Білімділер поралы

Баяндама «Ұрпақ тәрбиесі - баршамызға ортақ»

Баяндама «Ұрпақ тәрбиесі - баршамызға ортақ»
Адам тәрбиелеу ұлы міндет. Ұлы міндет қашаннан ұлы күреспен ғана жүзеге асырылады. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш - білім. Қай елдің болсын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы ұлттық білім жүйесінің даму бағытына тікелей байланысты. Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында мемлекеттік мерейін өсіріп, іргесін бекітерлік ұзақ мерзімді асымдақтар қатарында білімнің аталуы да сондықтан. Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы күшті жеке адамды қатарға қосу, жалпы ортақ міндет.

Бала - ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен, ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздейді. Бала тезірек өсіп жетілгісі келеді. Ер бала ержетуге құмар да, қыз бойжетуге құмар. Үлкендерше сөйлегісі, үлкендерше киінгісі, үлкендер жасаған қылықты қайталап, ересек көрінгісі келеді.

Қазір біз ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз. Бүгінгі жастар арасында адам ағзасын аздырып, орны толмас өкінішке соқтығар темекі мен ішімдікке әуестенушілер көбейіп барады. Мұны аз десеңіз ғасыр індетіне айналып үлгерген есірткі де етектен алып жатыр. Бұлардан толыққанды, ұлтжанды азаматтардың шыға қоюы неғайбіл. Жаман әдет жұқпалы аурудай сол жаман әдет - қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін халық болып күресетін күн туды. Үнді халқының тамаша мақалы бар: «Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланның айырмасындай, бірі - шөпті сүтке айналдырады, ал екіншісі шөпті уға айналдырады». Балаға берілетін тәрбие де сол сияқты, орны мен уақытын дұрыс таңдай білмесе, орынсыз, түп - негізсіз беріле салған тәрбие жеміс бермейді. Жат әдеттерден аулақ бол деп құр сөзбен айтпай, ата - ана өз ісімен көрсетуі керек. Отбасындағы кикілжің, ұрыс - керіс сияқты жаман оқиғалар балаға кері әсер етеді.

А. Хұсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Оқыған: Бекманов С. А.

Баяндама «Ұрпақ тәрбиесі - баршамызға ортақ». жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 118
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 117
Роботтар: 2
Заңғар
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика