Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Келешектің мектебі осылай болады деп еді...

03 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Келешектің мектебі осылай болады деп еді...
Ұлық ұстаздар қазақтың келешек мектебі мынандай болады деп еді...
Тәрбие хәкімі М. Жұмабаев:«Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе»- деген екен. Бұл қағиданы осы заманғы әлем мемлекеттері толық мойындаған. Кәзір ең сапалы білім мен тәрбие беретін мектептер қандай болу керектігін анықтап, бағыт - бағдарлық (концепция) нұсқауларды дайындауға бәйге жариялап бәсеке тігіп, сынақтан өткізіп құлшынып жатыр.

Кейбірі озық деп танылған ел мектептерінің үлгісін өз еліне әкеліп, тәжірибе жасап, өзіне оңтайлы нұсқасын тауып алу үшін әрекет жасаула. Бірері айтулы, танымал, озат мектептерге жас ұрпағын арнайы апарып оқытып, білім алып, өнер ұғып, тәлімге баулуға мүмкіндік жасау үшін дән - дәулетін, ақша - қаражатын аямай жұмсауда. Жеке меншікке қарасты болса да көптеген мемлекетте, шет тілінде оқытатын мектептер саны тым аз болуына қарамастан мемлекеттік қолдауға ие болып жұмыс жасауда. Осы төрт өрлеу бағытының алғашқысына ауыз толтырып айтарымыз жоқ болғанымен қалған үшеуіне берер жауабымыз бар сияқты. Алайда олардың жағдайы тым мақтананарлық емес.

Мысалы орыс тілінде оқытатын Қазақстан Республикасының мектептерінің саны әжептәуір екен.(1500?) Пән оқулықтарына таныссаңыз Қазақстан Республикасының қазақ тілінде оқытатын мектептерінің пәндерін орыс тіліне аударылған нұсқасы тәрізді. Тек осыны ескерсеңіз ол мектептер шет тілінде оқытын мектеп емес. Шет тілінде оқытатын мектептің басты міндетін мына мысалмен түсіндірейін. Мысалы, орыс тілінде оқытатан қазақстан мектебі Ресейдің ең озық, ең күшті, ең жаңа техника және технологиямен жабдықталған, дарынды да шебер кадрлармен жасақталған, мектебінің бағдарламасын, оқулығын пайдаланып, болатын болса ұстаздарын келтіріп, оқыту керек.

Ал, ағылшын тілінде оқытатын Қазақстан мектебі ағылшын тілінде оқытып тәрбиелеп жатқан әлемдегі ең озық, ең атақты, мектеп бағдарламасымен, техникалық құрал - жабдығымен, оқулығымен, оқытушысымен жұмыстайтын дәрежеде болу керек. Анығын айтқанда, шет тілінде оқытатын мектеп сол елдің озық оқыту технологиясын, методикасын, педогогикасы мен психологиясын көшіріп келу деген сөз. Бұл шет ел оқу - білім беру тәжірибесін оқып үйрену ғана емес, оның жетістігін өз елімізде сынап анықтау болады.

Мұндай мектептерді құру, орнату, жұмыстату оңай шаруа емес. Алайда, қолдан келмес, іске аспайтын, қияли арман да емес. Әлемде осындай мектептер баршылық. Ең қуанышты жері, кәзіргі кезде ондай мектептері бар елдің қайсысында да оның жан - жақты пайдалы, нәтижелі екендігі анықталуда. Біздің елде шет ел методикасын, оқулығын пайдаланып оқыту балалардың патриоттық сезімін жояды деген «педагогикасыз - ұлтшыл» көзқарас бар екен. Бұл әрине ғылыми негізсіз ұғым. Жалпы қазақ ақылмандары мен ұстаздары мектеп деп нені түсінген еді?

Киізтуырдықтылардың баулу жүйесінде, отбасы - адамзат ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға жатпайтын алтын діңгек, қасиетті өмірлік мектеп. Ұлық ұстаздар ойынша;
«Мектеп деп баланың (ересектердің) ақыл - парасаты мен ой - өрісін жетілдіретін тәлім - тәрбие алатын орданы, ошақты, ұжымды атаған.» Мәселен өмірлік мектепке отбасы, ошақ қасы, той мереке, ойын сауық алаңы, медресе - мектеп, еңбек мейрамы, ақындар айтысы жарыс дода алаңдары бәр - бәрі жатады.

Қазақта мұндай мектептер көп болған, кәзір де жұмыстап жатқандары баршылық: Ақсақалдар мектебі, Қарашаңырақ мектебі, әжелер мектебі, ана мектебі, жеңге жезде мектебі, т. б. Барлығына қойылатын талап мынау: балалардың, жастардың, ересектердің ақыл - парасаты мен ой - өрісін жетілдіруге, оларға дене және патриоттық, сондай - ақ, жалпы тәлім - тәрбие беруге асқын мүмкіндік жасалған, қайырымдылық пен мейірімділікке малшынған, жағдайлы жай - күйдің толық болуы. Ол - мәжбүрлеп білім беріп, тәрбиелейтін орын емес. Жәй - күйі, мүмкіндігі – шәкірттің өз бетімен ізденіп білім алып, тәрбиеленуіне жағдайы толық болуы тиіс. Ондай «мектептерде» кейде ұстаз да болмайды. (Шәкірттер бір - біріне ұстаз) Ыбырай атамыз: «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт - дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана - сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп, сонау заманда айтып көрсетіп, ескертіп түйіндеген екен.

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым - жазушы) 22. 06. 2019
Келешектің мектебі осылай болады деп еді... жүктеу
4 851
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орта білімді дамыту стратегиясына ұсыныс
Орта білімді дамыту стратегиясына ұсыныс
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өзжанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек келешегіміз үшін тайынбай – ақ серттесуге болады.
Ұстаздық ілім жетілмей, ұстаздық өнер өрге баспайды
Ұстаздық ілім жетілмей, ұстаздық өнер өрге баспайды
Мектептану ғылымының іргелі бір саласы - ұстаз ілімі. Ол мектептану ғылымына төмендегі проблемаларды шешудің ғылыми негізін анықтап береді.
Отбасы - тәрбие мектебі
Отбасы - тәрбие мектебі
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі: Сейітова Зергүл Қалиқызы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×