Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті

24 сәуір 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті
«Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл - Фараби
Мемлекет мәдениетінің айнасы - мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай - күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс - әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә. Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол - адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» - деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс - өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді. [1]
Бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой - көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – жайбасарлықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Аманатқа қиянат жасамау - халқымның ізгі ұлылық дәстүрі.[2]

№ 158 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Кетепова Жаухар Қобланбекқызы
2 024
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
Ұстазым - алтын діңгегім
Ұстазым - алтын діңгегім
Мақсаты: «Ұстаз» деген ұғымды жан - жақты түсіндіру, ұстаз атаулыға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбектерін бағалап, сыйлап, қадірлеу сезімдерін ояту.
Ұстаздық – борышым
Ұстаздық – борышым
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, А. Байтұрсынов атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Мамандығым – мақтанышым
Мамандығым – мақтанышым
[right]Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы
Өз кәсібіңнің шебері бол!
Өз кәсібіңнің шебері бол!
ОҚО, Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің педагог-психолог және бастауыш сынып мұғалімі: Еркебаева Гүльнара
Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы
Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалантөс ауылы, Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Тажибаева Шолпанай Бибитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×