Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім берудің алтын ережелері

04 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Білім берудің алтын ережелері
Мен - Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, «Қос - Қорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимович, Шымкент қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті артыру институтында 2013 жылы алғашқылырдан болып Кембридж деңгейлік курсына ІІІ деңгей бойынша оқуға бардым. Бұл жерде мені тренерім – Тұрсынбаев Абай ағай жылы жүзбен күтіп, білім берген болатын. Осы курста оқып келгеннен кейін мен бала тәрбиесі, білім беру үдерісі жайлы ойларым түбегейлі өзгерді.

Өмірде де, қызметте де табысқа жету үшін ең қажетті дағдыны, яғни қарым-қатынас дағдысын дамытуға көмектесу керектігін, яғни балаға көбірек өз ойын жеткізуге жағдай жаратып, мұрсат беруіміз керек екен. Жалпы ғалымдардың зерттеуі бойынша адамға берілген сұрақты, ол адам түсініп, толыққанды жауап беремін дегенше, 7 секунд уақыт өтеді екен. Ал, біз мұғалімдер оқушыларға жауап берулеріне уақыт береміз бе, берсек - қанша уақыт береміз?
«Кез келген қиындықтар мен жетістіктер адамдармен қарым - қатынас жасау барысында туындайды»( В. Зеланд)

Оқушы сол жетістіктер мен қиындықтарды салыстыра отырып өзіне-өзі және басқаларға баға беретін болады, яғни әр бір сұраққа сыни тұрғыда ойланып жауап табады, өмірде өз білетіндерін функциональды түрде қолдануға дағдыланады.
Баланы бас алмай сынап - мінеуден аулақ болуымыз керек, неге дегенде бала да өсіп түрған жан, барлық нәрсенің де өз шегі және мөлшері болады. Соны естен шығармай тәрбие үдерісінде балаға дұрыс қолдау көрсеткен жөн, сынап, оның әрбір ісінен мін таба бергеннен бала тұйықталып, адамдарға болған көз қарастары ауытқып кетуі мүмкін екенін естен шығармағанымыз дұрыс болар еді.

«Деструктивті сыншылдықтың зияны мен зардабы адамзат тарихындағы барлық соғыстар шығынынан да асып түседі»
Баланы өз алдына мақсат қоюға және жеке мүдделерін анықтауға және қорғауға үйретуіміз, яғни ашып айтқанда баланың таңдауын және оның қалауын дұрыс түсінуге, арманына жету үшін күресе білуге үйрету. Бұл дегеніміз ата - ана өз баласын қаншалықты жақсы көргенімен олар баласының жанында өмір бойы жүрмейді. Сондықтан баласын өмірге, қиыншылықтар бар екеніне, сол қиыншылықтардың артынан жеңіп шықса жетістік бар екеніне сендіріп тәрбиелеу керек екен.
Осы орайда Конфуцийдің: «Балаға балық ұстап берсең, бір рет жейді. Ал, сен оған қармақ беріп, балық аулауға үйретсең, ол балықты өмір бойы жейтін болады»,- деген сөзі сай келеді.
«Өмір тым қысқа, ал бізге берілген нәрсенің барлығы шектеулі, сондықтан өз уақытымызды дұрыс пайдалануымыз керек. Бұл үшін барлық ресурстарды (күш - жігер, уақыт, ақша, т. б) тиісті мақсатта қолданған жөн» (Д. В. Ковпак)

Жалпы мен үш айлық курста үйренген барлық әдіс-тәсілдерді қолдана келіп, бір нәрсеге көбірек тоқталуды орынды деп есептеймін. Оқушының білім сапасын арттыру үшін ең алдымен оқушының есте сақтау қабілеттеріне назар аударып отыру керек деп ойлаймын, неге десеңіз оқушыға бүгін жақсылап сабақ өтесіз, сол күні «беске» білген оқушыдан бір аптадан кейін сұрасаңыз ол оқушының есінде 10 пайызы қалған болады, сол он пайызы күндер өте келе жоғалып кетеді. Есте сақталмаған білім - ол білім емес, оны өмірде қолдана алмайды. Мені толғандырған осы бір кедергіні болдырмау жолын іздеген кезімде «Хадис» кітабынан жауап тапқан болатынмын, бұл жауап былай айтылған еді: «Білімнің апаты – есте сақтамау, немесе оны қызығушылығы жоқ біреуге үйретіп алтынға тең уақытыңды босқа өткізу».

