Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім мазмұнын модернизациялау жағдайында мемлекеттік тілді дамыту

24 наурыз 2020, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Білім мазмұнын модернизациялау жағдайында мемлекеттік тілді дамытудың маңызы»

Білім саласындағы туындаған жаһандық өзгерістер жағымсыз бағыттарға қарсы тұру, жасампаз дамушы өзгерістерді қолдану мақсатын қояды. Білім өзінің басым бағыттарын тек өзекті мәселелерге ғана қатысты емес, адамзаттың және қоғамның ұзақ мерзімді сұраныстарына сай айқындауда. Осы жағдайда жаңа білім беру тұлғаның қалыптасуы, дамуы және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруымен байланысты мәселелердің ортасынан табылып отыр. Қазақстанның білімі болашақта ашық әлеуметтік жүйе ретінде саяси, экономикалық және мәдени өзгерістермен сипатталады.
Сондықтанда білім мазмұнын модернизациялауға түрткі болған факторлар ретінде төмендегілерді атан өтуге болады:
1. Қазақстанның әлемнің экологиялық ең қауіпсіз, экономикалық тұрақты қарқынды даму сатысына көтерілуі (ҚР-2030 Даму стратегиясы);
2. Нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуі;
3. Қазақстанның үдемелі индустриалық-инновациялық дамуы;
4. Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарынан көрінуге бет құрудағы мәуелі мақсаты;
5. Білім беру жүйесіндегі жаңа сапаны қалыптастыру;
6. Білім беру жүйесінің инфорымқұрылымдарының кеңеюі;
Білім беру мазмұнын модернизациялаудағы басты мақсат:
Білім беру мазмұнының әлеуметтік бағытталуын күшейту және оның сапасын тексеру тетіктерін жетілдіру;
Оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыру инновациялық іс-әрекетке, ынтымақтастық қызметке бейімдік қабілеттері мен өзіндік қасиеттерін дамыту.

Білім беру мазмұнын модернизациялау міндеттері:
1. Барлық білім беру деңгейлері мен сатыларының үйлесімділігі мен практикалық бағытталуын қамтитын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мен тұжырымдамаларды жаңғырту;
2. Қоғам мен мемлекеттің, білім беру жүйесінің қажеттіліктері мен болашағына сай білім берудің бейінді бағдарларын анықтау;
3. Білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған білім бағдарламаларын жасау;
4. Оқу-әдістемелік кешендерді, электронды оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарын дайындау, байқауын өткізу;
5. Оқу үрдістерін ұйымдастырудың жаңа технологияларды өндіру;
6. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін толық пайдалануға дағдыландыру;
7. Білім алушының сапасы мен құзырының табысты әлеуметтенуіне ықпал ету;
8. Білім алушылар, педагог, ата-ана, қоғам, мемлекет арасындағы байланысты нығайту.

Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден, жоғарыда айтылғандай біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ең негізгісі - ұлттық этнопедагогика мен этнопсихологияның озық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер сапасына туған қалқының дүние танымына құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгерту, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу
6 380
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2019 - 2020 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Келешекке кемел біліммен
Келешекке кемел біліммен
Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.