Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қабілетті оқушылармен істелетін жұмыс түрлері бағдарламасы

25 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: «Қабілетті оқушылармен істелетін жұмыс түрлері» бағдарламасы

Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты:
1. Олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.
2. Өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.
3. Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
4. Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
5. Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.
6. Жалпы білім - білік дағдыларын дамыта оқыту.
7. Білімнің бағасын арттыру
8. Оқушының бейімділік деңгейін анықтау (интеллектуалдық сайыстар, ойындар)

- Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау.
- Шығармашылықпен бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.
- Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әдіс - тәсілдерді қолдану.
- Оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай қабілетін аша отырып ойын, қиялын дамыту, сөздік қорын молайтып, өз бетімен ізденуге, еңбектенуге
дағдыландыру, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой - пікірлерін дамыту.
Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Міндеттері:
1. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету.
2. Жеке қабілеттері мен бейімділігін ескере отырып, ұжымдық жұмыстан бөлінбеуін қадағалап, қолдау көрсету барысында әр деңгейдегі жеке тапсырмалар беруді жоспарлау.
3. Әр баланың шығармашылық белсенділігін арттыру, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, сайыстарға, ғылыми жобалар мен байқауларға қатысуларына қолдау көрсету.
4. Оқушыға сенімділік көрсету
5. Іс - әрекетіне ерік беру, көтермелеу

6. Адамгершілік қасиетін арттыру
7. Өзін - өзі тәрбиелеуге жағдай жасау
8. Ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
2. Әр оқушы өз білім деңгейін мүмкіндігі, іскерлігін біліп қана қоймай оны дамытады.
3. Бағдарламаны оқытуда ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
4. Оқушылардың ізденіс барысындағы табысы оларды қуанышқа бөлеп, ілгері ұмтыла түсуіне, кездескен кедергілерді жеңіп, күрделі қиындықтардан құтылудың тиімді жолын табуға үйренеді.
5. Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарларына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
6. Ғылым мен техниканың жедел дамыған мәліметтер ағыны күшейген
ХХІ ғасырда жан - жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектептің басты белгісі болып отыр.
7. Елбасының алға қойып отырған ұзақ мерзімге арналған өркендеу, даму, тәуелсіздікті баянды ету жоспарын қазіргісіз тәрбиелеп отырған жасөспірімдер іске асырмақшы.
8. Жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті дарындылықты тани білу оның әрі қарай дамуына бағыт - бағдар бере білу - ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы.
9. 1996 ж. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және оларды мемлекет тарапынан қолдау туралы»үкімі шықты. 1998 ж 24 наурызда «Дарын»республикалық ғылыми орталық ашылды.

Қабілетті бала – ел болашағы.
Қабілетті бала – ол кім?

Ең алдымен оның бойындағы негізгі қасиеттерді атап өтелік.
1. Өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қояды;
2. Өзгеше ойлайды, шапшаң ойлайды, көп көлемде білім меңгереді, оларды ұмытпайды. Жиі - жиі ойға беріліп, қиял күші басым болады.
3. Адамгершілік сезімдері ерте дамып, жоғары моральдық қасиеттерге ие болады, түсінік танымы өте жоғары.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы
Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мажитова Қымбат Шолтырқызы

Қабілетті оқушылармен істелетін жұмыс түрлері бағдарламасы. жүктеу
7 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).
Шығармашылық есеп
Шығармашылық есеп
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфор ауылы, № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Тоқтаған Манарбек
Дарынды оқушыларды дамыту тұжырымдамасы
Дарынды оқушыларды дамыту тұжырымдамасы
Шығыc Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абраимова Гульбану Жумабековна
Мектепішілік олимпиада есептері
Мектепішілік олимпиада есептері
Шалхарбаева Алтынгүл Мұратқызы Математика пәнінің мұғалімі Қашаған Қүржіманұлы атындығы орта мектебі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі: Шалқарбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×