Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні

12 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні

Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап ұл өсер.

Біздің халқымыз ер - азаматты шаңырақ иесі десе, әйел - ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. «Халық айтса қалт айтпайды» дегендей, ерлі - зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы - мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық - зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Президенті жанындығы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. Жоғарыда айтылғандай, біздің елімізде әйелдер теңдігін қамтамасыз етуге ықпал ететін 2009 жылы екі заң қабылданды. Оның бірі -«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсанындағы №223 - ІҮ Заңы болса, екіншісі -«Тұрмыстық зорлық - зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы №214 - ІҮ Заңы.
Жалпы, гендер - ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық салаларында көрініс табатын әлеуметтік қыры деген ұғымды білдіреді.
Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. Біздің елемізде бұл мақсаттағы жұмыс көңілге қуаныш ұялатады. Бұл саясатқа Елбасының өзі тереңірек мән беруде. Президент Н. Назарбаевтың өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым - қатынасымен өлшенеді…» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. «Отбасы - тұрмыстық зорлық - зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы, қысымды болдырмауға ықпал етеді. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызымет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығ мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Жақсы іс әріден бастау алады. Атап айтқанда, тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы қараша айындағы Жарлығымен осы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия дүниеге келді. Әйелдерді саясатқа, үкіметтік билік органдарына, экономикаға, бизнеске қатыстыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, сонымен қатар отбасындағы зорлық - зомбылыққа қарсы тұру. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері белгілі. Қазір қоғам болып ұстаз қауымының мәртебесін көтеруге күш салуда. Білім заңына да «ұстаз мәртебесі» деген арнайы бап енгізілді. Ұстаз адамның адам болып қалыптасуына ықпал жасайтын бірден бір маман. Осы орайда ұстаз еңбегінің бағалануы өте дұрыс. Бұл мен үшін зор құрмет. Қазір көп ата - ана «баланы киіндіріп, ішкізіп, ата - аналық міндетімді орындадым» деп ойлайды. Ал өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін ең басты, керек нәрсе ата - аналық жылылық екенін түсінбейді. Ата - ананың бала алдындағы басты парызы, киіндіріп, ішкізуден де бұрын - дұрыс тәрбие беруі. Ұрпақ тәрбиесінің жақсы болуы - елдің жарқын болашағының кепілі.

Егер отбасында бәрі жетіп тұрса әйел адам сырттан гөрі үйдің ішінің сәнін кіргізгені дұрыс қой. Әйел адам өмірге сәби әкеліп, соны жақсылап тәрбиелесе басты міндетін орындағаны дер едім. Рас Іскерлік, ақылдылық, білімділік жағынан алда тұрған әйелдеріміз баршылық. Бірақ көп емес. Сондықтан ер адамдардың оқбойы озып тұрғаны жарасымды да. Өзім гендерлік саясатты қолдамаймын.
Ұстаз бақыты шәкіртіңмен бірге қуана білу. Біз үшін басты марапат - ата - ана мен оқушының алғысы.
«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демей ме? Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытуда. Олар қандай қызымет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда.

Ұл тәрбиесі
Жас әкелерге арналған кеңестер ұсынып отырмыз. Кім де болса өзінің, атқа мінер, үйдің түтінін түтетер ұлының тәрбиелі болғанын қалайды. Сондай әкелерге арналған ұлдардың тәрбиесі жайында ой бөліспекпіз.
Ұл тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт - байлық, жаратушы екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керек екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керектігі, ел - жұрт, үлкен кіші, кәрі - жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел - жұртына қалай үлгі - өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият үйретіледі.
«Ұлым жақсы болсын десең, біліктімен ауыл бол» дейтін халық даналығына сай, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастаған соң, адамгершілігі жоғары, білімі терең жақсы адамдармен көрші болып, өнерлі, үлгі - тағылымды кісілермен жиі барыс - келіс жасап, ұрпақтарының тамаша үлгі – өнеге алып өсуіне тамаша шарт - жағдай әзірлеп береді. Арлы, адал, өнерлі, білімді азамат болып шығуға талпындырады, түрлі жиын - тойлар мен үлкен кіші ортасында әдепті, ибалы, тәртіпті, мәдениетті болуға, өзін дұрыс ұстап, жаман мінез, жағымсыз қылық көрсетпеуге дағдыландырады. Үлкен кіші ортасында бей - әдеп сөз сөйлеп, асып - таспауға, ашық – шашық жүгірмеуге үйретеді. Қай жерде жүрсе де, қандай қызмет істесе де кішпейіл, қарапайым, қажырлы болып, ер азаматқа лайық ерлік, серілік танытып, еркектік мінез, азаматтық тұрғыдан жазбауға жетелейді. «Еркек мінезді әйелден, әйел мінезді еркектен без» деп еркекте еркектік, әйелде әйелдік қасиет болуын дәріптейді.

Ұлдарды еңбекке тәрбиелеуде әр отбасы «еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «ерте тұрған еркектің бір ісі — ілгері«, «еңбек - бақыт, байлықтың атасы» деп ұрпақтары ес біліп, қолғабысқа жарай бастаған кезден бастап ерте тұрғызып, түрлі шаруаларды істетіп, жұмыстарға жұмсап тәрбиелей бастайды.
Ер балалардың 7 мен 10жас аралығын «қозы жасы» деп, бұл жастағы балаларға әр түлік мал мен оның төлдерінің бөгенайын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған. 10жастан 20жасқа дейінгі жасты «қой жасы», «қотан жасы» деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың «ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау» сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау, сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған. 20 жастан 30 жасқа дейінгі жасты «жылқышы жасы» деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел танып, жер танып, жылқының жиырмаа қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да батыр болу талабы қойылады. Ұрпақтарды жасына қарай талап қойып тәрбиелеу тәрбиенің жұғымдылығын арттырады. Ар - намысты, атақ – даңқты жеке басы мен өз мүддесін жоғары қоюдай ұлы мұрат, асқақ арман орнатуына тамаша негіз қалайды.
Бұл тәрбие ұл балалардың жауапкершілікке және қожайындық сезімі биелей бастайды. Мен отбасына, балалар мен аналарға, ел - жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады. Есейгенде ақыл - айла, күш - қайрат жақта ақаусыз есейіп, туған жерге, Отанға, халыққа мол үлес қосу санасын жоғарылатады. Әрқашан өздерін ел алдында ер азаматтық биіктен көрсетуге тырысатын намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып шығады.
Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні жүктеу
6 626
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектептегі гендерлік, ұлттық тәрбие беру жүйесі
Мектептегі гендерлік, ұлттық тәрбие беру жүйесі
Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басшылыққа алатын тәрбиедегі басты құндылықтар деп: Адам, Отбасы, Отан, Туған өлке, Денсаулық, Салауатты өмір салты, Еңбек, Білім және Мәдени мұра көрсетілген.
Мектепте гендерлік тәрбиелеуді ұйымдастыру жағдайлары
Мектепте гендерлік тәрбиелеуді ұйымдастыру жағдайлары
Еліміз егемендік алғаннан бергі уақыт ішінде қоғамда көптеген өзгеріс болды. Сол өзгерістер туғызған соны жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі.
Мақал туралы
Мақал туралы
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп
Жердің халқы, саны, тығыздығы, демографиялық саясат
Жердің халқы, саны, тығыздығы, демографиялық саясат
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 7 орта мектебінің география пәні мұғалімі Мысамбаева Гүлбаршын
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Тәуелсіз еліміздің айқын табысы
Тәуелсіз еліміздің айқын табысы
Жезқазған қаласы, №10 орта мектеп Наурызбаева Айнур Муханбедияровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×