Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сырғалым қыздар клубының бағдарламасы

14 маусым 2018, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының бағдарламасы
Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым - қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн.
Мақсаты: Мектептегі әрбір қыз баланы, ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру.
Қыз балаларды тәрбиелеудің маңызы оларды қоршаған өмір, түрлі жынысты адамдар арасындағы өзара қатынас барысында, осы қатынастардың нормалары болып табылады. Қыз балалардың мінез - құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай - ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым - қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл қыз балалардың қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығы, аяушылық білдіруге тән белгілі бір сезімдерді бастан кешіруіне жағдай жасауға байланысты ұйымдастырылуда. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды ұлттық киім үлгісін және шаш өруге, тігін тігуге үйрету ескеріледі.
Оқып - үйрену процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына төмендегідей қолайлы жағдайларды жасау барысында жағдайлар ескерілмек:
 Мектептегі жаймашуақ орта;
 Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;
 Әрбір оқушы қыз баланың мүдделеріне көңіл қою;
 Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;
 Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.
Мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай әйел идеалын қалыптастыруға және мінез - құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару қажет.

«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының мүшелері:
1. Оразалина Инабат - 5 «А»сынып
2. – 5 «А»сынып
3. 5 «Б»сынып

Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата - ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата - аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

«Бала — басты байлығымыз
Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу — халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет - журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан - жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата - аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен - күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен - өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші - сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру - басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып
төгіледі. Үшінші кезең тоғызыншы - он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата - анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

Өзін - өзі күтетін қыздың 10 ережесі
Өз - өзін күтетін, көркем, сәнді ару өзіне назар аудартпай қоймайды. Ал өзіңе назар аударту арқылы махаббатта да, жұмыста да, жалпы адамдармен қарым - қатынаста да үлкен жетістіктерге жетуге болады.
1. Шаш күтімі. Әдемі күтілген шаш – бұл әйел адамның әшекейі. Шашыңыздың саулығына аса назар аударыңыз және әрдайым таза болуын қадағалаңыз.
2. Жарасымды шаш үлгісі. Күнделікті күрделі шаш үлгісін жасамасаңыз да, шашыңызды түзеп немесе сәл бұйралап қойсаңыз жеткілікті.
3. Бет терісінің саулығы. Бет терісінің күтіміне жеткілікті түрде уақыт бөлсеңіз, макияж тегіс әрі мінсіз жатады. Таза сау тері – сіздің басты мақсатыңыз болуы керек.
4. Қолдар. Саусақтарыңызға әрдайым маникюр жасап жүріңіз. Қол – адамның болмысын сипаттайды, егер маникюр жоқ болса – сізді ханым деу қиын. Тырнаққа жағылып жартылай өшіп кеткен бояумен жүру өзіңе мән бермеудің белгісі ретінде көрінеді. Сондықтан, тырнақтың таза болуына назар салыңыз немесе жаңадан бояп шыққан дұрыс.
5. Аяқтар. Жылдың қай мезгілі болмасын депиляция мен педикюр болуы міндетті.
6. Тістер. Сау, ақ тістер әйелдердің ғана емес, кез келген адамның көркі. Тіпті аттарды да тісіне қарап таңдайды, ал сіз арусыз ғой! Қажет болса, тіс дәрігеріне баруды кейінге қалдырмаңыз. Сіздің күлкіңіз қашырып емес, жарқырап тұруы керек.
7. Макияж. Тым өрескел макияж бүгінде сәнді емес, сондықтан, макияж біркелкі, табиғиға жақын болғаны абзал. Екпін не ерінде, не көзде болуы тиіс.
8. Қастар. Салдыр - салақ қас сырт көзге бірден байқалады, бет пішінінің сәнін келтіретін де – осы қастар. Сондықтан қасқа әдемі пішін жасату маңызды және ара - тұра оны түзеп отыру қажет. Егер қалың қас белгілі бір мезгілде сәнді болып саналып, ал сіздің қасыңыз табиғатынан жіңішке болса, татуаж жасатып, бет пішініңізге сурет салудың қажеті жоқ. Мұндай пішін сізге тіпті жараспауы да мүмкін. Өз келбетіңіздің сұлулығын көріп үйреніңіз.
9. Жүріс. Әдемі, әсем жүріс – бұл әйел адамның қаруы. Жай ғана жүріп емес, өзіңді құнды заттай алып жүруіңіз қажет. Ебедейсіз жүріс – көптеген әйелдердің соры. Сондықтан, әсемдікке құштар болыңыз. Бүкірейіп, аяқпен тырпылдатып, жерді сүзіп жүруді доғарыңыз. Тербетіліп, әсем қозғалатын ару сырт көзге тартымды, өзіне сенімді көрінеді.
10. Сырт келбет. Бейнені баратын жеріңізге сәйкес таңдау қажет. Егер сіз өзіңізге киім таңдай алмай жүрген болсаңыз, талғамыңыз жоқ болса, сәнге байланысты кеңестер беретін бағдарламаларды қараңыз, біздің сайттан да сәнге байланысты көптеген мақалалар бар, бәрі тек қалауыңызға байланысты.

Шығыс Қазақстан облысы, Талица ауылы
Талица жалпы негізгі білім беретін мектебінің
химия - биология пәнінің мұғалімі
«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының жетекшісі:
Құдабаева Арайлым Бекбосынқызы

Сырғалым қыздар клубының бағдарламасы. жүктеу
5 870
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Мектепте гендерлік тәрбиелеуді ұйымдастыру жағдайлары
Мектепте гендерлік тәрбиелеуді ұйымдастыру жағдайлары
Еліміз егемендік алғаннан бергі уақыт ішінде қоғамда көптеген өзгеріс болды. Сол өзгерістер туғызған соны жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі.
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Адамгершілік сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу олардың бір - бірімен достық – жолдастық, қарым - қатынасының нығаюын қарастыру, олардың
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 "Балауса" МДҰ меңгерушісі Утешева Гульзада Гайнедзиновна
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×