Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Студенттерді патриоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде іс-шаралар өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар

02 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Семей көпсалалы колледжінде студенттерді патриоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде іс - шаралар өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар

КІРІСПЕ
«Бүгінгі күні Қазақстанның қоғамдық санасы сферасында қандай да дүниетанымдық вакуум, патриотизм сезімдері
мен идеяларын тәрбиелеуге, жағымды әлеуметтік маңызды құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған сапалы идеологиялық жұмыстың жетіспеушілігі байқалады»
Н. Ә. Назарбаев

«Ешкім де кездейсоқ түрде жақсы адам болмайды»
Платон

«Егер ертеңгі күніңді ойласаң – егін ек, егер 10 жылға бұрын ойласаң – орман ек, егер де 100 жылға бұрын ойласаң –
бала тәрбиеле»
Халық даналығы

Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев бүгінгі күні бізге қоғамның әлеуметтік - демократиялық, конфессиялық, әлеуметтік - саяси құрылымының өзгеру, әр түрлі бұқара топтары құндылықтары мен дүниетанымының өзгеру процестерін терең ұғыну керек екендігін атап өтті. Президент бұл жұмысты Қазақстанның ғалымдарына жүктеу керектігін айтты: «Институттар жаңа тарихты, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуын және дамуын, жаңа халықаралық рольді, біздің мемлекетіміздің мәртебесін зерделеумен және жан - жақты түсіндірумен, сондай - ақ патриотизм идеологиясын, біздің мемлекетіміздің жетістіктері үшін мақтанышты таратумен, біздің тәуелсіздігімізді насихаттаумен айналысуы тиіс… Басты назарды тарихи - мәдени мұрадан Қазақстанның қазіргі мәдениеті мен құндылықтарын дамытуға аудару керек, онсыз қоғам жан - жақты дами алмайды, біз әр түрлі мәдениеттердің ықпалына ұшырайтын жас ұрпақтан көз жазып қаламыз».
Тәрбие мазмұнының қазақстандық компоненті 2006 - 2011 жылдарға арналған «ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында» нақты анықталған, онда тәрбиенің басым бағыттарының бірі қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.
Қазір қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу туралы, осы ұғымның мағынасы неде, оның басты принциптері қандай екендігі туралы көп айтады. Бірақ патриотизм ұғымының өзінің өте терең, қиын бағаланатын мәні бар.
Патриотизм - (грек тілінен – атамекен, Отан) – Отанға деген махаббат, оның тағдыры үшін жауапкершілік сезімі, оның мүдделеріне қызмет көрсету және ішкі өмір сферасындағы және халықаралық аренадағы оның жетістік - теріне қызмет көрсетуге әзірлік және қабілеттілік. Отан сезімі – бұл қасиетті сезім.
Қазіргі Қазақстанның көптеген жетістіктерін Президент Н. Ә. Назарбаевтың атымен, оның саяси ерік - жігерімен, дана көрегендігімен, жоғары патриоттылық сезімімен және Қазақстанды әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елінің қатарына кіруге қабілеті бар, экономикалық мықты, демократиялық мемлекет етуге деген орасан зор тілегімен байланыстырады. Осы міндеттерді іске асыру үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде студент жастарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тұлғасы өнегесінде патриоттық тәрбиелеу моделі ендірілді, ол мемлекет басшысымен белгіленген өз елінің лайықты азаматтарын қалыптастыру міндеттерін шешуге арналған.
Азаматтарды, соның ішінде студент жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс әрі қарай жетілдіру мен дамытуды талап етеді. Бүгінгі таңда студенттерді патриоттық тәрбиелеу патриоттық сананы, соның ішінде мемлекеттік сананы қалыптастыру талаптарына, сондай - ақ өзінің атамекеніне адалдық пен шынайы берілгендік сезімін тәрбиелеуге, азаматтық борышын және негізгі конституциялық міндеттерін орындауға әзірлігіне толық жауап беруі тиіс.
Қазақстандық патриотизм – ерекше патриотизм, өйткені Қазақстанның көп ұлтты халқының олар үшін ортақ Отанға қатынасы туралы сөз қозғалып отыр. Қазақстандық патриотизм – бұл посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып алға шыққан және өзінің ауқымды өзгерістерімен шетелдік саясаткерлерді, мемлекет басшыларын ғана емес, сонымен бірге өзінің отандастарын да таң қалдырып, жаңа мемлекет құрып жатқан, өзінің Отанын мақтан тұтудың орынды негізі.
Қазіргі уақытта жасына, Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне қарамастан, әрбір азаматтың бойында патриотизмді тәрбиелеу, жоғалтылған мемлекеттік сана - сезімді қалпына келтіру және осы идеологияны барлық жерде ендіру қажет. Мемлекеттік тұрғыдан ойлайтын адамның өз мемлекетінің заңдарын құрметтейтіні, оны аялайтыны және қорғайтыны белгілі. Патриоттық тәрбие моделі студент жастармен жұмыс істеудің тұжырымдамалық ресімделген идеяларының, түсініктерінің, көзқарастарының, нысандары мен әдістерінің жүйесі ретінде қоғамның мүдделерін, дүниетанымын және мұраттарын сипаттайды, колледждің ғана емес, сонымен бірге еліміздің, біздің Отанымыздың, егеменді Қазақстанның дамуында маңызды анықтаушы роль атқарады.
Патриотизм немесе мемлекеттік және тарихи сана студенттердің бойында кураторлардың тәрбиелеу жұмысының шеңберінде, студенттердің тәрбие сағаттарында алатын білімдерінің негізінде қалыптасады. Колледжде білім алатын қазіргі заманғы жастардың болашақта қоғамның саяси, экономикалық және ғылыми элитасын құрайтыны туралы ұмытуға болмайды. Атап айтқанда осы жастар әлеуметтік - саяси және мәдени түрлендіру процестеріне басты қатысушылар болады. Студент жастардың қалай жеке бағдарлануына, оларға білім беру жүйесінің қандай әлеуметтендіруді ұсынуына және жастардың азаматтық санасында қазақстандық мәдениеттің, тарихтың, менталитеттің қандай құндылықтары қалыптасуына байланысты қазақстандық қоғам дамуының табыстылығы анықталатын болады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткендей: «Көп ұлтты жастарды өздерін Қазақстанның тарихымен, алдыңғы ұрпақтың маңызды өмірлік құндылықтарымен сәйкестендіруге үйрету керек. Жастарға нақты өмірлік бағдарлар беріп, оларды күмәнді идеялардың ықпалынан қорғау керек».
Атап айтқанда мақсатқа бағытталған тәрбие адамды өмірдегі басты рольдің бірі – азамат роліне дайындауы тиіс, ол азаматтық міндеттерді – елдің, ата - ананың алдындағы парыз сезімін, ұлттық мақтаныш және патриотизм сезімін, мемлекет Конституциясын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, ел тағдыры үшін жауапкершілікті, мемлекеттің ұлттық және табиғи байлықтарына ұқыпты қатынасты көздейді.
Қазіргі Қазақстан қоғамының осы сәттегі даму жағдайы студент жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін жақсы алғышарттар тудырады. Патриотизмді, толеранттылықты және ұлттық келісімді қабылдау адамгершіліктің төмендеуі, «ұрпақты жоғалту» сияқты ұғымдарға, біреудің асырауында болушылық сезіміне қарсы тұрады және әлеуметтік парықсыздыққа, қылмыс пен нашақорлықтың өсуіне қарсы бағытталған, сондықтан Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу негізін қазақстандық патриотизм және ұлттық келісім құрайды.
Тәрбие – қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсы. Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасуы жағдайларында тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлғаны кәсіптік және әлеуметтік білікті, өзгеріп жатқан әлем жағдайларында шығармашылық пен өзін - өзі анықтауға қабілетті, азаматтылық пен патриотизмнің, жауапкершілік пен жаңаны құруға ұмтылыстың дамыған сезімдерін иеленген түрде қалыптастыру болады. Білім беру қызметі жүйесіндегі тәрбие міндеттерін шешудің басымдылығы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында айқын белгіленген.
Студентті шығармашылық, жан - жақты дамыған жеке тұлға, өмірлік ұстанымы белсенді азамат және қазіргі заманғы кәсіби шебер - маман ретінде қалыптастырудың маңызды шарты негізгі түрде қосылған тәрбиелеу жұмысының жүйесі болып табылады. Студент жастар тәрбиесі білім беру процесінің ажыратылмас бөлігі, осыдан, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес әрбір оқытушының, куратордың кәсіби міндеті болып табылады.
Берілген әдістемелік нұсқаулар академиялық студенттер топтарының кураторларына тәрбие теориясының негіздерін өз бетімен зерделеуіне; университеттегі тәрбие жұмысының мәнімен, мазмұнымен және құрылымымен танысуына; студенттермен тәрбие жұмысының негізгі заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен түрлерін қарастыруына мүмкіндік береді.

Студенттерді патриоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде іс-шаралар өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар. жүктеу
3 813
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Əлеуметтік жұмыс мамандығы - заман талабы
Əлеуметтік жұмыс мамандығы - заман талабы
Жастардың адамгершілік - рухани құндылықтарын дамыту, оларды патриоттық тәрбиеге, ұлттық сана сезімді оятуға баулу, білім алу және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу біліктілігін арттыру - бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр.
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасы МКҚК тәрбиешілері Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің А.Ә.Д. пәнінің оқытушысы Жумабеков Бейбіт Кайыржанович
ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Келешекке кемел біліммен
Келешекке кемел біліммен
Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×