Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дидактикалық ойындар

16 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Дидактикалық ойындар
«Көліктерді гараждарға орналастыр» ойыны
Дидактикалық тапсырма: басты түстердің күнделікті айтылуын қалыптастыру; түсі бойынша көліктерді айыра білу; аталған түсті басқа үш түстерден айыра білу; грамматикалық жұмыстарды қалыптастыру – зат есімді түсті білдіретін сын есіммен салыстыру.
Материал: басты түстермен боялған кубиктер мен кірпіштер; аталған түстердегі ойыншық машиналар;
Басшылық: тәрбиеші балаларға машиналарды көрсетеді. Гараждың не үшін қажет екендігін балалардан сұрайды. Гараж қандай болуы тиіс? Көлікті гаражға кіргізу үшін не істеу қажет?
Балаларға әр түрлі түстегі құрылыс материалдарын көрсетеді. Екі түстен – көк және сары түстен бастау қажет, кейіннен қызыл және жасыл түстерді енгізу қажет. Балалар қателеспей екі түстегі затты айыруды үйренгенде, оларға барлық төрт түске боялған ойыншықтарды ұсынуға болады. Тәрбиеші балаларға кірпіштерден гараж құрастыруды ұсынады. Құрылыстың бірнеше тәсілдері бар. Балаларға жолда тұрған көліктерді қарастыруды ұсынады. Тәрбиеші әр көлікті көрсете отырып, оның қандай түске боялғандығын сұрайды. Егер балалар аталған көлік түсін сенімсіз атаса басқа нұсқа қолданылады: тәрбиеші бір түсті атап, аталған түске боялған көлікті тауып беруді сұрайды.
Тәрбиеші еденде бордың көмегімен жол суретін салады. Балаларға ойын ойнауды ұсынады: тәрбиешінің айтқандарын тыңдап, аталған түстегі гаражды тауып, машинаны гаражға кіргізеді.

«Шырша және саңырауқұлақ» ойыны
Дидактикалық тапсырма: заттарды түсі бойынша реттеуді үйрету. Сөйлесу қабілетін арттыру.
Материал: жасыл және қызыл түске боялған қораптар, аюдың бас киімі.
Басшылық: тәрбиеші балаларға қызыл түсті қораптарды көрсетеді, шыршаның жасыл түсі болғандығын түсіндіріп, тақтаға шыршаларды орналастырады. Қызыл қорапты көрсетіп, осындай түсте саңырауқұлақтардың болатындығын айтады және тақтаға орналастырады. Кейін балалар үстелде өз бетінше шыршалар мен саңырауқұлақтарды орналастыра бастайды. Балаға аталған тапсырманы орындау қиындыққа түссе, тәрбиеші оған шырша және саңырауқұлақтарды ретімен айта отырып, көмектеседі.
Балалар шырша мен саңырауқұлақтарды ретімен орналастырып болған соң, тәрбиеші олардың қалаған тапсырманы жақсы орындағанын айтып, оларды мақтайды. Ал орманда кім өмір сүреді?
Аю! Балаларды ортаға шақырады, ал аю ортада тұрады.
Аю ортада тұрып секіреді, балалар қол соғады.

«Қуыршақтарға өз ойыншықтарын табуға көмектес» ойыны
Дидактикалық тапсырма: бір түске ие заттарды топтастыру және әр түсті заттарды түсі бойынша салыстыру.
Материал: сегіз түрлі көйлектерді киген сегіз қуыршақ, сегіз түске боялған саңырауқұлақтар мен таяқшалар.
Басшылық: тәрбиеші әр түсті көйлектер киілген сегіз түсті қуыршақтарды кезек бойынша балаларға көрсетеді, баламен кезекті қуыршақты қарау барысында тәрбиеші оның көйлегінің әдемілігіне назар аударады. Қуыршақтар тәрбиешінің үстелінде қатарға тұрғызылады. Ақ және қара көйлек киілген қуыршақтар екі жақ шетте орналасады.
Кейін тәрбиеші әр қуыршақтың өз ойыншығы: саңырауқұлақтар мен таяқшалары бар екендігін, алайда олардың шатасып кеткендігін айтады, балаға қуыршақтарға ойыншықтарын тауып беруге көмектесуді тапсырады.
Тәрбиеші әр баланың үстеліне бір қуыршақтан қойып, қуыршақтың көйлегіне сай түске боялған саңырауқұлақтарды таңдауды ұсынады. Бір үстелде отырған балалар жалпы материалдардан қажетті саңырауқұлақтарды таңдайды.
Барлық балалар әр қуыршақтың қасына сай келетін саңырауқұлақтарды қойғаннан кейін, тәрбиеші жалпы материалдардан таяқшаларды таңдауды ұсынады.
Ойын барысында тәрбиеші балалардың тәрбиесін реттеп, оларға асықпай, ойыншықтарға назар сала қарап, кейін оларды қажетті қуыршақтардың қасына қою керегін ескертеді.
Ойын соңында тәрбиеші балаларға барлық қуыршақтарды, әрқайсысының өз орны бар екенін ескере отырып, қастарына үстел үстіне қоюды тапсырады. Түстерін атамай, тәрбиеші балаларды кезек бойынша қуыршақтарды әкеліп беруді ұсынады. Әр қуыршақ түсі бойынша орналасқан кезде тәрбиеші қуыршақтарға сай саңырауқұлақтарды, кейіннен таяқшаларды әкеліп беруді тапсырады.

Дидактикалық ойындар. жүктеу
15 103
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гүлзарда өсіп тұрған гүлдер
Гүлзарда өсіп тұрған гүлдер
ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп, біртұтас затты құрастыруды үйрету; айналадағы әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу;
Қақпақтар
Қақпақтар
Екі түрлі түсті біркелкі заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету; берілген түске сәйкес сары және жасыл түстер; зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қоянның бақшасы
Қоянның бақшасы
Балаларға геометриялық пішіндерді айыра білуге жаттықтыру (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек), соның ішінде негізгі түстерді атауға үйрету (қызыл, көк, сары);
Жүк машинасы. Гараж
Жүк машинасы. Гараж
Құрылыс материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыру, құрылыс материалдарын пайдалануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту арқылы сүт таситын машина құрастыра білуге үйрету.
Қақпа құрастыру
Қақпа құрастыру
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Түстер үлгісі
Түстер үлгісі
Photoshop бағдарламасының өз жұмысшы кеңістігінде қайта жасауға арналған бейнелеулер манипуляцияланады да, бейнелеу файлы түрлі-түстілер каналдарында сақталады. Ақпараттар каналдарға таратылады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×