Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздікке 25 жыл

12 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тәуелсіздікке 25 жыл
Осынау ширек ғасыр ішінде Қазақ елі әлем қауымдастығы мойындаған іргелі мемлекетке айналды. Әрине мұндай үлкен жетістікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Өткен ғасырдың 90 – жылдарының басында Желтоқсанның мұзға жаққан алауымен Кеңестер Одағының мұз көбесін сөгіп, Қайрат пен Ляззат секілді жастардың төгілген қанымен келген Тәуелсіздік – бабалардың ғасырлар бойына аңсаған арманы екені сөзсіз. Сол азаттықтың ақ таңын көру бүгінгі ұрпақтың маңдайына жазылды. Осынау баға жетпес бақытқа қолы жеткен қазақ халқы сол кездегі елдің еңсесін езген әлеуметтік – экономикалық қиын жағдайға да мойыған жоқ. Ел болып сайлап алған Елбасымыздың ең бірінші экономиканы сауықтыруға бағытталған салиқалы саясатына түсіністікпен қарап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еселі еңбек етті. Соның арқасында бүгінгі Қазақстан әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарынан ойып тұрған орын алып, енді ең озық отыздықтың көшіне ілесті. Сөз жоқ, 25 жыл ішіндегі осындай орасан жеңісті жетістіктерге жету жолында жылы ойлықтардың да қалдырған өшпес қолтаңбасы бар деп білемін.

Қасиетті Кең Жылыой жері - Қазақстан мұнайының туған жері. Киелі Қарашүңгілден бастау алған қара алтын бұлағы бүгінде алып бір қайнарға айналып, дүйім дүниежүзі қызыға қарайтын телегей Теңізге ұласты. Тұтас елімізді тығырықтан алып шыққан осынау экономикамыздың күре тамырының бүлкілі мемлекетімізді әлемдегі мұнай өндіруші алып державалардың қатарына қосты. Тәуелсіздігімізді тұғырлы, бостандығымызды баянды, азаттықтың ақ таңын нұрлы еткен де алтын көмбенің үстіндегі кең пейілді жылыойлықтардың маңдайынан ащы термен бірге аралас тамған мұнайдың арқасы. Біз өлкеміздің осындай байлығымен, қазынасымен мақтана аламыз.

Мемлекет басшысы 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдап, еліміздің ұзақ жылға арналған даму бағытын айқындап берді. Жасыратыны жоқ, сол уақытта Қазақ елінің жарқын болашағына күмәнмен қараған елдер де болды. Бірақ соған қарамастан, 130 – ға тарта ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына ұйыстыра білген Елбасымыздың көреген көшбасшылығы мен халқымыздың ынтымақ бірлігінің арқасында біз алға қойған арманымыздан адаспай, көздеген мақсатымызға қол жеткізе білдік. Сөйтіп жаңа мыңжылдық табалдырығын сәтті аттаған Қазақстан тек даму мен өсіп – өркендеу үстінде болды. Дүбірлі дүниежүзінің қауымдастығымен терезесі тең, керегесі кең ел ретінде төс түйістірген жұртымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдығында іргесі бүтін, шаңырағы биік үлкен мемлекет қалыптастырды. Орта Азия елдерінен оқ бойы озық, шоқтығы биік тұрған бұл ел 2030 жылға дейінгі даму жоспарын ойдағыдай жүзеге асырып, жаңа «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасын бекітіп алған «Мәңгілік елге» айналды. Көне Түрік қағанаттарының заңды мұрагері ретінде ұлан – байтақ боз даланы мекен еткен алаш елі бүгінде Евразия құрлығындағы көшбасшы мемлекет.

Ару Астанасы мен Алатаудағы әсем Алматысымен, «Мұнайлы Астана» атанған Ақ Жайықтағы Атырауы мен қазыналы Кең Жылыойымен мақтана алатын Қазақстан мемлекетінің 25 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістігін азғана сөзбен бейнелеп беру мүмкін емес. Ең бастысы ширек ғасыр ішінде еліміз егемендікпен еңсе тіктеп, Тәуелсіздігін баянды етіп, «Мәңгілік ел» идеясы қырандай қанаттандырған алып елге айналды. Қазақ халқы осы жылдар ішінде әлемге өзінің байлығымен ғана емес, өскелең ұрпаққа қазынасымен де мақтана алды. Ұлттық құндылығымызды қастерлеген мәдениет пен әдебиет, өнер қайраткерлерінің еңбегі дүниежүзіндегі дарындарды таң қалдырды. Әрине, мұның барлығы өз алдына таусылмайтын бір – бір тақырып. Соның ішінде таланттарымен талай таңдай қақтырған қасиетті Кең Жылыойдан тамыр тартқан тарих пен мәдениет өз алдына бір тарау. Мұның барлығы түптеп келгенде түпсіз терең тұңғиыққа толы Тәуелсіздік теңізіне құйылар үлкен қайнар көзі іспеттес.

Олай болса ширек ғасыр ішінде қол жеткен жетістікті уыстан шығармай, елімізді дамудың даңғыл жолынан адастырмау бүгінгі өскелең ұрпақтың қолында екені сөзсіз. Ал оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз секілді педагог кадрлардың кәсіби шеберлігіне байланысты. Ендеше «Елу жылда ең жаңа» дегендей, тағы да бір ширек ғасыр өткеннен кейінгі Қазақстан Тәуелсіздігінің 50 жылдығында ел тізгінін ұстаз азаматтары біз тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндер боларына сөз жоқ. Бұл біздің еліміздің егемендігіне қосқан зор үлесіміз болмақ.
2 078
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 - желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған
Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл
Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл
Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Махамбетова А.
Біздің мақсатымыз
Біздің мақсатымыз
Авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×