Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

31 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама
Тақырыбы: Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Мақсаты:
- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру;
- Ана тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
• Балаларды адамгершілікке баулу.
• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ұжымда тату, бірлесе сурет салуға дағдыландыру. Сурет арқылы ойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнеленген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістік емес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын. Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған мектепке дейінгі балаларының танымдық іс - әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: бейнелеу өнерінің әр түрлі әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі балалардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет. Танымдық белсенділік – баланың оқуға, білуге деген ынта ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Баланың өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды балалардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат - міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын балалардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру – педагогтың міндеті. Ахмет Байтұрсынов баланың өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық - кез келген балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу - бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей. Баланың оқу - таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі - баланың өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында бала кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: тәрбиешінің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; тәрбиешінің басқаруымен баланың дербестігінің мөлшері; олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін мотивтер т. б Баланың өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы
2. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
3. Басқа балалардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
4. Өз ойының дербестігі. Баланы өз бетінше бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым - педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан - жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда. Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде іске асырылған нәтижелі іс - әрекеттер жасалынуда. Бейнелеу өнері мектеп жасына дейінгі баланың көркем қызметін түсіндіреді, ол арқылы баланың тұлғасын жан – жақты дамуына әсер береді, онымен қатар айналадағы өмірді активті түрде танып білуі, өздерінің көзқарастарын графикалық және пластика түрде шығармашылықпен жеткізе алатындарын тәрбиелейді. Әрине, бала бүкіл бейнелеу өнер түрлерін жаулап алуы мүмкін емес, сондықтан педагог бейнелеу қандай өнердің ерекшеліктерін бала түсіне, қабылдай алады дегенді белгілеуге көмектеседі. Сурет салу, жапсыру, құрастыру сабақтарында – өз дегенінен қайтпайтын, айнымайтын, ұқыптылық, еңбекқор тұлға қасиеттері қалыптасады. Бейнелеу өнер үрдісінде балалар графикалық және көркем шеберлік пен әдетке, айналадағы өмірдің құбылыстарын талдауға үйренеді. Балабақшадағы бейнелеу сабақтары айналамен танысуларына көп көмек береді онымен қатар өзінің көзқарасының дамуына, көз алдына елестетулеріне, есте сақтауларына, сезімдеріне және тағы басқа психикалық үрдістерге көмектеседі. Педагог баланың психологиясын жақсы білсе, онда баланың бейімділігін, ықыласын түсінуге ықпал етеді. Бейнелеу өнер сабағы баланың тілін дамытуға, тіл байлығын кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Педагог негізгі оқу тәсілдерінде ең бірінші сөзді пайдаланады; сабақтың тақырыбын анықтайды, тапсырманың орындау реттілігі туралы айтады. Тәрбиешінің эмоцианалды, ашық түрде айтқан сөзі баланың бейнелеу үрдісін тереңірек түсінуге көмектеседі. Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл - ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың өз процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту – үлкен өзгеріс есті - бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс - әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс - әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде. Балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес. Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағлұматты есте қалдыруы. Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің ерекше әлемі немесе «жұмбақ» сынды кезеңі. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда көп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайыннан ренжуге, қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр етеді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс - тәсілдерді оқу - тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер. Репродуктивтік жұмыстарға - баланың дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, тәрбиешінің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т. б. жатады. Балалардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар – баланың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, өлең шығару, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т. б. Балалардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым - педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан - жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда. Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс - әрекеттер жасалынуда.

Сонымен қатар балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес. Балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағлұматты есте қалдыруы.

«Ләйлек» екінші сәбилер тобы
Дайындаған: Көрпешова Шынар

Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту. жүктеу
4 239
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау,
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады.
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік, көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру
Алдар мен Алтын балық ертегісі
Алдар мен Алтын балық ертегісі
Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×