Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау

24 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау

Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін - өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.
Директордың ғылыми - әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегi инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжiибелер мен жетекшi идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудiң жаңалығы iске асып қана қоймайды, тағы бiрі дүниеге келiп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретiн жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрi директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету нысаны болып табылады.
Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми - теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс - әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1. Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2. Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми - практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар - практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Әдістемелік кеңес жұмысының жылдық жоспары

І. Әдістемелік кеңес жұмысының мақсаты мен міндеттері:
1. Өткен жылдардағы жұмыс нәтижесіне талдау;
2. Жаңа оқу жылындағы проблемаларға бағыт;
3. Проблеманы шешу жолдарындаѓы міндеттер;

ІІ. Әдістемелік ұйымдастыру шаралары:
1. Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту;
2. Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жылдық жоспарын бекіту;
3. Факультативтік сабақ жоспарларын таңдау, бекіту;
4. Өз білімін жетілдіру жоспарын бекіту;
5. Жас ұстаздарға көмек тобын ұйымдастыру;
6. Білім жетілдіру бағытындағы курсқа жіберу кестесін жасау;

ІІІ. Әдістемелік кабинетті жабдықтау:
1. Әдістемелік бұрыш ұйымдастыру;
2. "Озат тәжірибе" бұрышы;
3. Әдістемелік жаңалықтар стенді;

ІV. Әдістемелік шығармашылық жұмыстар:
1. Әдістемелік кеңес отырыстарын өткізу (ай сайын).
2. Мектепішілік шығармашылық топтар құру (үлкен мектептерде).
3. Пән апталықтарын өткізу, белгілеу;
4. Пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындау, өткізу;
5. Мектепішілік педагогикалық оқу нәтижесін шығару формалары: а) бірыңғай өткізу; б) педкеңесте өткізу; в) бірлестіктер ұсынысын бекіту.
6. Озат тәжірибелерді зерттеу, насихаттау, формалары:
1) Семинар сабақтар өткізу; Пән бірлестіктерінің апталықтарын өткізу;
2) Плакат, буклет шығару; Баспаға материал беру;
3) Жыл үздігі байқауларын өткізу ( жыл мұғалімі);
4) Оқу кабинеттері байқауын өткізу; Оқу кабинеттерін аттестациялау;
5) Мектепке бүлдіршіндерді әзірлеу, балабақшамен байланысу, жоғары топ балаларының дайындығын зерттеу;
6) Бастауыш буыннан орталау мектепке өту кезеңіндегі оқушының білімділігі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу;

V. Бастауыш буыннан орталау мектепке өту кезеңіндегі оқушының білімділігі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу:
1. Бірлестік жетекшілерінің есебін тыңдау;
2. Шығармашылық зерттеу жұмысының қорытындысын тыңдау;
3. Үлгілі семинар сабақ қорытындысын талдау;
4. Тақырыптық зерттеу қорытындысын тыңдау.
I. Әдістемелік жұмыстың мақсат - міндеттері мен құрылымы
Әдістемелік жұмыс – оқу - тәрбие жұмысының әдіс - тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс - формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс - шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу - жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.
Негізгі міндеттері
▪ Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетілдіру.
▪ Оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен оны жаңарту.
▪ Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.
▪ Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.
▪ Оқытудың әдіс - формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.
Әдістемелік жұмыстардың мазмұны
▪ Ғылыми зерттеулер жүргізу.
▪ Бағдарламаларды үйлестіру.
▪ Ақпараттандыру мәселелерін талқылау.
▪ Оқушылар үлгерімін талдау.
▪ Оқыту әдістемесін жетілдіру.
▪ Мектепішілік бақылауды сараптау.
▪ Озат тәжірибені жинақтау, тарату.
▪ Ғылым жетістіктерін практикаға ендіру.

Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау. жүктеу
5 812
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу - тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды
Мектеп басшыларына нұсқаулық "Әдістемелік бірлестік жұмысы"
Мектеп басшыларына нұсқаулық "Әдістемелік бірлестік жұмысы"
Мектеп басшыларына нұсқаулық "Әдістемелік бірлестік жұмысы" Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу - тәрбие, әдістеме, тәжірибе – эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді: - Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау; - Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
Мектептің әдістемелік жұмысын басқару мен ұйымдастырудың моделі
Мектептің әдістемелік жұмысын басқару мен ұйымдастырудың моделі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Рыскалыева Калдыгул Ондасыновна
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі,
Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру
Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович І.Жоспарлау құрылымы (жылдық жоспар бөлімдері) 1.Кадрларға сипаттама. 2.Өткен оқу жылына талдау. 3.Әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×