Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлемдік білім беру кеңістігіне ену кезеңінде әдебиет пәнін оқытуда жобалау қызметінің тиімділігі

04 қазан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену кезеңінде әдебиет пәнін оқытуда жобалау қызметінің тиімділігі
«Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді» (Демокрит)
Елімізде болып жатқан іргелі өзгерістер мен қайта жаңғырулар оның білім мен тәрбие беру жүйесіне де түбірлі өзгерістер мен мақсаттар әкелді. Ұлттық білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін құруда айтулы жаңарулар жүріп жатыр. Жеке тұлғаға қарай білім мен тәрбие беру үдерістерін әлемдік педагогика алдында тұрған мақсат екені белгілі. Г. Н: Селевко өз зерттеулері нде жеке тұлға туралы былай анықтама берген болатын: «Личность – это пси - хическая духовная сущность человека, выступающая в разнообразных обоб - щенныхсистемах качеств» Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Сідер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір - қасиеттердің мән – маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот – азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы», - деген болатын. Олай болса жеке тұлға бойында Отанын, туған жерін, өз халқын сүю қасиеттерін қалыптастырып, бойына сіңіруде мектептегі әр мұғалімнің, соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің орны ерекше екені сөзсіз. Әдебиет – сөз өнері. Ұлағатты адамдар әдебиетті «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін мен «адам тәрбиелеу құралы» дер едім. Себебі әдебиет жеке тұлғаға сөз маржандарының қыр - сырын игеруден жай білім беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Мектепте оқытылатын қай пән болсын, олардың білім мен дағды, тәрбие беруде өзіндік орны, атқарар маңызы бар. Дегенмен әдебиет пәні бәрінің анасындай қызмет атқарады. Себебі кез - келген пәнді ұғыну үшін сауатты оқып, оқығанын түсініп, жеткізе білу керек. Әдебиетті, сөз өнерін, сөз мағынасын түсінбеген адамға әрине, басқаны ұғыну қиындық туғызары сөзсіз.

Бүгінгі ғылым мен техника ғарыштап дамып тұрған кезде, оқушылардың әдеби кітаптарды қызыға оқи қоюы екіталай дүние. Осындай кезде оқушыны қызықтыра білу – оқытушыға байланысты. Дәстүрлі оқытудағыдай берілетін білімді ең алдымен мұғалім түсіндіріп, сол түсінікті, сондай - ақ оқулықтағы ұғымды оқушы қайталап беріп отырса, ол өнімсіз деңгей, әрі қызықсыз, бір сарынды болар еді. Егер көркем туынды туралы оқушының өз қабылдауы, өз пікірі туындаса, сол бойынша оқушының ізденіс жұмыстары болса, соны негізге ала отырып, жаңа білімді игертуге іс - әрекет жасалса, мұғалімнің сабағы нәтижелі де қызықты болары сөзсіз. Әдебиеттің әр сабағында оқушының әрекеті бірінші кезекте тұруы қажет. Әдебиеттің қай сабағы болмасын өзіндік ойлау, пікірлесуге, ізденіске негізделсе сабақ өнімді болмақ. Ұлы Абай білім алудың жолы туралы « Білім, ғылымды көбейтудің екі қаруы бар: бірі - ойлау, пікірлесу; екіншісі - сақтау, қорғау, сонда білімің зораяды» деген екен. Сондықтан әр сабақ Сократтың «исследуем» ұстанымына негізделген жөн. Өз тәжірибемде әдебиет пәнін оқытуда «ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының моделін ұстана отырып сабақ өткізудің тиімділігін анықтадым.

Қ. Ахмиров атындағы ЖОББМБ Зеленов ауданы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Култасбаева Айгуль Хайржановна

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену кезеңінде әдебиет пәнін оқытуда жобалау қызметінің тиімділігі жүктеу
1 905
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі
Қай заманда, қандай реформа болсын білім беретін мекеменің басты тұлғасы – мұғалім. Ал бүгінгі таңда білім беретін мекемелердің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Ақпараттану дәуірінде ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны жедел даму үстінде. Осыған байланысты елімізде білім алудың жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан да әрбір тұлға енгізілген жаңа технологияның
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Б. Т. Ешмұхаметова
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологиялардың оқушылар белсенділігін арттыруға ықпалы
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологиялардың оқушылар белсенділігін арттыруға ықпалы
Екібастұз қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н. М. Мусабекова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×