Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мазмұны
Жалпы бөлiм

1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Негiзгi ережелер

Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көзі - әр түрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар;

2) байқау пункті - қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті;
3) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктік газдар сіңірулері ескерілген, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі;

4) белгіленген мөлшер бірлігі - Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктік газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;
5) биологиялық әртүрлi - бiр түр аясындағы, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi өсімдіктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi;

6) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi;

7) бірлесіп жүзеге асыру тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары арасында көміртегі бірліктерін беруге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасының бірлесіп жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық шарттарында көзделген рәсім;

8) валидация (детерминация) - аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттамалардың әдістемелерін пайдаланудың және оларды дайындау тәртібінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру;

9) верификация - парниктік газдар шығарындыларын азайту саласында қабылданған ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға қатысты деректерді растау процесі;

10) генетикалық түрлендiрiлген организмдер - тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсiмiн молайтуға немесе оларды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;

11) генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе олардың компоненттерi бар, гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып, өсiмдiктерден және (немесе) жануарлардан алынған өнiмдер;

12) ең озық қолжетiмдi технологиялар - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге дейiн шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника мен жабдық;

13) жойылуы қиын органикалық ластауыштар - ыдырауға төзімді, биожинақтағыш сипатталатын және ауа, су және көшпелі түрлері арқылы трансшекаралық таралу объектісі болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала келіп, өздерінің шығарынды көздерінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйесінің бұзылуына және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, түрлі ауруларға алып келетін неғұрлым қауіпті органикалық қосылыстар;

14) квота бірлігі - квота көлемін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;
15) коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
16) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

17) көміртегі бірлігі - көміртегі қостотығының бір тоннасына тең келетін есептік бірлік;
18) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;

19) көміртегі бірліктерінің қайталама айналымы - парниктік газдар шығарындылары нарығы субъектілерінің арасында көміртегі бірліктерін беру, сату және басқа да айналымы процесінде қалыптасатын құқықтық қатынастар;
20) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі - көміртегі бірліктерін айналымға енгізуге, сақтауға, беруге, сатып алуға, резервке қоюға, жоюға, айналымнан шығаруға байланысты операцияларды есепке алу жүйесі;

21) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi;
22) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;
23) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;

24) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;
25) қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;

26) қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес ортақ белгiлерi бар, қалдықтар сыныптауышы негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;
27) қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;

28) қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;

29) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою;
30) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды деңгейге жатқызу тәртiбi;

31) қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi;
32) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;

33) қауiптi емес қалдықтар - қауiптi қасиеті жоқ қалдықтар;
34) қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттарды қамтитын және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;

35) қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша пайда болу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, олармен жұмыс iстеу қағидаларының, оларды бақылау әдiстерiнiң, осы қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат;
36) қауіпті химиялық заттар - адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей немесе ықтимал зиянды әсер ете алатын қасиеттері бар заттар;

37) қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта;
38) қондырғы - парниктік газдар шығарындыларының нақты көзі;
39) қондырғы операторы - жұмыс істеуі парниктік газдар шығарындыларын көздейтін, Қазақстан Республикасы аумағында меншігінде немесе заңды пайдалануында қондырғысы бар заңды тұлға;

40) қондырғы паспорты - парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыратын қондырғының географиялық орналасқан жері туралы деректерді, пайдаланылатын технологияның қызмет түрлері мен сипаттамаларын, шығарындылардың базалық көлемі мен оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ мониторинг жоспары мен қондырғыларды есепке алу үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;

41) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара іс-әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;
42) қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатқан немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу;

43) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау;
44) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - қоршаған ортаға белгiлi бiр мерзiмге белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемi;
45) қоршаған ортаға эмиссияларға квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгiлi бiр мерзiмге бөлiнетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттiң бөлiгi;

46) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
47) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бойынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

48) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластаушы заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға әсері;
49) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруы кезiнде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер бетi учаскесiнде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластаушы заттардың жайылуы немесе иiстiң, шудың, тербелiстiң, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берiлетiн деңгейден асатын электромагниттiк, температуралық әсер ету, жарықтың әсерi немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда ластауы;

50) қоршаған ортаның ластану учаскелерi - жер бетін, жер қойнауын және жерасты суларын ластауды болдырмайтын, қалдықтарды орналастыру және сарқынды суларды ағызу үшін жабдықталған және соған арналған объектілерді қоспағанда, белгiленген нормативтерден артық қауiптi химиялық заттармен ластанған жер бетiнiң шектеулi учаскелерi және су объектiлерiнiң учаскелерi;

51) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған орта жай-күйінің сипаттамасы;
52) қоршаған орта сапасының нормативтерi - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер;

53) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi - қоршаған ортаның сапасын бiртiндеп жақсарту қажеттiгiн ескере отырып, қоршаған ортаның белгiлi бiр уақыт кезеңiне нормаланатын параметрлерiнiң шектi деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер;
54) мекендеу ортасы – қандай да бір организмнiң немесе популяцияның табиғи мекендейтiн жерiнiң тұрпаты немесе орны;

