Білімділер поралы

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық – зор байлық
Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды. (Халық мақалы)

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз.
Жасыратыны жоқ, бүгінде медицина саласы көптеген қиындықтарды басынан өткеруде. Нарық қыспағының, экономикалық қолайсыздықтардың қолбайлау болып отырғаны да анық. Міне, осындай жағдайда Елбасымыздың "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Жарлығы (1998 ж. 18 мамыр) дәрігерлер қауымының зор ықыласын тудырды.
Осы күнге дейін, шынын айтқанда, адам өлімінің көбеюіне, сәбилердің шетінеуіне, халық денсаулығының төмендеуіне тек медицина қызметкерлерін ғана жауапты санап келсек, енді міне, мұндай келеңсіздіктердің болуына әсер ететін түрлі себеп - салдарларға көңіл бөлініп, оған тосқауыл қоюдың жолдары белгіленіп отыр.
Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті - ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен - жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 проценті экологияға, 40 проценті өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18 - 20 проценті ғана дәрігерлік - медициналық көмекке тәуелді екен.
Сондықтан Президентіміздің Жолдауында көрсетілгеніндей, экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Адамдардың өз денсаулығын дүрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқастар саны жылдан - жылға өсіп отырғаны да рас.
Бекер обалы не керек, кезінде кеңестік жүйеде медицина саласы, әсіресе профилактикалық шаралар тұрғысынан қарағанда, дүние жүзінде ең таңдаулылардың қатарында болатын. Амал қанша, бүгінде ол деңгейімізді төмендетіп алғанымыз ешкімге де жаңалық емес.
Денсаулықтың мықты болуы көбіне адамның өзіне байланысты. Қаншама адам зардап шегіп, әр түрлі ауруға шалдығып жүр десеңізші! Ол бейшаралар қазіргі кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткен емші - экстрасенстерге алданып, ауыруларын әбден асқындырып алып, емханалар мен дәрігерлердің бірінен екіншісіне жүгіріп, әуре - сарсаңға түсуде. Өз денсаулығын өздері бұзып жүрген осындай адамдарды көргенде, шарасыз жағдайларына жүрегіңіз сыздап, қапаланып қаласыз.
"Денсаулық - зор байлық" дейді дана халқымыз. Тек ойлап қарасаңыз, денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті - ақ!
Мордва халқының: "Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін" деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп - оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам организмінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделе салуы мүмкін емес. Ол үшін әуелі
диагнозын дұрыс қойып, сонан соң сабыр сақтап, тағаттылық танытып, байыппен емделу қажет. Еш уақытта тозған машинаның бөлшектері сияқты адам организмінің бір ғана мүшесі ауруға шалдықпайды. Оның машинадан айырмашылығы - барлық мүшелерінің бір - бірімен тығыз байланыста болып, жоғарғы нерв жүйесі арқылы, адам миының тікелей басшылығымен жүйелі жұмыс атқаратындығында. Адамның ішкі ағзаларының жүйелі жұмысын қалыптастырып, іске асыратын - оның миы мен нерв жүйелері болса, организмнің "жанармайы" - тыныс ағзалары арқылы қанға сіңетін және қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер) арқылы организмге тарайтын оттегі мен қоректік заттар: белок, май және көмірсулар (углеводтар). Ал гормондар мен витаминдер адам организмінде үздіксіз жүріп отыратын зат алмасу процесінің "катализаторы" болып саналады. Сонымен қатар адам организмінде керексіз немесе пайдасыз бірде - бір "бөлшек" жоқ екені де дәлелденіп отыр.
Өкінішке орай, көптеген адамдар әрқилы "білгіштердің" ақыл - кеңесімен өздерінше түрлі ем - домын жасап, керексіз дәрі - дәрмектер ішіп, қашан төсек тартып қалғанша жүре береді. "Осы неліктен сырқатқа душар болдым?" деген сұрақ олардың ойына да кіріп шықпайды.
Ал, егер, ой елегіне салып көрсек, бүл сұрақтардың жауабын табу оңай. Қай уақытта ұйықтайсыз? Қалай және немен тамақтанасыз? Жаяу көп жүресіз бе? Жұмыстан бос уақытыңызда қалай дем аласыз? Миыңыз шаршағанда, түнде үйықтай алмағанда нендей шаралар қолданасыз? Арақ - шараппен және темекімен "достығыңыз" қандай? Осыларды ой елегінен өткізгенде ғана не себепті дертке ұшырағандығыңызды түсінесіз.
Денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы - зиянды, жат қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту, т. б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу немесе алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. Медицинаның түпкі мақсаты да осы. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек.
Ғылыми - техникалық даму қоршаған ортаны ғана емес, сонымен бірге адамның өмір сүру жағдайын да өзгертеді. Яғни, олардың жаңа жағдайға бейімделу қажеттілігі де артты. Дегенменадам организмінің қоршаған ортаның зиянды әсерлерімен күресу шамасы әбден таусылғанда ғана барып, гипертония (қан қысымының артуы), жүрек инфаркты, невроз, вегетодистония, рак, қант диабеті және семіздік сияқты аурулардың пайда болатынын зерттеулер көрсетіп отыр.
Адамдардың көпшілігі өз организмінің кез келген ауруға қарсы күресетін табиғи күші бар екенін ескере бермейді. Әрбір адам аурудың алдын алып немесе ауруды асқындырмай тұрып, табиғи күштерді толықтырып, шынықтырып, дер кезінде ауруға қарсы жұмылдыра білгені жөн. Өз организміне билік жүргізіп үйрену - кез келген аурудың алдын алудың бірден - бір кілті. Әрине, оған жас кезіңнен әрекет жасауың керек. Бүл тәсілді медицина тілінде - адамның өзін - өзі шынық - тыру немесе тәрбиелеу тәсілі ("аутогенная тренировка") деп атайды. Ол туралы орыс тілінде соңғы жылдары бірнеше кітаптар басылып шықты. Бірақ, өкінішке қарай, көп адам күнделікті тіршілікте өз организмінің осы қасиеттерін сақтап, дамыту орнына, керісінше, оған өзі қиянат жасайды. Тіпті кейбіреулері оны өздері бүлдіріп, организмнің бейімделген жұмысын берекетсіздендіреді.
"Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей үзақ өмір сүрген болар еді...
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде - кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш - жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30 - 40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп - секіріп, әр түрлі қимыл - әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой. Әрине, уақытысында емделмей, созылмалы болған сырқаттан айыға қою да оңай емес. Соның үшін де, тағы қайталап айтамыз, ауырып ем іздегенше, сау кезінде салауатты өмір сүріп, ауырмаудың жолын іздеген анағүрлым тиімдірек. Енді сол ауырмаудың жолдарына тоқтала кетейік.
Қазір аурулар жайында әр түрлі кітаптар көп. Әсіресе кез келген кеселге "өз зәріңді іш" деп, ақыл айтқыштар көбейіп кетті және соны оңды - солды ішіп жүргендерді де білеміз. Дәрігер ретінде менің айтарым: "адамның кіші дәретін тектен - тек "зәр" демегенін ескерген абзал, онда әр түрлі улы заттардың болатынын ұмытпаған жөн.

Денсаулық – зор байлық. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 33
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 33
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика