Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сындарлы оқыту - заман талабы

24 сәуір 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сындарлы оқыту - заман талабы

Ұстазы талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
(Халық даналығы)


Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде, болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі. Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп есептеймін. Әр заманның өз ұсынары бар. Қалай болғанда да заман ағымына ілесу - ұлы мұрат. Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Сондықтан қазіргі заман талабына сай білімнің күші бағаланып, оқу - ағартудың, оның ішінде білімді адамның беделі өсіп келеді. Уақыт талабына сай білімнің дамуы инновациялық үрдістерді енгізумен анықталады. Дәстүрлі оқу әдістерін жаңа тиімді оқыту әдістерімен алмастыру арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттырып, мектептен алған білімін одан әрі қарай дамытуына, өмірде өз біліміне даңғыл жол ашуына, сындарлы оқыту технологиясының әсері көп пайда келтіреді

№ 158 орта мектебі
Ш. Қодаманов ауылы
Кетепова Жаухар

Сындарлы оқыту - заман талабы. жүктеу
2 639
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» (Сократ)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Мұғалім: Кажгалиева Набира Талгатовна
Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту әдісінің тиімділігі
Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту әдісінің тиімділігі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утегенова Дариға
Оқушыларға  сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету туралы.
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету туралы.
Шаукебаева Индира Актасбаевна А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×