Сол күннен бастап мен оқушының есте сақтауына өз сабақтарымда мән беріп отырдым және бұл іс - әрекетімнің жемісін көре бастадым.
Алдымен мен әр бір сабағыма жақсылап дайындалатын болдым, содан соң оқушылардың сол сабақта не үйренгені және сол тақырыпты оңай есте сақтауларына өз күшімді салып отырдым. Қарап отырсам бұл жұмысымнан өзім бір сүйсініп, бойымда құлшыныс пайда болғанын сездім. Кейде ойланып, осы үлгермеуші оқушылардың себебін анықтауға тырысамын, оның екі - ақ себебі барын көремін:

1. Оқушының қызығушылығының жоқтығы
Бұған тікелей ата - ана себепші болады, олар өз перзенттерінің келешегімен қызықпайды, қала берсе мұғалімнің де оқушы мен жеке жұмыс істемегенінің салдары. Яғни, мұғалім оқушының қабілетін анықтап алып, сосын онымен жұмыс жүргізуі және қандай жұмысты қолға алудан алдын жоспарлап, психологпен бірге және ата - анамен бірге ақылдасып отырып жұмыс бастаса ғана мұғалімнің жұмысында алға қарай жылжу болады
2. Оқушының ден – саулығы және психикалық ауытқуы

Бұған мысал оқушының отбасыдағы жағдайы, қоршаған ортадағы жағдайы және достарымен қарым - қатынаста айқын білінеді. Бұған себеп бұл өмірде, мектепте, отбасыда оқушының дұрыс бағаланбауы. Тағыда бір атап өтетін жәйт балаға дұрыс қолдау көрсетпей ылғи оны тәрбиелеу - жазалау жолында болсақ үлкен қателікке жол қойған боламыз. Өзіңіз байқап көріңіз, өсімдікке су қажет екенін бәріміз білеміз, бірақ сол суды көбірек құйсақ қандай жағдай болады? Балаға да кей кездері еркіндік беру керек деп ойлаймын. Бұдан еш қандай зиян көрмейтін шығармыз, бірақ барлық істі бастаудан алдын жақсылап ойлап алу керек. Ойлап істесең, ойыңдағы болады екен.
Барлық адамдарда мен бір нәрсені байқадым және оны зерттемек болдым. Іздендім, мені қызықтырған нәрсені зерттеген - Алан Пиз деген зерттеуші бір талай жұмыстар атқарған екен. Соның жұмыстары және мен өзімнің де зерттеулерімнен мыналарды айтпақшымын:
Ым – ишарат тілі
Бізге мәлім болғаны, адамдан – адамға жетіп келетін хабарлардың 55% ым - ишаратпен жеткізіледі екен. Интонация арқылы 38% болса, ал 7 ғана қарапайым сөздер арқылы жетеді екен.

Толық нұсқасын жүктеу
1 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Рефлексивті есеп /соңғы 2 жыл бойынша/
Рефлексивті есеп /соңғы 2 жыл бойынша/
2013 жылы тамыз айында Орджоникидзе ОМГ - да деңгейлік курсты бітірген мұғалімдерге сертификаттар табыс етілді. Біз мектепте 3 мұғалім үшінші деңгей бойынша сертификаттарымызды алып, алға атқару үшін мақсаттар мен міндеттер қойдық.
Сын есім
Сын есім
ОҚО, Түркістан ауданы, «Қос Қорған» жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимович
Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы
Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы
Атырау қаласы, №2 орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Унгаралиева Назгул Имашевна
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Оқыту үрдісіндегі жаңа иновациялық технологиялар
Оқыту үрдісіндегі жаңа иновациялық технологиялар
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Абай атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Садвакасова Бақытгул Қабиқызы Кембридж бағдарламасының екінші деңгейлі мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×