Білімділер поралы

Тәуелсіздік - Тірегім

Тәуелсіздік - Тірегім
Тәуелсіздік - халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі екендігін Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік бабалар арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қолжеткізген ұлы жеңіс.

Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр «тар жол тайғақ кешулерден, соқтықпалы, соқпақсыз отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың зұлматынан өткен, сыйы мен тартуы да, қайғысы мен қасіреті де жетерлік сәттерге толы болды десек артық айтқандық емес. Даламыздай кең де, сабырлы халқымыз тағдыр талайында өзіндік қасиетін жоғалтпай, батыл қадам нәтижесінде азаттыққа қол жеткізгені тарихи шындық.

ХХ ғасырдың соңғы жылдарында тарих бетін айқара ашқан тәуелсіздік көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар әкеліп отыр. Ата - бабадан қалған ұлан - ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтап, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы мол, қолы жомарт ел ретінде дамып келе жатқанымызға да 24 жылдың жүзі болды. Арада өткен жылдар белесі бүгінгі Қазақстанның әлемдік аренадан өз орнын ойып алған. Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет те өр елдің мекеніне айналды.

Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болып, көптеген елдермен елшілік қарым - қатынас орнатты. Ел абыройы мен тұтастығын қорғайтын құжаттарға қол қойылды.
Ел тәуелсіздігі әлемдік саясатта өз бейнесін еркін танытқан тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың ел тағдырын қолына алғанында, 1991 - жылғы Тәуелсіздік алу жайлы Конституциялық Заңына да міне 24 жыл толып отыр. Еліміздегі тыныштық, төріміздегі Ата Заң, көгіміздегі азаттық көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы, ЮНЕСКО - ға мүшелікке қабылдануы елдік пен еркіндік белгісі ғана емес, Елбасының. біртуар азаматтардың жанқиярлық еңбек нәтижесі.
Бүгінде ортамыздан өзі кетсе де өшпес сөзі қалған ақын Қадыр ағамыздың:
Халықтан тумай, туады кімнен алыптар
Сенсеңіз егер сенуге татыр халық бар.
Бүгінгі мен тарихтағы орын бір емес,
Болашақ өз бағасын бере, анықтар,- деген жыр жолдары Елбасы біреу де оған тіреу халық екенін
дәлел еткендей.
Қазақта туған жерін, оның халқын сүйген адам бүкіл азаматты сүйе алады деген қасиетті сөз бар. Бүл жақсылыққа жаны жақын, жомарт елдің көрегендік нақылы елім, жерім деп өткен бабалар бағасындай.
Үлкен жүректі, ұлы сезімді, ақиық ақын Мұқағали жырына арқау болған атамекен жеткен жетістік, қас батырлар жанын қиып, талай ару махаббат сырын шерткен, тіршіліктің нәрін пендесіне сый еткен қасиетті Отанымьз - Қазақстан жұпар атқан жусанымен, кеудесі нұр құяр ауасымен, асқаралы асулы тауларымен, телегей - теңіз даласымен ыстық.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің, -
Нендей күйге жүрегімді бөкледің
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім,- деп Қасым ақын толғаған Қазақстан егемендігімен XXI
Ғасырдың да 15 жылын беріп қадаммен алға басып отыр.
Елімен, жерімен қимай қоштасып, сұрқия тағдыр тәлкегіне түскен атпал азаматтарымыз да шерлі көңілмен шет ел асқан бабалар ұрпағы да, бүгінде елінің ерен істеріне куәгер болып, бейбіт өмір қамалындай Астананың айбынына тәнті болса, ерке Есілдің ертеңінен үміт күтуде.

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егемен ел ретінде еніп, 70 жылда кеткен есені қайтаруға асыққандай, Тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағы - желтоқсан құрдасы болып, тіліміз бен ділімізді, әдет-ғұрпымыз бен экономикамызды түзеп, үстіміздегі жылда Президентімізді кайта сайлап, ел іргесінің тыныштығын сақтауда жаңа қадам жасадық.

Алматы қаласы, «№5 Мектеп - гимназия»
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Л. Паизқызы – магистр

Тәуелсіздік - Тірегім. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 193
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 192
Роботтар: 2
Aida Sultanova
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика