Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту

27 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық
№2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нұрмағамбетова Роза Қылышбайқызы

Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту

Лингвистика ғылымы соңғы жылдары көптеген жаңа бағыттарды қамтып, ғылыми - теориялық және практикалық жағынан кең өріс алып дамып келеді. Мұндай бағыттар қазіргі өмір талабы мен уақыт сұранысына сәйкес пайда болып отырғаны белгілі.

Танымдық лингвистика тілі арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастырады.Сондықтан қазақ тілін оқытуда танымдық лингвистика ілімі білім мазмұнының танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным үрдісіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады.
Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгерту арқылы теория мен практиканы ұштастыра отырып, тіл үйренушінің ой-өрісін кеңейту.
Міндеттері:
- қазақ тіл білімі мен танымдық лингвистиканың бір-бірімен байланысын көрсете білу;
- қазақ тілін оқыту барысында оның басқа салалармен байланысын жүзеге асыру;
- оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілетін, қоршаған ортаны зерттеп тану қасиетін, өзіндік ой-пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдысын жетілдіру, олардың дүниетанымын кеңейту.
- ой, сана, тіл тұтастығы арқылы тілдік қатынасты жете меңгерту, таным үдерісін жан-жақты іске асыру.Лингвистика тілдің шығу тегін, табиғатын, қызметін саралау мақсатында тілшілер адам, ойлау, таным, халық, қоғам сияқты ұғымдардың мән-мағынасына ерекше көңіл бөледі.
Сол себепті лингвисттер тілді оқытуды қарапайымнан күрделіге, жалқыдан жалпыға қарай айқындалатын, үнемі толығу, өзгеру үстінде болатын әрекеттер деп қарастырды.

Тіл ғылымының танымдық ерекшелігі адамның ойлау жүйесінің табиғатын, оның ішкі заңдылықтарын қарастырудан тұрады. «Тіл – амал, құрал, оның арқасында адам бірімен-бірі қарым-қатынасқа енеді,
пікір алысады және бірін-бірі түсінеді. Тіл ойлаумен тікелей байланысты болғандықтан, сөзді және сөйлемдегі сөздердің бірлігінде ойлау ісінің жетістіктерін тіркеп отырады.

Демек, адамның дүние танудағы жетістіктері сөзде, сөйлем құрылысында тіркеледі, сөйтіп адам қоғамында пікір алысуға мүмкіндік жасайды» деп көрнекті ғалым Сәрсен Аманжолов атап көрсеткендей тіл мен таным ұғымдарының сабақтастығы тілдік құралдар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Қазақ тілін оқытуда тілдік және қатысымдық бірліктер білім мен таным үдерістерін біріктіреді. Әсіресе сөз коммуникативтік тұлға ретінде әрі атаулық, әрі танымдық қызмет атқарады. Өйткені, сөз-сөйлеу, пікір алысу үрдісіндегі ең басты тұлға. Сөз жеке тұрғанда заттың, сынның, қимылдың т.б атауы болып номинативті қызмет атқарса, тіл арқылы қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жұмсалып, қарым-қатынастық қызмет атқарады.

Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың қайнар көзі - тілдік материалды әдебиетпен сабақтастырып, пәнаралық байланыстың негізінде ғылым мен білімді өзара тоғыстыра отырып, жеке тұлғаның рухани әлемін байыту, баланың өзіне деген көзқарасы мен пікірін қалыптастыру. Ашық әңгіме, ойлы сұхбат, әдебиет қағидаларын қазақ тілі сабағында пайдалана білу, ұнамды образдың әдемі қасиеттерін оқушы бойына сіңіріп, оны өмірмен ұштастыра алу, дүниені, ортаны адамды жан-жақты зерттеп тани білу, тілдік қатынасқа түсу т.б. – барлығы оқыту жүйесін жаңаландырып, білім беру үрдісін тереңдете түседі.

Қазақ тілі сабағында сөз бен сөйлемді, тұрақты тіркес пен мәтінді меңгерту үшін оқушыға ой салу, ойланту, өз пайымын тіл арқылы дәл, нақты, шешен жеткізе білуге жетелеу ұстаз тарапынан көп ізденісті қажет етеді.
Осы тұрғыдан келгенде ұстаз Қанипа Бітібаеваның «Ой салу – ұстаз тарапынан, ойлану-шәкірт тарапынан, шешімге келу-оқушы тарапынан болу керек» деген пікірінің психологиялық жағынан дұрыс тұжырым екендігін атай кеткен жөн. Өйткені таным үдерісі, біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді.

Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту төмендегідей мәселелерді қамтиды.
1.Қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын бағдарламаға сәйкес тілдік қағидаларды басшылыққа ала отырып, жалпы адамзатқа тән қасиеттермен сабақтастыра білу сабақтың білімдік мақсатымен қоса танымдық мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді.(қабылдау, ойлау, сезіну, өзіндік пікір түю т.б.).

2.Сабақ барысында жеке тұлғаның психологиялық жай-күйін ескере отырып, оның есте сақтау қабілетін, жадысын, кез келген ақпаратты қабылдау дағдысын, шешімді пікір, дәлелді мысал келтіре алу қабілетін жетілдіру, берілген тақырып ішіндегі ең қажетті, ең пайдалы мәселені сұрыптап, таңдай білу оқушының
ойлау қабілетін ұштап, соған сай әрекет етуге жетелейді. Ойды сыртқа шығару кезінде сөйлемді дұрыс құрастыру, логикалық қорытындылар жасау, таныс мәліметтерден жаңа деректер жинақтау, оларды жоспарлау мен жүзеге асыру жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін аңғартатын үрдіс.

3.Тілдік және қатысымдық бірліктердің мағыналық ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіріп, әр сөздің мағыналық реңкін тіркес пен сөйлем құрамында қолдана отырып ойды түрлендіруге болатын мүмкіндіктер жасау, сөзді әр түрлі жағдаятқа сәйкес бейнелі жеткізе үйрету оқушының танымдық
қабілетін жаттықтырады.
Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту берілген білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық-әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп, болашақ ұрпақтың дүниетанымын кеңейтеді, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді, сабақ - білім естерінде сақталады, танымдық белсенділігі артады, бір-бірінің қателіктерін айтып, жақсы қасиеттерін үйренеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. А., 2000.
2.Ә.Қайдаров. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А., 1998.
3.С.Аманжолов.«Қазақ тілі теориясының негіздері» А., «Ғылым», 202 [89-бет].
4.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері. А., 2002[68-бет].
5.Қ.Аханов. Тіл білімінің негіздері. А., «Санат», 1993 [12-бет].
6.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. 3.2006 [28 бет].
9 804
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет (қысқа мерзімді жоспар)
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет (қысқа мерзімді жоспар)
Мәтіннің мазмұнын меңгерту, Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, білім алушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын молайту.
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту. Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл - ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×