Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал

25 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы
Әдістемелік құрал
«Гүлдер» шағын орталығы

Ұсынылып отырған нұсқауда мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ән ырғағымен саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйрету үлгілері берілген.
Жалпы әдістемелік құрал қазіргі талаптарға сай жасалған, пәнаралық байланыстарды іске асыруға көмектеседі, сондықтан мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен ән - күй жетекшілеріне әдістемелік құрал ретінде қолдану үшін ұсыныла алады.

Мазмұны
Түсініктеме................................................................................................ 1
Кіріспе...................................................................................................... 2 - 3
Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін
жетілдірудегі саусақ ойын - жаттығуларының маңызы............................... 4 - 6
Бала саусағын ойната отырып тілін дамыту............................................... 7 - 10
Саусақ ойын жаттығуларын орындауға бағыт............................................. 11
Балықтар.................................................................................................. 12
Қолғап...................................................................................................... 13
Торайлар.................................................................................................. 14
Құрттар.................................................................................................... 15
Қозылар................................................................................................... 16
Маймыл.................................................................................................... 17
Өрмекші.................................................................................................... 18
Тук - ток.................................................................................................. 19
Шағала..................................................................................................... 20
Аралар...................................................................................................... 21
Маймылдар................................................................................................ 22
Ұлу........................................................................................................... 23
Қолданылған әдебиеттер............................................................................ 24

Түсініктеме
Балабақшада балалармен саусақ ойын жаттығуларын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері, ән ырғағымен айту мен жазу шеберлігін ойдағыдай меңгерту үшін:
- саусақ ойыны - саусақтардың көмегімен өлең - тақпақ шумағын сахналауға;
- ән айту, музыка тыңдау дағдыларын қалыптастыруға;
- сергіту, ертеңгілік жаттығуларға арналған

өлең шумақтары қолданған саусақ жаттығулары берілген.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес»
В. А. Сухомлинский

Кіріспе
Балабақшадағы оқыту - тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен ойын жаттығуларын жүргізу - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа іс - қимылды меңгерту;
- үйренген сөздерін, іс - қимылдарын тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінез - құлық көріністері олар өсіп - есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл - қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым - қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным - түсінік, мінез - құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл - күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс - әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

Психологиялық ойын - жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай - күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал. жүктеу
7 161
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі балаларды ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның танымдық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес»,- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық іспетті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау,
Сюжетті - рөлдік ойындарды модельдеу әдістемелік құралы
Сюжетті - рөлдік ойындарды модельдеу әдістемелік құралы
Осы әдістемелік құрал мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдардың тәрбиешілеріне, педагогикалық жоғарғы оқу орындарының, колледждерінің студенттеріне арналған, 3 - 5 жастағы балалардың сюжетті - рөлдік ойындарын кешенді басқаруды модельдеу
Мектепалды даярлық сыныбына арналған "Дидактикалық ойындар"
Мектепалды даярлық сыныбына арналған "Дидактикалық ойындар"
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.
Мектепалды даярлық тобымен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Мектепалды даярлық тобымен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Мектепке оқуға балаларды табысты дайындаудың жолында олардың интеллектуалдық және жан - жақты дамуын қамтамасыз ететін біріңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×