Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы

04 қараша 2017, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы
Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру – педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті болып отыр.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтып өткен болса, [1] шетел тілін оқып үйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Сонымен қатар бұл шетел тілінің еліміздің оқу жүйесінде айырықша мәртебеге ие болғандығын айқындайды. Шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғарғы оқу орындарында оқыту жаңа әдістемелердің қажеттілігін тудырады. Көптілді меңгеру – мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдени қарым - қатынастардың аса маңызды құралы. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс - әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы артып отырған шақта көптілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым - қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің міндетіміз. Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым - қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл шетел тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс - тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс - әрекетіне байланысты болмақ.

Мұғалім – психологиялық даярлықты, педагогикалық сапасы, қоғамдық белсенділікті, өз мамандығына деген сүйіспеншілікті, жан - жақты алдыңғы қатардағы адам. [2] Негізінен, сабақ үстінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығу пайда болады. Оқушыларға әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы сабақты жаңаша әдістемелікпен өткізу керек. Пән мұғалімі ретінде менің алдыма қойған мақсатым – халықаралық қатынастар мен бизнес, әлемдік экономика мен саясат, мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыстағы маңызды орынды иеленіп тұрған ағылшын тілінің қажеттілігін оқушыларға жан - жақты түсіндіріп, ауызыекі тілде еркін сөйлеуге үйрету. Осы мақсатқа жету үшін талмай іздемпаздықпен еңбек ету ұстаз қауымының негізгі міндеті мен мақсат мүддесі болмақ. Тілді оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін ұтымды пайдалану арқылы оқушылардың білім алуға ынта - ықыласын оятып, жауапкершілігін күшейту көзделеді.
Сондықтан әр оқушының бойына жаңа, тың серпеліс туғызатындай әдістерін тауып, әрқилы әрекеттер арқылы олардың ақыл - ойын ұштау, жетілдіру көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіру - әр оқытушының міндеті.

Атырау облысы Құрманғазы ауданы
Б. Бегалиев атындағы орта мектебі
Ганюшкино селосы, жоғары санатты ағылшын тілі мұғалімі
Бақтыгереева Жанар Меңдіханқызы

Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы. жүктеу
2 194
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы, тақырыптық-күнтізбелік жоспары.
Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер
Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер
Кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдерді талқылау, сараптау. Оқытушылар арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл – күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу,
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы, №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық.
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×