Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін - өзі тану пәнінің рөлі

05 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін - өзі тану пәнінің рөлі.

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы­сы жайлы ой толғап, рухани адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С. Назарбаеваның «Өзін - өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.«Өзін - өзі тану» оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарын анықтауына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Сабақ барысында оқушылардың «Нұрға бөлену» деген сәтінде бар жылулықты күннің жылуын беру арқылы бір - біріне ақ жүрекпен айтқан тілектері, арман тілегін айта отырып, өзіндік «менін» қалыптастыру, бойындағы күш қуатын жақсылыққа бағыттау, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі — «өзін - өзі» танудағы игі нәтижелер екені анық.«Өзін - өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани - адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез - құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды өмір бойы басшылыққа алатын жеке тұлға қалыптастыруға негізделген. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл - ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат - мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу - тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады. Осы орайда «Өзін - өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан - жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.«Өзін - өзі тану» пәні басқа пәндерден алған білім мазмұнын толықтырып, адам баласын адамгершілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке баулитын пән. Бұл пәннің әрбір сабағы балаларды достыққа, сыйластыққа, әсемдікке, әдептілікке шақырады. Себебі: күнделікті сабақта «Нұрға бөлену» сәтінен бір - біріне деген сезімдерін білдіріп, қуанышпен басталса, дәйексөздің мәнін түсіндіре отырып,

сабақтың тақырыбын ашу, әңгімелесе отырып мәтінді түсіндіру, осы кезде мұғалім сыйын ұйымдастыруға болады. Мұғалім сыйы сол күнгі тақырыпқа байланысты тақпақ, өлең немесе аңыз әңгіме айтып беруге болады. Осындай, әдіс - тәсіл арасында оқушыларға қаншама жақсы игі тілектер мен өмірдің әсем де керемет және ол қайталанбайтындығын мұғалім мейірімділікпен жеткізеді. Әрбір сабақта адам баласына қуаныш сыйлау, мейіріммен қарау, кішіпейіл болу, үлкенді құрметтеу туралы бойына сіңіріп өскен жас ұрпақ міндетті түрде солай болуға тырысады. Қоршаған ортаның әсемдігін көріп, оның сұлулығын сезе білген адамзат баласы жақсылыққа ұмтылады. Атам қазақ қашанда ар - ұжданды, намысты дүние - мүліктен жоғары қойған. Дос үшін өзінің күш - жігерін аямаған, бауырына, досына, жақындарына көмекке қай кезде де дайын тұрған.«Өзін - өзі тану» пәні біздің бойымызға осындай қасиеттерді ұялатып, жан - жағындағыларға тек жақсылық тілеп, жанашырлық танытатын, кез - келген ортада өзін жақсы ұстай алатын, өмір сүруге құштар тұлға қалыптастырады. Өзін - өзі тану арқылы жеке тұлғаның бойында рухани - адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуімен, адамзаттың табиғатпен үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады. Өзін - өзі тану бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым - қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Ол арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, өзіндік пікірі қалыптасады, өзін - өзі танудың қарапайым қадамдарын жасай алады.«Өзін - өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Нұрға бөлену», «Үй тапсырмасы», «Дәйексөз», «Әңгімелесейік», «Мәтінмен жұмыс», « Мұғалім сыйы»,«Сахналау», «Шығармашылық жұмыс», «Топпен ән айту», «Үй тапсырмасын жазу»,«Тыныштық сәтімен» аяқтау балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс - әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне - өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін - өзі тану пәнінің рөлі. жүктеу
3 137
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы Өзін - өзі тану пәнінің әдістеме бірлестігі Мақсаттары: • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес
Алтын жүректі ана
Алтын жүректі ана
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самаликова Айман
Мектепте өзін-өзі тану сабағын жүргізу әдістемесі
Мектепте өзін-өзі тану сабағын жүргізу әдістемесі
Тауекелова Сандуғаш Рымбековна Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп - гимназияның өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×