Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатым - аманатым

20 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Табиғатым - аманатым

Табиғатым, тіршілігім, ырысым,
Сенсіз менің тарылады тынысым.
Биік - биік тауларыңа қарасам,
Алшаң басып, түзеледі жүрісім.

Сенсің менің тазалығым, тұнығым,
Сенсіз менің үзіледі үмітім,
Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,
Сен бар кезде құлшынамын өмірге.

О, адамзат аялашы, қорғашы,
Өзің туып, өзің өскен ортаны.
Келе жатыр талай сәби өмірге,
Ең болмаса соның жайын ойлашы.

Мен қазақпын жылқы мінез қайсарлы,
Жақсы, жаман айыратын байсалды.
Туған жерім, табиғатым деп бүгін,
Асау тайың бар әлемге жар салды.

Ей, ағасы, іні менен бауырлар,
Мен айтатын сөздеріме құлақ сал,
Табиғат пен адам егіз емес пе,
Өкінерсің кетсе егер келмеске.

Бар байлығым қоршап тұрған даламда,
Бау - бақшалы әсем гүлді қаламда.
Қолда барда алтыныңды қадір тұт,
Қолдан шығып кеткенен соң қайғы жұт.

Менің ойым көк аспанды бауларда,
Заңғар - заңғар көк майсалы тауларда.
Өзіңді - өзің ұстап беріп жауларға,
Көр соқырым бір күніңе алданба.

Қатты болса сөзім егер кеше гөр,
Көк майсалы бауларыңды кеше бер.
Өз бақытың, өз қолыңда тұрғанда,
Белді буып бекем шешім шеше көр.

О, адамзат аман жүргің келсе егер,
Қарап тұрма несібең ғой қара жер.
Табиғаттың тазалығын сақтағын,
Азаматтық борышыңды ақтағын.

Тал отырғыз, көгалдандыр еліңді,
Үлес қосып, нәр берсейші жеріңе.
"Мал қалғанша, тал қалсыншы" деген ғой
Соны түсін аманат бұл атадан.

Ата - баба елі үшін аттанған,
Сол кездерде бізге сеніп сақтаған.
Ұрпақтардан - ұрпақтарға мұра етіп,
Қазақ жерін қарашықтай сақтаған.

Ата - баба рухына бас иіп,
Сөз етемін, бақ табам.
Үміт артқан жас ұрпақтың өкілі,
Мен екенмін, бүгінгі күн мақтанам.

Жаса, жайна уланбасын жер әлем,
Бастамашыл ағаларым көреген.
Туған жерім, табиғаты деп бүгін,
Мен інің - ем жолдарыңды демеген.

Сеніміңді ақ жүрекпен ақтаймын,
Туған жерім, топырағын баптаймын.
Сеніміне ата - баба дақ салмай,
Табиғатты таза етіп, әлемімді сақтаймын.

Мен ұлыңмын аманатқа берікпін,
Бабалардан ұлылықты көріп шын.
Жар саламын бар әлемге айқайлап,
Туған жерім Қазақстан көріктім

Ақсу ауданы, Қопа ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы негізгі орта мектебінің
7 сынып оқушысы Нұрланбек Мұрал
Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Биғабылова В. Б.
4 837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі
Қазақ тілі
Қазақ тілі - ана тілім, байлығым. Жүрегімде тұрады сенің мәңгі үнің, Өмір бойы көк байрақтың астында. «Туған тіл» деп жырлауға да әзірмін.
Қара сөздер. Абайдың он жетінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың он жетінші қара сөзі
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей - жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім.
Табиғатым - тал бесігім
Табиғатым - тал бесігім
Адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру
Оқушылар шығармашылығынан үзінділер
Оқушылар шығармашылығынан үзінділер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Жамила Асанқызының оқушылары шығармашылығынан үзінділері
Табиғатым - аманатым
Табиғатым - аманатым
Табиғатым, тіршілігім, ырысым, Сенсіз менің тарылады тынысым. Биік - биік тауларыңа қарасам, Алшаң басып, түзеледі жүрісім.
Табиғатты аялау
Табиғатты аялау
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Наурызбаева Гульназ Чапетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×