Білімділер поралы

Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі

Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі
Мақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: қабылдарлық формада ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия.

«Кел, танысайық» ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын сипайды.
Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.

«Кішкентай ергежейлі» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады.
Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.

«Кенгуру» ойыны.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу.(Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).

«Кеме» ойыны.
Қатысушылар екі қатарға бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір - бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына болады. Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға шығады.

«Алақанға жан бітір» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай атағандықтары туралы айтып беру.

«Құпия дос» ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.

Амангелді ЖОББМ - нің педагог - психологі
Беспаева Жамал Қудайбергеновна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 233
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 232
Роботтар: 2
Batima
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика