Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жастар – біздің болашағымыз

14 сәуір 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жастар – біздің болашағымыз
Сабақтың мақсаты:
1. Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту.
2. Түрлі жазбаша және жеке тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың білімдерін пысықтау.
3. Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілер: тапсырма парақшасы, сөздер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру: сөз таптары грамматикалық тақырып бойынша жазбаша жұмыс арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.
Өткенді қайталау: өткен тақырыптар бойынша сұрақ - жауап

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру: Жастар - біздің болашағымыз
Insert стратегиясы арқылы мәтінді оқу мағынасы түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеу
Жаңа сөздермен таныстыру.
- оқу, аудару;
- хормен және жеке қайталау;
- сөз тіркестерді және шағын сөйлемдерді құрастыру;
- сөздікке көшіріп жазу.
Мәтінмен танысу
а/ Оқу;
ә/ Аудару;
б/ Мәтіннің мазмұнын айту / Бұл мәтінде не туралы айтылады? Әңгіме не жайында болды?

ЖАСТАР - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
Біздің ертеңгі күніміздің болашағы - жастар екенін білеміз. Олар біздің ертеңімізді жалғастыратын, жасампаздық эстафетасын қабылдап алып, алға қарай қарыштап, жылжып, жоспар - істерімізді одан ары дамытып, елге танытатын ұрпақ. Сол себепті, жастарды ертерек еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге және « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек қана ер атандыратынын ұқтырып, тәрбиелеу - маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі жастардың көпшілігі тер төгіп, еңбектенбей, жалқаулыққа бой алдырып, жеңіл жолмен табыс тапқылары келеді. Сондықтан, бұл мәселенің дұрыс жолға қойылып, дұрыс шешімін табуына жұрттың бәрі: еңбек ұжымдары, қоғамдық - мәдени ұйымдар, отбасы мүшелері, мектеп ұстаздары мен сынып жетекшілері, тіпті достары - түгел атсалысуға мүдделі. Мектеп қабырғасынан кейін дұрыс мамандық таңдап, арнайы оқуға түсіп, тамамдағаннан кейін адал және шын ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген міндеттерді және орындаған жұмысты жауапкершілікпен атқару, істеген жұмысының сапасын арттыру, жаңашылдыққа, алға ұмтылып, жаңа технологияларды орнымен пайдалана білу - жастарымыздың негізгі міндеті болып саналатынын, олардың санасына құя беру - біздің міндетіміз.

Сөздік:
Тапқыр – находчивый
Білімді – образованный
Жастар – молодежь
Шығармашыл - творческий
Болашақ - будущее
жаңашыл - новатор
Еңбекқор - трудолюбивый
Үштұғырлы - трехъязычный
Алдына мақсат қоя білуші - целеустремленный
- Мәтіннен кейінгі жұмыс: тапсырма парақшасы:

Жеке жұмыс.
- Мәтіннен тұйық етістікте тұрған сөздерді тауып, талдау.
- Мәтін ішіндегі етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.
Грамматикалық ережелерді қайталау – сөз таптарын еске түсіру (ауызша жұмыс)
Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасау.
Сөздер: уақыттарын, әрқайсымыз, өте қызықты, жасады.

Жастар – біздің болашағымыз. жүктеу
27 854
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Автобус
Автобус
Оқушылардың көлік тақырыбы аясында білімдерін кеңейту. Үстеуді меңгерту, мөлшер үстеуімен таныстыру. Тілдерді меңгеруге байланысты мәтінмен таныстыру. Өздік пікірін еркін жеткізуге ықпал ету. Ойын жүйелеуге баулу.
Қысқа мерзімді жоспар. Оңтүстік Қазақстан
Қысқа мерзімді жоспар. Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан жайында білімдерін арттыру, құрмалас сөйлем түрлерін қайталау, қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, нақты, дұрыс (ауызша, жазбаша) жеткізе білуін іске асыру, Отанға деген
Көктем. Етістіктен өткенді қайталау
Көктем. Етістіктен өткенді қайталау
Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша толық түсінік беру, жаңа сөздермен таныстырып, етістіктерді қайталап, жаттығу арқылы бекіту, лексикалық бірліктерді меңгерту, сабақты бекіту барысында алған білімдерін одан әрі жетілдіру, білімдерін бағалау
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;
Күзгі суретші
Күзгі суретші
Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан, Білмеймін, тойғаны, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×