Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру

24 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру.

“Ойын - бұл өзінше бір мектеп. Осы ойын түрлері арқылы балалардың мінез - құлқы, олардың өмірге, қоршаған ортаны танып білуге деген, бір - біріне деген танымдық көзқарасы қалыптасады”. В. А. Сухомлинскийдің осы сөзі ойын арқылы баланың логикалық ойлау қабілеті шыңдалатынын дәл көрсетеді. Ойындарды қолдану іс - әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады.
Ойын - дегеніміз не? Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез - келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысалы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т. б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да рөлдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін.
Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту. Сондай - ақ бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т. б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйренеді.
Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар, балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) – жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады.
Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т. б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Жаңа материалдарды бағдарламаның кез келген бөлігінде («Сан және санау,» «Көлем», «Пішін», т. б.) кезектестіріп 2 - 5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін 2 - ші бөлімінде оқытқан жөн. Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының құрылымын білуге тиіс.
Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай - ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрылымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі.
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы – оқу іс - әрекеті. Оқу іс - әрекеті барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады.
Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді.
Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.
Оқу іс - әрекетінің құрылымының – көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.
Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден – педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады.
Балалар педагогтың іс - әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді.
Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады. Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі.
Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда сабақтар балаларға пайдалы, қызықты болады.
Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін. Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т. б. Өзімнің математика бойынша сабақтарымда жұмбақтарды пайдаланамын, өлеңдер, тақпақтар таңдаймын, логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен (физминуттардан) топтама жасаймын.

Қарағанды қаласы,
№77 Жалпы білім беретін мектеп - балабақша кешені
Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Жумадилова Сандуғаш Оразовна

Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру. жүктеу
10 562
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Баяндама: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Баяндама: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. «Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады.
Мектепалды даярлық сыныбына арналған "Дидактикалық ойындар"
Мектепалды даярлық сыныбына арналған "Дидактикалық ойындар"
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту
Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойын түрлері көп, соның ішінде маңызы – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:
Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×