Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қимыл қозғалыс ойындар Әуен - сазды ойындар.

14 шілде 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қимыл қозғалыс ойындар Әуен - сазды ойындар:
АҢШЫ ЖӘНЕ ҚОЯНДАР
Ойын шарты: Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып, немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" - деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан - жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.

Сылдырмақ
Ойын шарты: Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.
«Малды төлiн емiзуге шақыру»
Ойын жүргiзушi:
Кәне, балалар, төрт түлiк малды төлiн емiзуге бәрiмiз бiрдей дауыстап шақырайық.
Дыбыстардың тазалығына, сөздердi анық айтуға көңiл бөлген жөн.
Ойынды көрнектiлiктер пайдалана отырып, еткiзуге болады.

1) Ұрмалы немесе iшектi аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, кобыз, жетiген, т. б.) дыбыс ерекшелiктерi арқылы айыра бiлуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсендiлiгiн, қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды шешiмiн дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.
2) Күйдi тыңдатып, одан алған әсерiн сұрау. Немесе, күйдi тыңдата отырып, оларға күйден алган серiн, көңiл күйiн, ой сезiмi мен толымысын суретке салдыру керек.
З) Ою - өрнектердiң түрлерiн көрнекi кұралдар пайдалану арқылы таптыру. Көрнекi кұралдарға — үй жиһаздарынан: түскиiз, қоржын, киiз, әр түрлi иллюстрацияларды пайдалануға болады.

Музыкалық ойын «Көги гөк»
Қызды кемпiр етiп сайлайды. Қалғандары қаз болады. «Кемпiр» шетке шығып тұрады, баска ойыншылар қаздай тiзiлiп, бiрiнiң соңынан бiрi ұстап, хормен әндетедi. (Бiрнеше рет қайталанады).

Балалар қаздың жүрiсiне елiктей ақырын оң мен солға шайқалып «кемпiрдiң» қасына келедi. Бiрiншi келген балаға «кемпiр» ине (шеп, таяқша) берiп: «Жоғалтпаңдар!»— деп тапсырады. Балалар айнала жүрiп, қайтадан қаздай тiзiлiп «кемпiрге» келедi.
Кемпiр: (Бiрнеше рет қайталанады.)

деп жауап бередi.

Олай болса, сендердiң бiрiңдi алып қаламын деп кемпiр балаларға бас салады. Балалар тiзбегiн жазбай қаша жөнелуi керек. Колға түскен бiреуiн «кемпiр» қасына алып қала бередi. Ойын барлық балалардьы түгел ұстап болғанша қайта жалғаса бередi.
Үш гүл
Әуеннің көңіл күйін ажыратып білу қабілетін дамытуға арналғандидактикалық ойын.
Ойын құралдары
Көрнекілік: картоннан жасалынған үш гүл (гүлдің ортасында көңілді, көңілсіз және ұйықтап жатқан «тұлғаның» суреті салынған), әуеннің үш көңіл күйін көрсетіп жатады.
1. Жәй әуен, Көңілсіз әуен, Көңілді әуен
Гүлдердің орына үш күннің көзін немесе үш бұлтты істеп алуға болады.
Таратылатыны: Әр балаға әуеннің көңіл күйін білдірітен бір гүлден беріледі.
ОЙЫН ШАРТЫ
1. Музыка жетекшісі музыкалық шығарманы ойнайды. Бір бала шығып әуеннің көңіл күйіне сай гүлді алып шығады. Егер де балаға музыкалық шығарма таныс болса, ол бала шығарманы атын және де композиторын атайды.
2. Әр баланың алдында үш гүл жатады. Музыка жетекшісі музыкалық шығараманы ойнайды да балалар әуеннің көңіл күйін ажыратып әуенге сай гүлді алып шығады.

Сиқырлы текше
Мақсаты: Текшедегі аңдардың дауысын келтіріп, тембырын өзгерту мүмкіндігінше жоғару көтеру.
Ойын шарты: Көңілді қиын емес әуен ойналады. Педагог және балалар шеңберге тұрады. Текшені бір біріне қолдарына беріп, тақпақ айтады.
– Алма кепті домалап,
– Көше бойын аралап.
– Кім алманы табады,
– Сол ойыннан шығады.
Қай баланың қолында текше қалып қойса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Педагог текшеде қандай сурет екенін балалардан сұрайды. Балалар жауап береді. Егер текшеде мысықтың суреті болса, педагог ол балаға мысықтың қалай амандасатын көрсетуін сұрайды.

НЕ ҚАЛАЙ ДЫБЫСТАЙДЫ?
Құстар.
Суреттерге қарап, қай құс қандай дыбыс шығаратынын аңықтап, олардың қимылдарын келтіріп, музыкамен қимылдау.

КҮННІҢ КӨЗІ ЖӘНЕ БҰЛТ
Ойын шарты: Балалар пьесаны тыңдайды. Пьесаның мазмұны көңілді болса - күннің көзін шығарады, көңілсіз болса - бұлтты, ал жәйғана орташа болса - күннің көзімен бұлт арласқан карточканы шығарады. Балалар жауаптың дұрыстығын өздері бағалайды.
Мақсаты: Әуеннің мазмұнын ажырата білу.

МУЗЫКАЛЫҚ ҮЙШІК
Педагог үйшікті көрсетіп, онда әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұратынын айтады.
Ойын шарты: Педагог жабылғыштың артында тұрып музыкалық аспапта ойнап әндетеді. Аспан үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың сәйкесін алып, үйдің бір бос әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер талың жабылуы керек.
Мақсаты: Аспаптардың тембрін ажырата білу.

Қимыл қозғалыс ойындар Әуен - сазды ойындар. жүктеу
5 048
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшада жүгіруге арналған ойындар картотекасы
Балабақшада жүгіруге арналған ойындар картотекасы
Балалар 3 - 4 топқа бөлінеді. Олар бірінің соныңнан бірі қолбасшының артында тұрады. Түрлі - түсті жалаушалармен белгіленген алаңдарда топтар орналасқан.
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді. 1. Дидактикалық ойындар. 2. Қозғалыс ойындары. 3. Рөлдік ойындар. 4. Грамматикалық ойындар. 5. Фонетикалық ойындар. 6. Лексикалық ойындар. 7. Іскерлік ойындар. 8. Интеллектуалды ойындар. 9. Ұлттық ойындар.
Ленталарды жина, Ормандағы аю, Саптық жаттығулар
Ленталарды жина, Ормандағы аю, Саптық жаттығулар
Оқушылардың қозғалмалы ойынына қызығушылығын арттыру, қозғалмалы ойындар технологиясын терең меңгерту;
Мектепке дейінгі ересек жастағы  балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар
Қызылорда облысы, Арал ауданы №262 мектеп-гимназия мұғалімі Ембергенова Әсем Салауатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×