істегенін сезінбейді.
Білім көтеру, білім арттыру жүйесі мұғалімнің әркезде де шығармашылықпен жылдам ұтымды ойлау білу қажеттігін талап етеді. Оқу мен оқыту үдерісі барысында өзімнің және гимназия мұғалімдерінің кәсіби даму траекторияларының кеңейту мақсатында атқарылатын және жоспарланған жұмыс мазмұндары - мұғалімнің көшбасшылығын арттыра отырып оқушының тұлғалық қабілеттерін ашу мүмкіндіктерін арттыру.

Ұдайы жасалынған жұмыстардың нәтижесі - мұғалімдер кәсіби өсудің қажеттілігін түсінді себебі; коучинг пен тәлімгерлік үдерістеріне шынайы қатысады, әрбір сессия сайын белгілі бір жаңалықты өз тәжірибелеріне қолданғылары келетінін және ұтымды тиімді жақтарын саралай алатын болды. Бұрын лезде шығармашылық сабақ беру тек жоғары санатты немесе тәжірибелі мұғалімдерге ғана тән дағды еді, ал қазір деңгейлік оқуды меңгерген мұғалімдер өз сабақтарын шебер құрылымдай алып, сапалы оқытуға бағыттала бастады. Алғашқы кездерде өз тәжірибемізде әдіс - тәсілдерді сараптамай қолдану, кез келген сабақты постер қорғаумен әрлеу қажеттігі немесе сергіту сәтін тек би – әнмен шектеу үрдіске айналған. Ал қазіргі кезде мұғалімдер ақпаратты өз сабақтарына қолдану аясын яғни бағдарламалардың тың нұсқаларын қолдануға машықтана бастады. Әріптестер арасындағы кәсіби сұхбаттар да өзгерістерге толы деуге болады. себебі мұғалімдердің сөздік қорында жаңа терминдер, ұғымдар мен атрибуттар қалыптаса бастады.

Ғұлама ғалым әл — Фараби «Адам мақсатына өзін — өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез — құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс - тәсілдерінің барысында және іс - әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез — құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін — өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез — құлыққа тікелей байланысты. Көрнекті ғалымдар Ш. А. Амонашвили, В. И. Загвязинский т. б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В. А. Кан - Калик, А. В. Мурдик, Н. Д. Хмель т. б. маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы».

Мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктерінің арттыру бағытындағы жұмыстар арқылы байқалған өзгерістер траекториясы:
1. Мұғалімдердің кәсіби - әдістемелік сауаттылықтарының артуына өзіндік құлшыныстарының жоғарылауы; ағылшын тілін игеруге ұмтылыс;
2. Республикалық, халықаралық байқауларға қатысуы артты;
3. Оқушылар арасында логикалық, онлайн бағытындағы сайыстарға белсене қатысу көрсеткіші жоғарылады;
4. Мұғалімдер ресурстың қажеттігі және білім сапасына тигізер әсерін сараптай алады;
5. Желілік қоғамдастық аясындағы іс шаралар мазмұнына қызығушылықпен қарау, қатысу арқылы өздерінің құзіреттіліктерін таныту қадамдары қалыптаса бастады, дегенмен де кей мұғалімдер арасында сыңаржақтылық пікірдің болуы кездеседі;
6. Әр түрлі мазмұндағы, ойлануға, қолдануға мүмкіндігі жоғары ресурстарды коучтармен талқылай отырып ұсыну қалыпты үдеріске айнала басталды
7. Мұғалімдер арасында бөлінген көшбасшылықтың тиімді ұйымдастыру арқылы сапалы жұмыстар атқарылып оң нәтижелер беруде;
8. Интернет сайт ашып өз тәжірибелерін тарату, бақылаушы әріптестердің пікірін алу мүмкіндігі, қарым - қатынас мүмкіндіктері артуда,
8. Әдістемелік талқылаулар, зерттеу топтарының жазбалары мұғалімдердің кәсіби дамуына оң септігін тигізгені жұмыстар барысында көрінуде.

Өз тәжірибеңізде орын алған өзгеріс туралы ойлану пайдалы болуы мүмкін. Сіз жаңа тәсілді және оны пайдалану әдістерін толық ұғынғанша дейін, қаншама қателер мен сынақтардан, түсінбеушіліктен, қиындықтар мен қуаныштан өтесіз. Бірте - бірте сіздің өзіңізге деген, өз күшіңізге деген сеніміңіз арта береді. Уақыт өте келе осы тәжірибе және оның қағидаттары сіздің бойыңызға дарып, ойлау мен тәжірибемен байланысып, сіңісіп кетеді.

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл - әр жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Жаңаөзен қызмет көрсету және қызмет көрсету
жаңа технологиялар колледжінің тарих пәнінің оқытушысы:
Венера Жолмухамбетова Жумашевна

Толық нұсқасын жүктеу
2 851
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Lesson Study тәсілі – шағын жинақталған мектеп тәжіибесінде
Lesson Study тәсілі – шағын жинақталған мектеп тәжіибесінде
Ашық сабақ және Lesson Study 1) Алдымен Lesson Study тобын құрып алу керек. Топ құрамында қанша адамның болатындығын өзіміз шешеміз, алайда дұрысы 3 - 4 мұғалімнен тұрғаны. Олар Lesson Studyдің мақсатына байланысты тек бір пән өкілдерінен (мысалы,
Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы
Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы
Тәлім алушының оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи бай білімді игеруі. Тәлім алушының кәсіби дамуына ықпал ету үшін тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру.
Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.
Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.
Кәсіби қоғамдастықтың маңызы туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңыздылығын көрсету. Мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×