55) мемлекеттік бақылау жасау желісі - қоршаған ортада болып жатқан физикалық және химиялық процестерді қадағалауға, оның метрологиялық, климаттық, аэрологиялық, гидрологиялық, гелиогеофизикалық, агрометеорологиялық сипаттамаларын айқындауға арналған қадағалаудың стационарлық және жылжымалы пункттер, зертханалар, орталықтар жүйесі;

56) мемлекеттiк экологиялық бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

57) озонды бұзатын заттар - өз бетінше немесе қоспада болатын, шаруашылық және өзге қызметте пайдаланылатын не осы қызметтің өнімі болып табылатын және озон қабатына зиянды әсер етуі мүмкін химиялық зат;
58) озонды бұзатын заттарды залалсыздандыру - озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін, үнемі түрленуіне немесе компоненттерге бөлінуіне әкелетіндей бұзу арқылы озонды бұзатын заттардың қауіпті қасиеттерін жою;

59) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату - қалпына келтіруге болмайтын озонды бұзатын заттарды қайтадан пайдалану немесе залалсыздандыру мақсатында, оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе есептен шығару алдында тетіктерден, жабдықтардан, контейнерлерден және басқа да құрылғылардан алынатын озонды бұзатын заттарды жинауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;

60) өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;
61) өндiрiс пен тұтынудың орнықты моделi - қайта жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтiру және қоршаған ортаның антропогендiк ластануын азайту кезiнде өндiрiстiң өсуiмен сипатталатын әлеуметтiк-экономикалық модель;

62) парниктік газдар - атмосфераның табиғи және (немесе) антропогендік түрде шығатын, жылу беретін инфрақызыл сәулені сіңіретін және (немесе) оның шығу көзі болып табылатын, газ тәрізді құрамдас бөліктері;
63) парниктік газдарды сіңіру бірлігі - парниктік газдардың сіңірілуін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;
64) парниктік газдарды түгендеу - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің көлемін айқындау;

65) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры - парниктік газдар шығарындылары көздерін, олар шығарған шығарындылар мөлшерін, сондай-ақ қондырғы операторы үшін белгіленген шекара шегіндегі парниктік газдар сіңірулері мөлшерін есепке алу жүйесі;
66) радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен жинақталуы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгiленген радиоактивтi заттар үшiн регламенттелген мәндерден асатын радиоактивтi заттарды қамтитын қалдықтар;

67) сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердi салу, пайдалану, жою, қызметтер көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымға түсуi жөнiндегi жұмыстардың басталуы мен жүргізілу барысы, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуi, сараптама объектiсiнiң өзге де нақты жүзеге асырылуы;

68) сарқынды сулар - өндірістік немесе тұрмыстық мұқтаждықтарға пайдаланылған және бұл ретте олардың бастапқы құрамын немесе физикалық қасиеттерін өзгерткен қосымша қоспа (кір) қосылған сулар. Атмосфералық жауын-шашын түскен сәтте елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан, көшелерге су себу кезінде немесе одан кейін ағатын сулар, пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайда болған сулар да сарқынды сулар болып есептеледі;
69) су объектілері - құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемі мен су режимі бар сулар;

70) сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;
71) табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
72) табиғи объектiлер - шекарасы, көлемi және тiршiлiк режимi бар табиғи объектiлер;
73) табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi;

74) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңданудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
75) табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық және сапалық сипаттамаларының iшiнара немесе толық жоғалуы;

76) таза даму тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері жоқ елдер аумағында парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары қаржыландыратын, парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру тетігі;

77) тәуелсіз ақпарат беруші - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласында жобалық тетіктерді есепке алу, мониторингтеу және іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

78) тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар;
79) тұтыну қалдықтары - өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды тұтыну немесе пайдалану процесінде түзілген қалдықтар, сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар
9 867
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
1. Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады? А) Қазақстан Республикасының Президенті. В) Қазақстан Республикасының Парламенті. С) Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі. Д) Қазақстан Республикасының Үкіметі. *Е)
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары 1. Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады? А) Қазақстан Республикасының Президенті. В) Қазақстан Республикасының Парламенті. С) Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі. Д)
Экология – жер тағдыры
Экология – жер тағдыры
«Ғажайып» тобының сұрақтары 1. «Экология» сөзінің қазақша мағынасы қандай? 2. Қазақстанда қанша қорық бар? 3. Мұнай өнімдерімен ластанған мұхит. 4. Семей полигонындағы алғашқы жарылыс қай жылы жасалды?
Жол ережесін сақтау – өз қауіпсіздігіңді ойлау
Жол ережесін сақтау – өз қауіпсіздігіңді ойлау
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің психология пәнінің оқытушысы Мусрепова Хадича Культасовна
Балалар құқығы туралы конвенция
Балалар құқығы туралы конвенция
2002 ЖЫЛҒЫ 8 ТАМЫЗДАҒЫ № 345-ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×