Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қимылды ойындар жинағы

15 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қимылды ойындар жинағы

Мазмұны:
1. Алғы сөз............................................................................................ 3
2. Қимыл – қозғалыс ойындары
1. Жалауша........................................................................................... 4
2. Ақ сандық, көк сандық.................................................................... 4
3. Жапалақ............................................................................................ 5
4. Қуғыншыдан құтқару...................................................................... 6
5. Түйілген орамал............................................................................... 7
3. Бой жазу ойындары
1. Көпір - көпір........................................................................................ 9
2. Айдаһар.............................................................................................. 10
3. Ат жарысы........................................................................................... 11
4. Таяқшадан аттап өт ойыны................................................................ 12
4. Қолданылатын әдебиеттер тізімі....................................................... 13

Алғы сөз
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауындағы «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», «Қазақстан 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында «Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу - аурудың алдын алудың негізі» деген сөздерін басты ұстам ретінде алып келеміз.
«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ, дені сау, жан - жақты дамыған салауатты ұрпақ». Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей берейік.
Мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасының бір бөлігі - денсаулықты нығайту
«Саулық - байлық негізгі» деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін аурудың алдын алу және болдырмау, дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту, дене тәрбиесімен айналысуы керек. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Дені сау бала ақылды, өз - өзіне сенімді, жан - жағына қуанышымен шаттана қарайтыны айқын. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалысты дене құрлысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Ағзаның қорғаныс қабілетін нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның, бел омыртқаның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, бұған үнемі ықпал етіп отыру керек.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың өмірлік іс - әрекеті әртүрлі нысанда және түрлі әрекеттер көмегімен денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған болу керек. Қазіргі уақытта бұл кешен «денсаулықты сақтау технологиясы» деп аталады.

1. Жалауша
Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту) ойыны
Ойынның мақсаты: жүрексінбей, батыл әрект жасауға, ептілікке уйрету.
Бір топ балаларды (4 - 6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады. Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады. Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір - екі, бір - екі деп дауыстап тұрады.) Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.

Ойынның ережесі:
1. Әр топта 4 - 6 ойыншыдан артық болмауы керек.
2. Ойыншылар кезекпен жалаушаға бару керек.
3. Жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайту керек.

2. Ақ сандық, көк сандық

Ойынның мақсаты: екі – екіден тұрып, бір – бірімен күштерін салыстыруға үйрету.
Мазмұны:
Ойыншылар санау арқылы екі – екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап тұрады.
Мұғалімнің берген белгісінен кейін, олар бір – біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп алуға тырысады. Кімде – кім бірінші қарсыласын көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрақ сұрай бастайды:
«Аты – жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?», «Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алған соң барып ол арқасындағы баланы жерге түсіреді.
Екінші жолы күш сынаспай – ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады.
Ойын мұғалімнің қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында мұғалім қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған «күштілерді» ерекше атап өтеді.
Ойынның ережесі:
1. Күштері бір – бірімен теңдес балалар өзара жұп құрады.
2. Арқаға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс.
3. Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек.
4. Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады.

Әдістемелік нұсқаулар:
Ойын қызықты өту үшін мұғалім алдын ала дайындық жүргізеді.
Балалар дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар қимыл – қозғалыс әрекеттерімен бірге ақыл – ойларын жетілдіруге жақсы мүмкіндік алады. Олардың тіл байлығы артып, қоршаған дүние туралы түсініктері жетіле түседі. Күш – қайраты дамып, қимылы сапаланып, жақсарады.

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімнің
«Солнышко» бөбекжай - бақшасы МКҚК
ГККП «Ясли – сад «Солнышко» отдела образования акимата
Сарыкольского района»
Орындаған: Карпекова Багит Қамиял қызы
екінші санатты тәрбиешісі.

Қимылды ойындар жинағы. жүктеу
4 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам денесінің жетілуі – оның денсаулығы (қимылды ойындар жинағы)
Адам денесінің жетілуі – оның денсаулығы (қимылды ойындар жинағы)
Ойынның мақсаты: жүрексінбей, батыл әрект жасауға, ептілікке уйрету. Бір топ балаларды (4 - 6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады. Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың
Қимылды ойындар, 2-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар, 2-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар, 2-ші сәбилер тобы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Қимылды ойындар 1-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар 1-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар 1-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар
Қимылды ойындар
Қимылды ойындар жинағы
Ұжымдық қимылды ойындармен шұғылданудың маңызы
Ұжымдық қимылды ойындармен шұғылданудың маңызы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Масалова Мейрамгул Кадилбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×