Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасы

18 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасы

«n - дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттері» тақырыбына өткізген сабағымда күтілетін нәтижем, дәстүрлі сабақтан айырмашылығын сезіну, көру және сындарлы оқытудың теориясына негізделген жеті модульді ықпалдастыру бойынша оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеріп, есеп шығарумен қатар сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз ойын еркін жеткізу және диалогқа оңай түсу. Көшбасшыны, талантты және дарынды балаларды анықтау және оқушылардың бойында сенімділікті қалыптастыру арқылы оқушылардың осы қасиеттерін одан әрі дамытуға ықпал жасау. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігіне көз жеткізу. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды дұрыс қолдану арқылы оның маңыздылығын түсіну.

Оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін үнемі ескеру арқылы олардың жақсы білім алып оны одан әрі дамытуды қамтамасыз ету. Бұл сабақ оқушыларға ерекше жаңалық сабақ болды. Бүгінгі сабақ қалай өтетінін түсіндіргеннен бастап оқушылар қызығып, сабаққа деген ынтасы жоғары дәрежеде болды. Бүгінгі сабақта оқушыларды топқа төрт суретті бөліктерге қиып, сол суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлдім. Оқушыларға топқа бөлінудің бұл түрі ұнады және көңіл - күйлері көтеріліп сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнады, сабаққа деген ынталары жоғары болды. Сабақ барысында топтық жұмыстар жасай отырып, бір - біріне түсіндіру барысында тиімді әдіс екеніне көздерін жеткіздім. Оқушылармен бірге топ ережесін қабылдадық, сабақ барысында топ ережесін сақтайтындарын айттым. Оқушылар көңіл - күй күнделігін толтырып отырды. Әр топта өздері топ басшысын сайлап алды. Топ басшысының міндеттерін қабылдады. Ол міндеттер: кімнің қалай жұмыс істеп жатқанын бақылайды; бағалайды; ұйымдастырады; рольдерді бөледі; Ең алдымен оқушыларға арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қайталап еске түсірді.

Екінші n - дәрежелі түбірдің функциясын қайталады. Жадыны жаңғырту болды. Осы екі тақырыпты қайталаған соң, соларды қолдана отырып, n - дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттерін жазуға тапсырма берілді. Бұл үшеуін байланыстыру оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауына берілген тапсырмалар болды. Сонан соң сабақтың тақырыбы, n - дәрежелі арифметикалық түбірдің бес қасиеттері дәлелдеулерімен және әр қасиетке келтірілген мысалдар проэктор арқылы экранда көрсетіп қойдым. Оқушылар экраннан тапсырмаларының дұрыстығын салыстырып, тексеріп, толықтырды. Бұдан ары қарай да сыныпта орындалатын барлық тапсырмалар және үй жұмысына берілетін тапсырмалар экранда көрсетіп отырдым. Сабақтың бұл жерлерінде мен «оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін кіріктірдім. Осы жаңа сабақта ЖИГСО әдісін пайдаландым.

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасы. жүктеу
1 665
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
ХХІ ғасыр «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін - өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.
Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп
Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп
Сапалы білім бере отырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу, өз - өзіне сенімді, алған білімін өмірде пайдалана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мен курстың бірінші «Бетпе - бет» кезеңінде нені үйрендім?
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есеп
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есеп
Ұстаздық – ол ешқашан көнермейтін, қандай қоғам болса да өзінің қайта өрбитін қуатқа ие құрметті де сыйлы мамандық. Болашақтың бастамасы қасиетті шаңырақ – мектепте. Осы шаңырақтағы балаға берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді.
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Южный кенті №9 балабақша - мектеп кешені бастауыш сынып мұғалімі Халым Айгул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×