Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары

04 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта.
Отбасында тәлімді тәрбие, өнеге көріп өскен бала жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму деңгейіне дейін көтеріле алады.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық баланың жан - жақты даму деңгейіне әсер етіп, тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады.
Ол төмендегі жағдайларға негізделеді; өзара сапалы қарым - қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір - біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім нәтижелі болады.
Баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге күш салатын қазіргі заман педагогикасы; мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі тәрбие үрдісі.
Отбасындағы ата - анаға баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелетіндігі белгілі. Ата - аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталуы тиіс.
Отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары - баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу, педагог пен отбасы арасындағы қатынас болып табылады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары;
1. Отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, балаларға қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру кеңістігін құрау.
2. Балалардың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық - физикалық денсаулығын қамтамасыз ету.
3. Баланы мектепке даярлау,
4. Отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
5. Балалармен бірлескен шығармашылық оқу қызметін ұйымдастыру.
6. Ата - аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс - әрекет негізінде арттыру.
Осыған сәйкес балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін тәрбие мен білім беру тығыз бірлікте, біртұтас жүйеде жүргізілуі керек. Сапалы білім саналы тәрбиемен ұштасқанда ғана қоғам өзінің рухани дамуында нәтижеге қол жеткізбек. Бала жүйелі білім алып, алған білімін есте сақтап және сол білімді тәжірибеде пайдалана білгенде ғана жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Балалардың шығармашылық қабілетін, дағдысы, іскерлігін дамыту тарату жолдары:
1. Танымдылық бағытта – ашық ұйымдастырылған оқу қызметтер.
2. Адамгершілік - құқықтық бағытта - баланың құқығы туралы, ата - аналарға кеңес оқу.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
4. Эстетикалық бағытта тәрбие беру.
5. Рухани өнегелі тәрбие - ұлттық салт - дәстүрлерді балалардың бойына сіңіру.
6. Шығармашылық бағытта -(көрмелер, топтық жұмыстар)
7. Ата - аналармен жұмыс - ашық сабақтарға қатысу, спорттық жарыстар. т. б.
Біз педагогтар баланың болашағына толғанып, ойланар отбасы қалыптасқан жағдайда ғана еліміздің болашағы зор болмақ.

Қарағанды қаласы
КМҚК «Қарлығаш»
балабақшасының тәрбиешісі
Адилова Нуржанат Сагатбековна
3 881
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты - құқығы.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» МҚКҚ балабақшасының тәрбиешісі Феруза Каленова Ильяқызы
Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі
Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Есенжолова Жанаркүл Ақниетқызы
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×