Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың салт - дәстүрлері – ұлттық құндылық

09 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қазақтың салт - дәстүрлері – ұлттық құндылық

Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата - бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңарту ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.

Баланы қырқынан шығару
Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салынған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын - шайтан жоламайды.

Бесікке салу

Нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл - үйдің әйелдері шашуын, жол - жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір - екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі - шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:

Тұсау кесу
Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз - қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң - тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп,«балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.
Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталып өтілетін дәстүрлі қуаныш.

Сүндет той
Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуының алғашқы бір белесін тойлау деп санаған.

Қыз ұзату
«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.
Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады.
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады.

Бет ашар
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т. б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата - енесін, үй - ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір - қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке - жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый - сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т. б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз - келіншектерден басқа ешкім көрмеген.

Бата беру
Адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын - тойларда, т. б. адам өмірінде кездесер ірілі - ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай - ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда — медет беріп, әрбір іс - әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле - жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Ясли сад “Қызғалдақ”
Дайындаған: Телбаева Айымгуль

Қазақтың салт-дәстүрлері – ұлттық құндылық. слайдты жүктеу
7 270
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының «Салт» және «дәстүрлері». Традиции и обычаи казахского народа.
Қазақ халқының «Салт» және «дәстүрлері». Традиции и обычаи казахского народа.
Қазақ халқының «Салт» және «дәстүрлері». Традиции и обычаи казахского народа
Наурыз келді жайдары
Наурыз келді жайдары
Халқымыздың салт - дәстүрімен таныстыру. Ұлттық мерекелерді құрметтеуге, әдет - ғұрыпты сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Қиялын қызығушылық сезімдерін, тіл байлығын дамыту.
Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің бірі - «Ерулік»
Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің бірі - «Ерулік»
Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицейдің 2 сынып оқушысы Николаева Назерке Жетекшісі: Алибек Гүлмира Егінәліқызы
Салтым – асыл қазынам
Салтым – асыл қазынам
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз
Ұлттық тағылымды ұмытпайық
Ұлттық тағылымды ұмытпайық
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жолдыбаева Зәуре
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазақтың салт-дәстүрлері
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×